На тему Инновационные технолоии

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқыту әдістері мен тәсілдері


1960 жылдарда шетел зерттеушілері «Педагогикалық технологиялық» терминін енгізді. Педагогикалық технологиялық – бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынастырушы құрылым.

Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамытуда жан – жақты терең білім беру технологиясы сараланып ұсынылды:

Ізгілендіру (тұлғалық – гуманистік) технологиясы негізін салушы Ш. Амонашвили. Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату.



[pic]

Ізгілендіру

Ақпаратты

оқыту

Саралап, даралап

оқыту

Дамыта оқыту

Тірек белгілері арқылы оқыту

Мәселелік оқыту

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]































Мәселелік технология

Мақсаты: баланы өз бетімен ізденуге үйретуге, танымдық, шығармашылық икемділіктерін дамыту. Мұнда оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Балаға білімге деген қажеттілікті ұғына отырып мақсатты білім беру.

Тірек белгілері технологиясы. Негізін салушы В. Шаталов. Мақсаты: барлық баланы қамту, оқытуды жеңілдету.

Саралап оқыту технологиясы білімнің базалық деңгейінің барлық оқушыға міндеттілігі, тапсырманың саралануы, тапсырманың оқушы күшіне ыңғайлануы.

Оқыту деңгейлерінің түрі:

Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меғгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп өзі үшін жаңалық ашады. Эврика! Анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде сөзжұмбақ, ребус құрастыру, зертханалық жұмыс жүргізу, эвристикалық сқрақтар болуы қажет.

Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпта өз бетімен баяндама, өлең жұмбақ жергілікті жердің сұлбасын құрастыра білуі қажет.

Ақпараттық технологияның анықтамаларын Л.В. Луцевич, Ш.Х. Құрманалина, Ж.А.Караев, Н.Ф. Талызина т.б. көрсетті. Ол мазмұндық талдау 2 тәсілмен анықталады. Бірінші – оқытудың ақпараттық технологиясы – оқыту әдісі, ал екінші – ақпараттық жабдықтарды оқыту процесінде пайдалану. Оқушының салауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Ақпаратты білім берудің дәстүрлі тәсілдері – ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралмен байлытылады.

Дамыта оқыту технологиясы (Д.Б. Элконин, В.В.Давыдов)

Мақсаты: балаларды дамыту (жан – жақты) өз бетімен ойлауға, әрекет ете алуға үйретуді балалармен ынтымақтастыққа іске асыру.













Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, тедекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үдерісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты:

«оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық тиімді араластыру» болып табылады.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Компьютерлік бағдарламаланған оқыту бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология.