Ашық сабақ. Дәмді тамақ 5 класс.Қазақ тілі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


5в класс. Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дәмді тамақ 
Сабақтың мақсаты: 1. Модул
бойынша білімдерін пысықтау, қазақ тіліндегі сын есім, септік жалғаулары туралы түсініктерін қалыптастыру
2. Танымдық қызығушылықты дамыту.
 
3. Оқушыларды асты қадірлеуге, өздерін дастарқан басында дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
 
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
 
Сабақ түрі: аралас сабақ.
 
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі.
 
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
 

Сәлем саған алтын күн, сәлем саған мектебім

Сәлем,саған достарым салематсызба ұстазым!

Оқушыларды топқа бөлу.Түстер арқылы.Қызыл,жасыл,сары.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 70-бет, 5-тапсырма. Берілген сөздерден сөзтіркесін құрап,бір сөзге сөйлем құрау.

«Серпілген сауалдар» әдісі бойынша өтілген тақырыптарды қайталау.
- Тамақтанбас бұрын не істеу керек?
 
- Үстел басында қалай отыру керек?
 
- Нені айтуды ұмытпа?
 
- Тамақты қалай ішу керек?
 
- Тамақтанып болған соң не істеу керек?

Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

Ашық буын қалай жасалады?

Тұйық буын қалай жасалады?

Бітеу буын қалай жасалады?

Егер сөз қатаң дауыссыз дыбыстан болса,қосылатын қосымша қандай дыбыстан басталады?

Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?

Синоним дегеніміз не? Мысал келтір

Антоним дегеніміз не? Мысал келтір
І топ
 
Қымыз қалай дайындалады?
 

ІІ топ
 
Шұбат қалай дайындалады?
 
Жаңа сабақ:
 
Сөздікпен жұмыс:
 

Сөздерді тізбектеп оқу, сөз тіркесін құру, бір сөзге сөйлем құрау.
жұмыссыз – без работы, без дела
 
татып көру – попробовать
 
дәмсіз – невкусный
 
қалған – оставшийся
 

Шөп тасу-перевозки сена

Сорпа-суп
«Барлық білім- кітапта»

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма.Мәтінді оқу, аудару.
Түскі тамақ пен кешкі тамақ
 
Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішер уақытта шешесі етті сорпа әкелді. Бала сорпаны татып көрді де: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», - деді. Шешесі айтты: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп беремін» - деп. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы әкесіне көмектесті. Кешке шаршап, үйіне келді. Кешкі тамаққа шешесі түстен қалған сорпаны, нанды дастарқанның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да: «Түстегі сорпадан мына сорпа дәмдірек екен» - деді.
 
Сонда шешесі: «Бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған сорпаның дәмді болғаны – сен түстен кейін жұмыс істеп шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде бос отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді» - деді.
 
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Ол тапсырманы ораныдау үшін «сиқырлы сандықша» әдісін қолдану. Сандықшада оқушылардың аты жазылған қағаздар болады бір оқушы суырады,сол оқушы сұрақтарға жауап береді.

  1. Баласына сорпа неге дәмсіз болып көрінді ? 
    2. Шешесі баласына не айтты ?
     
    3. Бала әкесімен қандай жұмыс істеді ?
     
    4. Қалай ойлайсыңдар, кешкі тамақтың сорпасы неге дәмдірек болды ?
     

    3-тапсырма. Тақтамен жұмыс.Сөйлемдердегі сөздердің тиісті жалғауларын қойып ,буынға бөліп жазыңдар.
     Буын түрін ажыратыңдар.
    1. Бала сорпа... татып көрді.
     
    2. Баласы әкесі... көмектесті.
     
    3. Бала кешке шаршап үйі... келді.
     
    4. Бұл түстегі сорпа... қалғаны еді.
     

Сабақты қорытындылау. Ия,жоқ кестесін толтыру.Тамақтанудағы қателіктерді табыңдар. 



«Сұрақты ұстап ал» ойыны:
қазақ халқының тыйым сөздерін толықтырып айту.
бағалау.
 Әр топ бір бірін бағалайды.

Үйге тапсырма: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында шағын шығарма жазу