Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
а) Астана в) дәрігер с) түлкі д) көлік е) көбелек
2. Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.
а) ғарыш в) орман с) байлық д) құрлық е) үміт
3. Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.
а) әже в) жазда с) үй д) үлкен е) ел
4. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. Мыс
а) бір в) екі с) төрт д) үш е) бес
5. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
а) үйге в) талапты с) мектепте д) балалар е) ағаштікі
6. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а) у,е,о в) о,и,е с) ә,о,е д) о,а,и е) ы,і,ү
7. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.
а) машина, уақыт в) әдемі, ұстаз с) ұлан, маймыл
д) аққу, суық е) күзетші, мақсат
8. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
а) сұлу, жұқа в) таза, үн с) ән, ас д) мереке, үлгі
е) дәптер, мектеп
9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
а) көлдер в) қаламдар с) тауды д) жазушы е) баламен
10. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
а) сөз тіркесін в) тіл байлығын с) сөз мағынасын
д) сөз құрамын е) тіл дыбыстарын
11. Біріңғай жуан дауыстылы сөзді атаңыз.
а) келді в) пісті с) егін д) ыстық е) өмір
12. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
а) зерек, арман в) жаға, мақсат с) дала, бөлме
д) тау, сабақ е) жүрек, дән
13. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
а) дастархан в) тамыр с) тамаша д) арқар е) шам
14. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
а) дүниеқор в) жолдастар с) ескерткіш д) талапты е) көңілді
15. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а) а, ұ,ү в) а,о,е с) е,ө,ү д) у,і,ы е) у,и,і
16. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
а) достық в) тамыр с) балаша д) арқар е) шар
17. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
а) дүние в) жолдастікі с) естелік д) мұрағат е) көңілді
18. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтынын көрсетіңіз.
а) буын в) дауысты дыбыс с) дауыссыз дыбыс
д) екпін е) қосымша
19. Тек жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а) а,о,е в) е,ұ,ы с) ү,ы,э д) ә,ө,і е) і,ұ,у
20. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.
а) барамын в) жазды с) алды д) мектеп е) өмір
ІІ нұсқа
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар.
а) 12 в) 15 с) 42 д) 37 е) 9
2. Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
а) к,қ,с в) р,д,ғ с) м,ң,л д) б,в,г е) ж,д,ш
3. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
а) шығыс в) әділ с) ғарыш д) рухани е) қоғам
4. Тұйық, ашық, және бітеу буындары бар сөзді табыңыз.
а) жұмыс в) мереке с) сынып д) отбасы е) автобус
5. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
а) жазушы в) мектептер с) дәрісхана д) өнер е) орман
6. Қазақ тілінде неше дыбыс бар.
а) 37 в) 42 с) 9 д) 12 е) 25
7. ә,ө,і,ү,е дыбыстарының түрін анықтаңыз.
а) ашық в) жуан с) жіңішке д) еріндік е) езулік
8. Қ - әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
а) көрі...ті в) кө...тем с) кәсіп...ер д) бере...е е) бай...ау
9. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
а) Шалқарда в) ұлттар с) оқушының д) кереге е) сумен
10. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
а) Мектеп в) орман с) ғарышкер д) дәптер е) оқушы
11. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар екенін табыңыз.
а) 37 в) 42 с) 9 д) 12 е) 25
12. Тек дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а) а,ү,е в) р,м,н с) е,ж,ң д) қ,т,с е) а,б,л
13. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
а) б,д,е,г в) а,т,һ,о с) ч,п,ғ,у д) ә,к,ж,з е) м,н,ң,у
14. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
а) ана в) мектеп с) іні д) өрт е) көне
15. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
а) –тан,-ден в) –ған,-ген с) –дар,-дер д) –нікі,-дікі,-тікі е) –қа,-ке
16. Ы әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.
а) кәр... в) м...нез с) бөр...к д) д...мді е) жазғ...
17. Бір дауысты дыбысы бар сөздерді көрсетіңіз.
а) қыс,қар в) ілгіш,өрік с) аула,жылқы д) сабақ,лақ е) егін, шаш
18. Негізі жіңішке сөздерді көрсетіңіз.
а) Астана,Отан в) жыл,бақша с) көше,келін д) бор е) бақ,мейрам
19. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
а) мұра,орта в) дәстүр,жер с) бағыт,әлем д) қуат,тұлпар е) заң,заман
20. Бітеу буыннан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
а) қызық,жарық в) өмір,кітап с) жаңа,ескі д) тіл,кең е) жарыс,көрме
Тест сұрақтары
Фонетика
ІҮ нұсқа
1. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
а) іскер в) саяхат с) қайраткер д) қолғанат е) қуанышты
2. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын зат есімді көрсетіңіз.
а) үлкен в) дәмді с) қысқыш д) әдемі е) жабайы
3. Біріңғай жуан дауыстылы сөзді атаңыз.
а) келді в) келін с) егін д) ыстық е) кішкентай
4. Ң әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
а) ө...нер в) мі...дет с) қо...ақ д) а...шы е) оры...дық
5. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.
а) машина,уақыт в) әдемі,ұстаз с) ұлан,маймыл д) әдемі е) жабайы
6. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
а) п,ф,т,ш,х в) в,г,ғ,к,ш с) з,е,л,м,н, д) р,м,п,ф е) с,м,р,п,г
7. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
а) семіз,үлкен в) күшті, алып с) тәтті,дәмдә д) тұзды,қатты е) кішкентай
8. Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.
а) қыста в) әке с) үй д) әдемі е) ел
9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
а) баламен в) жолдастар с) ескерткіш д) талапты е) көңілді
10. Үндестік заңына бағынып тұрған сөзді табыңыз.
а) Асанмен в) еңбекқор с) оқушыға д) дәріхана е) Айжандікі
11. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а) ы,і,ү в) о,е,и с) о,а,и д) ә,о,е е) у,е,о
12. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
а) д в) қі с) р д) у е) в
13. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
а) жүрек,дән в) жаға,бақыт с) тас,хан д) зерек е) арман,дала
14. Үнді дауыссыз қатарын көрсетіңіз.
а) к,қ,ш,т в) р,и,з,ж с) л,м,р,й д) й,ғ,и,д е) ж,б,г,з,д
15. «Құрт» сөзі буынның қандай түрінен жатады.
а) төрт дыбысты бітеу буын в) екі дыбысты бітеу буын
с) төрт дыбысты ашық буын д) үш дыбысты ашық буын
е) төрт дыбысты тұйық буын
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны анықтаңыз.
а) –ға,-ге в) –ды,-ді с) –шы,ші д) –паз,-нікі е) –дан,-ден
17. Біріңғай бітеу буындардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
а) сәби,бота в) әңгіме,баға с) бірлік,жұмбақ
д) намыс,жолаушы е) ереже,оқушы
18. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
а) 1 в) 2 с) 3 д) 9 е) 12
19. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
а) кейінді ықпал в) жалғаулар с) буын үндестігі
д) дыбыс үндестігі е) ілгерінді ықпал
20. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
а) а,ғ,ө,ғ,ұ в) а,о,ұ,ы с) о,ө,ұ д) і,ы,е,а е) а,о,ы,і
Тест сұрақтары
Фонетика
Ү нұсқа
1. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.
а) май в) қыс с) біз д) із е) әдемі
2. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
а) т,у,й в) б,в,г с) н,ч,ұ д) м,р,л е) ә,п,ц
3. Қ- әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
а) көрі...ті в) ...өркем с) ...өктем д) ...арбыз е) көйле...
4. Жуан буынды сөзге жалғанатын қосымшаны көрсетіңіз.
а) -ды,-ты в) -дің,-дің с) -лер,-тер д) –ді,-ті е) –дан,-ден
5. Буын үндестігін сақтап жазған сөзді табыңыз.
а) әсемпаз в) сәнқой с) балгер д) көңілді е) әкетай
6. Қазақ тілінде буын түрлерінің санын көрсетіңіз.
а) 5 в) 2 с) 4 д) 1 е) 3
7. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
а) сұлу,жұқа в) кісі,ал с) ас,ат д) үлгі,аула е) дәптер,мектеп
8. Жіңішке дауыстылардан тұратын сөзді көрсетіңіз.
а) кітап в) қисық с) сынып д) береке е) баланікі
9. Буын атауларының қатарын көрсетіңіз.
а) қысаң,ашық,жуан в) тұйық,үнді,әріп с) ұяң,дауыссыз
д) ашық,тұйық,бітеу е) дыбыс,әріп,ашық
10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар.
а) 42 в) 9 с) 12 д) 25 е) 37
11. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
а) нан в) жаз с) біз д) көз е) құлақ
12. Бітеу буыннан тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз.
а) отау,бақыт в) құс,тас с) саналы,өнерлі
д) бүгін,кеше е) алыс,жақын
13. Буын үндестігін сақтап жазылған сөзді көрсетіңіз.
а) оқушымен в) үйдікі с) әсемпаз д) оқушының е) әкетай
14. Қақақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар нешеу.
а) 42 в) 25 с) 9 д) 5 е) 4
15. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбысты көрсетіңіз.
а) ң в) ғ с) і д) ә е) қ
16. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
а) Шалқарда в) ұлттар с) оқушының д) кереге е) сумен
17. Жіңішке буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) білім күні в) күн с) алғашқы қоңырау д) кереге е) кітап
18. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
а) Шалқарда в) Асандікі с) балалық д) мешіт е) үйге
19. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
а) –ны,-ні в) –тар,-тер с) -кер,-гер д) -тың,-тің е) –да,-де
20. Дауысты дыбыстардың ерін қатарына қарай түрлерін анықтаңыз.
а) шұғыл,ызың в) жуан,қатты с) ашық,қысаң
д) еріндік, езулік е) жуан, жіңішке.