Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» КММ Мерзiмі: 27.09.2016ж. Мұғалiм : Маликова Н.Р Сынып 8 «б» Оқушылар саны :17 Тақырып: Мақсат – жетістік желкені Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер : білімпаздылық, ынта-жігер, еңбекқорлық Сабақ мақсаты:Оқушылардың ө

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» КММ

Мерзiмі: 27.09.2016ж.

Мұғалiм : Маликова Н.Р

Сынып 8 «б»

Оқушылар саны :17

Тақырып: Мақсат – жетістік желкені

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер : білімпаздылық, ынта-жігер, еңбекқорлық


Сабақ мақсаты:Оқушылардың өміріне мақсат қоюларына ықпал ете отырып, дұрыс әрекетке бағыттау.

Міндеттері:

  1. Білімпаздық туралы түсініктерін кеңейту

  2. Мақсатқа жетуде ынта-жігер іскерліктерін дамыту

  3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, интерактивті тақта,слайд.

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi.Амандасу.Түгендеу.5 Тережесінеске салу

Тыныштық сәтi.

Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.Түгендеу Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:ең әуелі ниет керек, одан соң тәртіп керек» -деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқан екен. Олай болса 5 Т ережесін еске түсіріп сабағымызды бастайық.

Қоржындағы сары, жасыл, қызыл түсті жүрек стикерлерін қарамай алып, 3 топ болып отыруларын сұраймын.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Қандай әсер алдыңыздар?


Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 24 - ші беттегі «Өмір тағылымы» аңыз - әңгімесін оқып келу берілген.

-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

Біріншісі:

- Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме ризамын, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да сенімді, - дейді.

Сонда екіншісі:

- Егер сенің айтқаның дұрыс болса, адам «Түйе көргенінен жазбас» дегендей, бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, - деп дауласа жөнелді.

- Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:

- Өткенің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа ізгі мақсат қойып, өміріңнің әр сәтін осыған арнасаң ғана, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың».

Сұрақтар:

  1. Әңгіме не жайлы?

  2. Адамның өткен күнінде алдына қойған мақсаттарына жету үшін не істейді?

  3. Адамның болашақты болжауда қандай қасиетті байқадың?

  4. Адамның өз мақсатына жетуде қай кезең қолайлы?

  5. Өз болашағынды жоспарлаған кезің болды ма?

  6. Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін не істедің?

Ескерту

3 мин


2 мин
















































7мин






















Дәйексөз.

Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз; болашақ - біздің мақсатымыз.


Блез Паскаль

Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл—Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі.


Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.

Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.

  1. Неге автор өткен күнді амалдарға теңейді?

  2. Мақсат біздің бойымызда қандай қасиеттерді оятады?

  3. Қазіргі кезде өзіңе қандай мақсат қойдың?


5 мин

http://bilim-all.kz/



http://bilim-all.kz/figure/117?posts=quotes


Оқиғаларды әңгiмелеу

Кәдірбек Сегізбай:

Құмға салған сурет


Әке-шешеден ерте айрылған жетім бала тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйемен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу. Болмаса қашау, бәкісін ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.

«Бала, әкең Қастей марқұм үндемей қой соңынан ергенді ғана білетін момын кісі еді. Мынауың бір біз білмеген де, кәсіп қып айналысып көрмеген де өнер екен!» деді, бір күні Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көргенде Түргенбай дейтін қарт ұста.

Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді.

Өнерді өрге бастыру үшін өмірді тану керек. Білімсіз адамның өрісі – тар, құлашы – қысқа, сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, – деген еді бірде ол. Осы сөз оның алдынан бақыт шырағы болып жылтырады. Бірақ жұрт қатарлы оқуға күш қайда? Әрбір әріпті әркімнен сұрап, онысын құм бетіне жазып жүріп-ақ бірер жазда жазып, оқуды меңгерді. Ол үшін жаңа өмірдің есігі ашылды. Білсем, үйренсем деген құштарлық барған сайын арта түсті.

Ақыры ол бір кеште өгізге жайдақ мініп, Сағымбек қартқа тартты. Елге аты шыққан шежіре қарт жөн нұсқар деп ойлады.

Ұланым, тай сұрай келдің бе, тон сұрай келдің бе? – деді шежіре амандықтан соң.

Ата, жөн сұрай келдім. Оқысам, білсем деген талабым бар, бірақ жетімдіктің тұсауы жібермейді. Не істесем болады? – деді Әбілхан. Шежіре қарт бір сәт сақалын саусағымен салалап, ойға батты.

Япырым-ау, осынша жасқа келгенше, мұндай сауалмен алыстан келген баланы көрмеп едім. Шешінші өзің, – деді бір кезде.

Көп ұзамай-ақ жас Әбілхан шежіренің ақылымен және берген азын-аулақ қаражатымен ауылдан Жаркентке келді.

Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Талай-талай кедергілерге жолықты. Ата-баба айналысып көрмеген өнерге жол табу оңай болған жоқ. Сонау 1929 жылдары өнер іздеп, оқу іздеп Алматыға келгенде де хат танудан әрі білімі жоқ жігітке оқу табыла қоймады. Тек атақты суретші Николай Гаврилович Хлудов өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркемсурет өнерінің әліппелік заңдарын үйретті...

Сол бала Әбілханның қазақтың сурет өнерінің ең басында тұратын, атақты суретші Әбілхан Қастеев атанарын ол кезде ешкім де ойламаған еді. Құмға сурет салудан бастаған балалық талап үлкен өнерге осылайша жол салды.

Сұрақтар:

  1. Әбілхан жас кезінде немен шұғылданды?

  2. Түргенбай қарт Әбілханды қалай қолдады?

  3. Шежіре қарт Әбілханға қандай көмек көрсетті?

  4. Әбілхан Қастеевке суретшілік өнерді кім үйретті?

  5. Жетістікке жетуге қандай қасиеттерді Әбілханның бойыннан байқадын?

  6. Әбілханның өмірін өзгертуге бағыттауға түрткі болған не?

  7. Өзіңнің мақсатыңа жету жолында не істейсің?

9 мин


http://adebiportal.kz/news/k-d-rbek-seg-zbay-m-a-sal-an-suret/


Кастеев Абильхан (1904–1973 гг.)





  1. Шығармашылық іс-әрекет.


Оқушыларға «Бүгіннен—жарқын болашағыма!»атты

(шыңның суретін беріп), өз мақсаттарына жету жолдарын көрсетуді сұрау


10 мин

А4 формат беттер, маркерлер тарату,.

  1. Топпен ән айту.Сарын тобы - Бір үйдің баласындай

Алға ұмтыл тек алға

Алда қойған мақсатқа

Қол соз, еш тайынба сен

Атқан әрбір ақ таңға

Үміт, міндет арқала

Қол соз армандарға сен


Болашақ жарқын болсын

Бірлікпен орта толсын

Жетелейтін бізді тек алға,

Бәріміз бірге...

Қ- сы.

Бір үйдің баласындай

Қол ұстас саптан қалмай

Жылжимыз сонда тек алға, бәріміз бірге

Бір үйдің баласындай

Бірлігімізді сақтай

Жылжимыз сонда тек алға, бәріміз бірге...

2) Алға ұмтыл тек алға

Жаңа белестер алда!

Шыңнан шыңға биікте

Бөленген күн нұрына

Әркез бол сен тек алда

Елім бақытты мекен

Болашақ жарқын болсын

Бірлікпен орта толсын

Жетелейтін бізді тек алға,

Бәріміз бірге...

Қ- сы.

Бір үйдің баласындай

Қол ұстас саптан қалмай

Жылжимыз сонда тек алға, бәріміз бірге

Бір үйдің баласындай

Бірлігімізді сақтай

Жылжимыз сонда тек алға, бәріміз бірге...


3 мин
















http://songspro.ru/17/Saryn-toby/tekst-pesni-Bir-uydin-balasynday

  1. Үй тапсырмасы.


Қадыр Мырзалиевтың «Мақсат»атты өлеңін жаттау

2 мин

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.


Баяу әуен қосу

Балалар көзімізді жұмып, терең тыныстап, осы бүгінгі сабағымызды ой-елегінен бір өткізіп алуға шақырамын. Алдарыңа қойған мақсаттарыңызды елестетіп, тағы жету жолдарын ойластыруға шақырамын.Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет, сау-саламатта болайық.


1 мин











Келісемін __________ Бекітемін ____________

Оқу ісінің меңгерушісі №3 Күршім гимназия

Нуриманов Ж.А. директоры Шакерова Г.С.

. «___» _____ 2016ж. «___» _____ 2016ж.














Мақсат-жетістік желкені.




















Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы:8 «б»

Пән мұғалімі: Маликова Н.Р






2016-2017 оқу жылы.