Қазақ әдебиеті
6 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға ақын өмірі туралы мәлімет беру; «Адамдық борышың» өлеңін оқып, талдау, «борыш» деген не екендігін ұғындыру;
дамытушылық: өлеңді оқи отырып, ой – өрістерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын арттыру, сөздік қорларын байыту;
тәрбиелік: өз халқын, жерін сүйетін адал да ардақты азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап, оқыту
Көрнекіліктер: Шәкәрім портреті, ҚР – ның картасы, кесте, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, жаңа өмірмен байланыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын бақылау
2. Сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрап, өткен сабақты қорыту
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, біз бүгінгі сабақта Ш. Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін өткелі отырмыз. Ең әуелі сендер «борыш» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ш. Құдайбердіұлы өмірінен мәлімет
Кесте арқылы түсіндіру
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырлар, «Жастарға», «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ – Айсұлу» поэмалары, т. б.
Шәкәрім -аудармашы
Батыс әдебиетін молынан игерген. А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін поэма етіп, қазақ тіліне аударған.Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарының шығармаларының көпшілігін қазақ тіліне аударды. Мысалдар да жазған.
Шәкәрім -қажы
Ел тану, жер тану мақсатымен қажылыққа барып қайтады. Бұл сапар оның ой –өрісін кеңейтуге үлкен әсерін тигізеді.
1931 жылы нақақтан қайтыс болады.
Картаға қарай отырып, ақын өмірімен байланысты жерлерді көрсету: Шыңғыстау, Семей, Саятқора
«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
Негізгі тақырыбы – адамзат міндеті. Идеясы – артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Адамның борышы – халқы үшін адал еңбек ету, арын сақтап, оқып, білім алып, өнер үйрену. Мақтанға салынбай, тек қана атақ, даңққа ұмтылмау керек. Өз басыңның қамын ғана ойламай, дүниеден өткенше, болашақ үшін бар білгеніңді үлгі етіп қалдыруды аманат етеді. Шын бақыт осы екендігіне ерекше тоқталады.
Өлеңді оқушыларға оқыту
Түсініксіз сөздердің мағыналарын ашу
Мансап – атақ, даңқ
Нәпсі – жаман іс
Тұл – ештеңесі жоқ
Ғибрат – үлгі
IV. Сабақты бекіту
1.«Адамдық борышың» өлеңін оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?
2. Абайдың қандай өлеңдерімен ұқсас жерлері бар?
V. Үйге тапсырма
1.«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
2.«Менің борышым» тақырыбында шығарма жазуға дайындалу.
VI. Бағалау.