Урок по казахскому языку на тему Сөз мағынасы -тауып сөйлеу кілті (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Класс: 7 «Б» Мерзімі: 13.05.2016 жыл


Сабақ тақырыбы: Сөз мағынасы -тауып сөйлеу кілті


Сабақ мақсаты:

  • Ұтымды сөздер арқылы оқушыларға сөйлеу мәдениетін, дұрыс сөйлеп, сөздерді орынды қолдана білуге үйрету;

  • Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, пайымдылыққа тәрбиелеу;

  • Оқушы ойын, тілін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бірлескен жұмыс, «Серпілген сауалдар», «Үш қадамды сұхбат»


Көренкіліктер : интерактивті тақта, плакат, маркер , доп


Сабақ барысы


І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру

«Бұл өмірдің мәні... » оқушылар осы сөз арқылы психолгиялық ынтымақтастық қалыптастырады.

«Конфет» арқылы класс оқушыларын 4 (төрт ) топқа бөлу


ІІ Ой қозғау «Серпілген сауалдар» арқылы оқушыларға доп лақтыру арқылы өткен сабақарды еске түсіру. (3 шапалақ арқылы бағалау)



ІІІ Мағынаны тану

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасайды.

  • «Өнер алды қызыл тіл» тобы – жаттығу , жаттығу мәтінді рөлдерге бөліп оқып, мәтінге ат қояды. мұйымдастырады.

  • «Монолог » тобы- «Қожаның» монологі , мәтінге ат қояды.

  • «Ұлан газеті» тобы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Табиғатты аялайық» тақырыбына мақала жазады.

  • «СМС» тобы- «Анама», «Елбасына», «Досыма» хат жазады.


Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.

«Өнер алды қызыл тіл» тобы – бас бармақ арқылы бағалайды.

«Монолог » тобы- пікір арқылы бағалайды.

«Ұлан газеті» тобы - жағымды сөздер арқылы бағалайды.

«СМС» тобы- 3 шапалақ арқылы бағалайды.


ІҮ Ой толғаныс

«Үш қадамды сұхбат» арқылы «Ұлан газеті» тобы тілшісі операторымен бірге басқа топтардан сұхбат алады.

1 . Бүгінгі сабақтан алған әсерің ?

2. Соңғы оқыған мақалаң ?

3. Көбінесе кімдермен хат алысасыңдар?

4. Класта тілі өткір, ойы ұшқыр, шешендік қабілеті бар оқушы кімдер?


Ү Бағалау Әр топтағы бағалау парағы оқылады. Бағалау парағын жинап, жиынтық баға қою.


ҮІ Үйге тапсырма

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» тақырыбына диалог жазып келу , мологтар алып келу, еркін тақырыпқа хат, мақала жазып келу.

































4 арнаулы орта мектеп














Ашық сабақ


Тақырыбы:


Сөз мағынасы -тауып сөйлеу кілті




Пән мұғалімі:

Өмірзақ Г.Ж









2016 жыл




4 арнаулы орта мектебі














Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің өткізген

«Тәуелсіздік төрінде 20жыл»

атты әдеби кеш сценарийі




















Ақтөбе





4 арнаулы орта мектебі












Менің ұраным:


«Не істесең де өзіңе сен,

Басқаға телмірме»






















Ақтөбе






4 арнаулы орта мектебі












Сыныптан тыс шара:


«Екі жұлдыз»














Өткізген: Өмірзақ Г.Ж

Класс: 7б









Ақтөбе