Айналамен танысу. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 деңгей

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1-сабақ. І тоқсан. 05-15/01

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған дүние (әлем). Ө.Қ.Н.

Мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын

заттар туралы түсінік беру.

2.Әсемдікке баули отырып, логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін

дамыту.

3.Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген құштарлығын

арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: түсіндіру, көрсету.

Көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

  • тәрбиеленушінің сабаққа дайындығын тексеру;

  • сабақ мақсатын анықтау;

Өзімді жақсы көремін,

Сені де сыйлаймын.

Бүгін, ертең,

Жақсылық болсын!

1-күн. Бізді қоршаған дүние.

Тақырыпты оқи отырып түсіндіру. Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?

Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

Әлем – дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар

- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

- Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?

- Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?


2-күн. Табиғаттың жансыз денелері.

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. Фильм көрсету. табиғаттың жансыз денелері туралы түсінігін тиянақтау.

Неге оны жансыз денеге жатқызғаныңды түсіндір. Оқушылардың өз пікірлерін дәлелдеуіне жағдай жасау.


3-күн. Табиғаттың жанды денелері.

Бала жансыз және жанды табиғатты суреттен атап көрсетіп,ол жөнінде түсінгенін айтады. Бала үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды. Көрсетілген суреттерге мұқият қарай отырып,жанды,жансыз табиғаттың байланысы туралы әңгімелейді.

Өлең жолдарын өзі айтып, қимылмен көрсетеді.

Жансыз табиғат өспейді,көбеймейді.

Жанды табиғат көбейеді,өседі.

Сұрақтарға жауап қайтара отырып,алған білімдерін бекітеді.


4-күн. Адам қолымен жасалған денелер.

Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы. Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру.

Ойын. «Ажырата біл!». Ойын барысыңда мұғалім тірі және өлі табиғат заттарын араластырып айтады. Өлі табиғатты атағанда оқушылар қол соғу керек. Сонан кейін оның неге өлі табиғат екенін дәледдейді.

Оқулықпен жұмыс. 1) Оңдағы суреттер мен тапсырмаларды пайдалана отырып, адам қолымен жасалған заттар туралы мағлұмат беру. 2)Баланың өмір төжірибесімен байланыстыру. Бала сынып ішіндегі заттарды атап, олардың бәрінің де адам қолымен жасалғанын айтады. Сол заттардың табиғаттан алынғанын дәлелдеуге жағдай жасалады. Мәселен, парта неден жасалған? Ағаш қайда өседі? Адам партаны не үшін жасайды? т.б.



5-күн. Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?

Қорытындылау:

Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғат құбылыстары деген не?

-Табиғат заттарына нелер жатады?

-Табиғи нешеге бөлінеді?

Оларды ата.

-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:

Дәптермен жұмыс. Кітаптағы тапсырммаларды дәптерде орындау.


Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға – солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!


Бекіту кезеңі: Біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.

Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік. Бекіту мақсатында қоршаған ортаның суретін альбомға салу.



































2-сабақ. І тоқсан. 08-12/02

Сабақтың тақырыбы: Жануарлары әлемі

Мақсаты: 1. Логикалық ойлау қабілеттерін жоғарылату.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

2. Жеке тұлғаны психологиялық жағынан белсендендіру, сенімсіз жағдайдан

және қысылу сезімінен арылту.

3. Балаларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру, олардың

айырмашылықтарымен, пайдасын айтып түсіндіру.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, ойын сабақ. дамыту сабақ.

Көрнекілігі: Суреттер, релаксацияға әуен, бояу.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Сәлемдесейік иіліп

Жылы жүзбен жымиып

Қызығы мол сабақта

Ойнай ықта күлейік.


1-күн. Релаксация «Тыныштық әлемінде».

Мақсаты:Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.

Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос қоямыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет, өте тамаша, бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ-қолымыз түгелдей дем алып жатыр. Мен осы әлемде еріп жұмсақ жылылыққа айналып бара жатқандаймын.Мен өзімнің жеңілдегенімді сезіп көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын.Айнала өте әдемі. Алыстағы өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Бұлттарға көтерілуге болады. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегімде қуанғаннан алып-ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті тоқтар емес, тоқтай алар емес.Маған өте жайлы және қолайлы. Мен сабырлымын және керемет дем алып тыныштық әлемінде ұшып жүрмін.Барлық табиғат сайраған құс, жүгірген аң, жәндіктерде бәрі-бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы, керемет. Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.

Балалар релаксация бойынша алған әсерлерін әңгімелейді.


2-күн. Үй жануарлары.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.

Жұмбақтар жасырылады.

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой.)

  1. От басында құмған,

Екі көзін жұмған. (Мысық.)

  1. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-да шу. (Түлкі.)

  1. Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір күшті. (Арыстан.)

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе.)

Түйенің төлі - бота

Жылқының төлі - құлын

Сиырдың төлі - бұзау

Қойдың төлі - қозы

Ешкінің төлі - лақ.-деп аталады.Үй жануарлары бізге ет, сүт береді.Жылқы малын ертеде көлік ретінде пайдаланған.Олардың адам баласына пайдасы зор болып табылады.


3-күн. «Алақан жылуы» тренинг.

Мақсаты: Алақан жылу арқылы топ мүшелері бір-біріне жақсы сөз айта білуге және сол сөздерді сездіре білуге дағдыландыру.

Өту барысы:Ойынға қатысушылар бірінің үстіне бірі алақандарын қойып жақсы сөздер айтады.


4-күн. Логикалық тапсырмалар орындату

Мақсаты: Балалардың зейінінің қолайлығы мен шұғырлануын жаттықтығуы, талдау және топтау дағдыларынының қалыптасуы, образды –логикалық ойлау қабілеті мен көзбен көру қабылдау қабілетінін дамуы, сөйлеу - логикалық есте сақтау қабілеттерін, тапқырлықтарын, шапшандықтарын жаттықтыру.

1)Артық затты тап

а)


[pic] [pic] [pic] [pic]


Бұл суретте инелік артық. Себебі инелік жануар емес, ал қалған мысық, күшік және ешкі бұлар үй жануарлары. Осылайша қалған суреттердегі артықтарды тауып себебін түсіндірулері керек.

ә)

[pic] [pic] [pic] [pic]


б)

[pic] [pic] [pic] [pic]

2)Жануарлардың атауларын қатесіз жаз.

Жылқа, сыир,потақан, қожы, ешки.

Қаскыр, айу,арыштан,түлке,жолбарыш

3)Жануарлардың төлдерін тап.

Қой бота

Ешкі құлыншақ

Түйе бұзау

Жылқы қозы

Сиыр лақ

4)Түсіп қалған әріпті қой.

Си . р, жо . бар . с, е . кі, қас . ыр, жы . қы, қош . қа. , қо . н.

Сергіту сәту

Бойды бүкпей тік ұста

Еркін тұрып тыныста.

Жай он қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Он шақты рет қайтала.

5-күн. Қортындылау.

Ермексаз терапиясы.

Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикаларын дамыту,өздеріне деген сенімділіктерін жоғарылату.

Өту барысы:Балалар ермексаздан түрлі жануарларды мүсіндеп, неге осы жануарды мүсіндегендігін және сол жануардың ерекшеліктерін әңгімелейді.

«Келесі кездескенше» ойыны

Мақсаты: Жеке тұлғаны психологиялық жағынан белсендендіру,өз ойын еркін және сенімді жеткізе алуын жоғарылату.Сабақ барысында алған білімдерін ортаға сала отырып,бір-біріне тілектер айту.Өз көңіл-күйлерін бейнелей алуларын қалыптастыру.





3-сабақ. І тоқсан. 07-11/03

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер

Мақсаты: 1. Өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа

бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру. Қосымша материалдарына сүйене отырып, оқушылардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту.

2. Іздендіру тапсырмалары арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін

жетілдіру, іздену қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. 3. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы, пайдасы туралы мағлұмат бере отырып, оны қорғауға тәрбиелеу.Әдісі: түсіндіру, көрсету, ойын сабақ. дамыту сабақ.

Көрнекілігі: Өсімдік топтарын бейнелейтін суреттер.

Сабақтың барысы:

Тренинг: «Амандасу.Тілек тілеу»


1-күн. Жаңа тақырыпты меңгеру.

«Өсімдіктер» тақырыбы бойынша мәліметтерді оқушыларға бөліп беру. (1-2 сөйлемнен)

1.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаштар, бұталар, шөптер)

2.Ағаштар мен бұталар қайда өседі? (орманда, бақта, саябақта)

3.Ауыл мен қала көшелерінде қандай ағаштар сән беріп тұрады? (қарағаш, тал, жөке, қайың, емен).

4.Гүлдерге нелер қонады? Не үшін қонады?

5.Шөптектес өсімдіктер қайда өседі? (барлық жерде)

6.Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер. (бақбақ, қоңыраугүл, қызғалдақ, бәйшешек).

Бала сұрақтарға жауап береді.

Жауаптарын топтастырады: «Шөптер», «Бұталар», «Ағаштар». Ортақ.


[pic]

2-күн. «Сәйкестендіру».

Шөптер:

Бұталар:

Ағаштар:

Неліктен ағаш, бұта, шөп?

Ағаштардың ең басты ерекшеліктері: биік, діңі бар, бұтақтары, сабақтары мықты, жуан

Бұтаның басты ерекшеліктері: ортақ діңі жоқ, бойы аласа, сабақтары жіңішке

Шөптесін өсімдіктердің басты ерекшеліктері: бұтақтары болмайды, сабақтары жұмсақ, олар кез келген жерде кездеседі.

-Тілектес ауылында қандай өсімдіктер өседі?

Мектеп ауласында қандай өсімдіктер өседі? Қарағаш қанша? Қайың қанша? Бөртегүл қанша? Қарағай қанша? Қарақат қанша?

Сергіту сәті

Ағаштарды атағанда – бала қолдарын жоғары көтереді. Бұталарды атағанда – қолдарыңды белдеріне қояды. Шөптерді атағанда – қолдарын шапалақтайды.

Емен, қарақат, раушангүл, қайың, бәйшешек, шырша, қоңыраугүл, жусан.


3-күн. Электрондық оқулықпен жұмыс. Слайд тамашалау.

Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны туралы электрондық оқулықтан видиоматериал көрсетіледі.

- Өсімдіктер адамға не үшін керек?

(Таза ауа, тамақ, баспана, көлеңке, денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, мейірім)


4-күн.«Экологиялық ережелерді» құрастыру.

А) Гүлдерді бекер жұлма

Б) Дәрілік өсімдіктерді дұрыс жина

В) Шөртерді аяқпен таптама

Г) Бұтақтарды сындырма

Д) Ағаштардың қабықтарын зақымдап алма

Бала білімдерін тиянақтап «Өсімдіктер» тақырыбы бойынша экологиялық ережелер құрастырады, постерге суреттерін салады.


5-күн. “Миға шабуыл” стратегиясы.

1) Өсімдіктер қандай үш топқа бөлінеді?

2) Біз оларды неге табиғаттың жанды денелері дейміз?

3) Өсімдіктер өсу үшін не қажет?

4) Ағаштардың қандай пайдасы бар?

5) Ағаштың бұтадан айырмашылығын айт?

6) Өз үйіңнің маңайында қандай өсімдіктер өседі

Сүрақтарға жауап беріп, қортындылау. Өсімдіктер суретін салғызып, не үшін осы суретті салғанын айтқызу.
































4-сабақ. ІІ тоқсан. 04-08/04

Сабақтың тақырыбы: Заттардың адам өміріндегі маңызы.

Не неден жасалады?

Мақсаты: 1. Заттардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

  1. Балаларға адам өмірінде қолданылатын заттардың неден жасалғаны,

маңыздылығы туралы түсінік беру.

  1. Тұрмыстық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  2. Тұрмыстық бұйымдарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі тұрмыстық техника бейнеленген суреттер.

Сабақтың барысы:

1-күн. Заттардың адам өміріндегі маңызы.

Балаларға жаңа оқу іс-әрекетінде тақтадағы сурет арқылы адамдардың тіршілігіндегі, күнделікті өмірде қолданылатын заттар туралы болатынын айтып өтемін.

Ол заттардың барлығын адам өз қолымен жасайды. Оларды біз табиғатқа жатқыза алмаймыз. Әрбір затты жасау үшін адамдардың білімі мен еңбегі қолданылады, сол үшін бізді қоршаған барлық заттарға қамқорлықпен қарауымыз керек. (Мыс:үй үлкен, кіші. Кірпіштен, ағаштан жасалған. Жаңа-ескі. Машина т.б) Ал, сен білесің бе ойыншықтарыңның неден жасалғанын? Жұмсақ ойыншықтар жасанды теріден немесе матадан, ал кейбіреуі металдын, пластмассадан немесе әйнектен жасалады.

Балалар суреттегі заттарды атап, олардың неден жасалғананын, не үшін қажет екенін айтып өтеді. Ойыншықтарға қарап, қайсысы жүннен, пластмассадан жасалғандығын ажыратады


2-күн. Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма: Балақай, қараршы, резеңкеден жасалған заттар бар екен: доптар, секіртпе, резеңкеден жасалған ойыншықтар, резеңке қолғап.

Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?

2 тапсырма: Балақай, мына жерде ағаштан жасалған заттар, ойыншықтар, муз. аспап (домбыра) бар екен. Ағаштан не жасауға болады? Сыныпта ағаштан жасалған бұйымдарды аташы. Ағаштан жасалған заттарды жуып сүртуге болады.Ағаш бұйымдары өте мықты.


3-күн. Тұрмыстық техника дегеніміз не қалай ойлайсыңдар?

Біздің үйімізде Тоңазытқыш, газплитасы, үтік, жылытқыш, тоқ шәугімдер тағыда басқа тұрмыстық техникаларымыз бар соларды қолданамыз біздің өмірімізге қажетті заттар. Біз оны әрдайым пайдаланамыз.

Тоқшәугіммен су жылытамыз, тоңазытқышқа тағамдарды бұзылып кетпеуі үшін сақтаймыз. Т.б

Тоқты пайдаланған кезде абай болуымыз керек тоқ соғу мүмкін. Ал қысты күні жылытқыштарды пайдаланамыз. Бүгінгі айтқан тұрмыстық техникасының барлығы қажетті болғанмен біздің өмірімізге қауіпті. Қауіпсіздік ережелерін ұмытпауымыз керек.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


4-күн. Қызықты мәліметтер.

Ағылшын "Daily Mail" газетінде орын алған 2 беттік зерттеу жұмыстары хабарында Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (WHO) микротолқынды пеш, радио телефон, теледидар секілді электрлі жиһаздар үйде "электромагниттік радияция" тарататынын және бұл жағдай аллергияға жол ашуымен қатар түрлі аурулардың жайылу қауібін тудыратынын мәлімдеді.

  • Тостер, микротолқынды пеш, электр пеші, кір жуатын машина, кофеқайнатқыш, тоңазытқыш, шаңсорғыш, үтік, фен, электрұстара, теледидар, компьютер, радио телефон, лампа, радио, магнитофон, ұялы телефон, ыдыс жуатын машина, DVD... секілді электрлік жиһаздардан жайылатын толқындар электромагниттік өріс туғызады. Бұл ми талшықтарының зиян шегуіне және тозуына себеп болады. Электрлі жиһаздармен көп уақыт өткізген жағдайда туындайтын бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналу, таңдайдың құрғауы, ұмытшақтық, тез ашуланушылық секілді өзгерістер ол адамның электрлі жиһаздарға алергиясы бар екендігінің ең негізгі белгілері.

  • Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы электрлі жиһаздарды қолдану ережесін дайындап шығарды. Бұлардың қысқаша мазмұны мыналар:

  • Теледидарды ең аз 180см ұзақтан көру керек. Компьютердің де теледидардың да жанында және артында тұрмау керек.

  • Компьютер экранынан 90см ұзақта отырып жұмыс істеу керек.

  • Ұялы телефонды қолданбайтын кездерде өшіріп қою керек. Телефон шалған уақыттарда да телефонды денеден ұзақ ұстап "жауап" түймесін басу және құлаққа қатты жақындатпау керек.

  • Зарядтайтын құралды алыста ұстау керек.

  • Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрғанда ең аз 1м ұзақта тұру керек.

  • Ксерокөшірме жиһазынан да ең аз 50см ұзақта тұру керек.

  • Электрұстараны зарядтап тоқтан ажыратылған күйде қолданған жөн.

  • Жоғары дауыспен музыка тыңдамау керек.

  • Феннің магниттің өрісі өте жоғары.

  • Флуоресценттік және галогендік прожекторлардан мүмкіндігінше ұзақ жүрген дұрыс.

5-күн. Жұмбақтар.

[link]

Жайлаған дүниені бір ғажайып, [pic]

Тік көтеріп отырар адамдарды.


(Орындық)


[pic]

Ә, керемет, бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Темір тықсаң сөйлейді.

Тілін адам білмейді.

Рұқсатсыз ол иттен, Адам үйге кірмейді. (Құлып)

[pic]

Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі кезіңе.

(Айна)


[pic]


Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді. (Ине)


Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен, [pic]

Селкілдесе денесі дір-дір еткен,

Өзіне қандай жуан кез келсе де,

Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

(Темір арба)


Ерте тұрдым, [pic]

Алып тұрдым.

(Есік)

[pic]


Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін.

(Қолғап)

[pic]

Ерте тұрдым, керек қылдым,

Қажетімді өтеп алып,

Босағаға тастадым.

(Кебіс) [pic]


Қуаты ыссы керемет,

Үйге лебін жаяды.

(Пеш)





[pic]

Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,

Астынан ақ керуен өтті.

(Елеуіш,ұн)



[pic]

Менің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал, маңдайға!» дейді

(Бағдаршам)

[pic]

Күндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.

Ол не, кім біледі?

(Сағат)

Шыр-шыр етеді, [pic]

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

(Телефон)


.