Өзін-өзі тану сабағы Рухани байлық игілік көзі (10 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін - өзі тану сабағының жоспары Сынып: 10

Мектеп:Семеновка орта мектебі Мерзімі: 7-8сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Рухани байлық игілік көзі.

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер:мейірімділік,қайырымдылық,кішіпейілділік,адалдық т.б.

Мұғалім: Оқушылар саны:

Мақсаты

1.«Құндылық», «рухани құндылық», «адамгершілік» ұғымдарын түсіндіру; саралап көрсету. Оқушылардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдарын табу.

2.Жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті адамгершіліктерін, ой-өрістерін дамыту.

3. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет»- дегендей сыйластыққа,сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:

Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми негіздерін анықтап,жастарға білім бере отырып, оларды рухани тәрбиелеу.

Рухани құндылықтарға тәрбиелеудің маңызы

Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастырудағы шарттарын анықтау


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы.


Дәйексөз

Дүниенің көзі тұтқасы,түп негізі заттық нәрсе емес,рухани дүние.

Платон

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді.


Әңгімелеу.

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

"Бүркіт пен онын балапандары" аңызынан не ұқтыңыздар? Аңыздын мані неде?Аңыздың -өмірлік мані неде?


Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Әңгімені рөлдерге бөліп оқу,кейіпкердің сөзін өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар.


Топпен ән айту. “ Сенім”

Мәдина Садуақасова

1) Сездірмей жүрген,

Тек өзің білген,

Бір сенім бар жоғалмас мүлдем.

Сол сенім барда,

Асығам алға,

Ақ тілегім биікке самға.


Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылдыда жеңемін,

Жүрегіммен сенемін!

2) Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай келер.

Асқардай биік,

Армандар жиі,

Мен өтермін өмірді сүйіп.


Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылдыда жеңемін,

Жүрегіммен сенемін!


Үй тапсырмасы. Берілген ойды жалғастырыңыздар:

Адам- ең жоғары құндылық,оның өмірі бәрінен де қымбат.

Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады.

Атадан қалған асыл сөз,нұр құяды көңілге.

Ата- баба дәстүрін құрметпен ұғынам.

Менің елім - менің байлығым.


Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!