Қазақ тілі пәнінен Сөздік қор тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары


1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 05.12.2016

4.Мұғалім: Қартмағанбетов Жанболат Төлегенұлы

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Сөздік қор туралы түсінік

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға тіліміздегі төл сөздеріміз, атауларын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп,жаттығу жұмыстарын жүргізу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу,ой жинақтау,сұрақ- жауап 

Көрнекілігі: ойын түрлері, оқулық

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:       а) Ұйымдастыру кезеңі

                                  1)Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

Қатемен жұмыс

                                  ІІ. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 
Мұғалімнің іс-әрекеті
 
«Шаттық шеңбері» стратегиясы
 
Кәне достар, тұрайық.
 
Шеңберімізді құрайық.
 
Жақсы-жақсы тілектер
 
Бір-бірімізге сыйлайық!
 
«жылы лебіз» тренингін өткіземін. Оқушының іс-әрекеті
 
Шеңбер құрған оқушылар біл-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
 


3 топқа бөлу: «Көбелек» белгісі арқылы. Неліктен? Себебі, ежелгі ацтектердің аңызы бойынша, көбелектер біздің тілегімізді көкке жеткізеді екен. Егер оларға өз тілегімізді сыбырлап айтып, содан соң еркіндікке жіберсек, ол сөзсіз орындалатын көрінеді. Ал, өздерің айтқан тілектер тезірек орындалсын десеңдер, мына түрлі түсті көбелектерді таңдап алып, топқа бөлінейік. Ендеше топ басшысын бекітіп алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 1-тапсырма


1-топқа сұрақ Мақал дегеніміз не?

2-топқа сұрақ Мәтел дегеніміз не?

3- топқа сұрақ Мақал мәтелдердің тәрбиелік маңызы ?


2- тапсырма

Төменде берілген мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, оны алдымен қазақша, орысша, ағылшыншаға аударып жазыңыздар.

  1. 1-топқа Ер қаруы, бес қару. Бес - пять - five

  2. 2-топқа Ер жігіттің екі сөйлегені, өлгені. Екі - два – two

  3. 3- топқа Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Жеті – семь - seven



     ІІІ. Жаңа сабақ

     

Ереже:Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың  ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздер.

Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де,жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Сондықтан бұл сөздер сөздік қорға жатады.


1)Oқушыларға төмендегі атауларға мысалдар жаздыру. Бес мысал

   1-топқа

  1) Туыстықты білдіретін атаулар:ата,ана,аға  т.б

   2)Мал атаулары: жылқы,түйе,сиыр,қой   т.б

   3)Табиғат құбылыстары: күн,ай,жел,тау   т.б

     


2-топқа

4) Aң – құс атауы:бүркіт,түлкі,қасқыр,аю   т.б

      5)Заттардың түрін,сапасын білдіретін атаулар:аң,ауыр,жылы

      6)Қимыл -  қозғалысты білдіретін атаулар:кел,бар,айт  т.б

     

3- топқа

7)Дене мүшелері атауы:бас,қол,көз,мұрын  т.б

      8)Тамақ атаулары:ет,сүт,айран,қымыз   т.б

      9)Есімдіктер:мен, сен,біз,ол,кім?,не?   Т.б  





1)Талдау табыс – кілті .

136  жаттығу.Сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазыңдар.

Жыл,қасиет,сиыр,тауық,ұлу,су,жауын,егін,доңыз,қар,халық,адам.


2)140 – жаттығу. Уақыт қалса

а)Мәнерлеп оқу.Батаны әсерлі етіп тұрған не нәрсе?

Батаның ішінен омоним,синоним,антоним бола алатын сөздерді тауып,жазу

1-топқа

Жас – көздің жасы,адамның жасы – синоним

2-топқа

Қол – адамның қолы,қол жинау – омоним 

Асау – асау  ат,асау сезім – омоним 

3- топқа

Асау – жуас – антоним

 Жас – кәрі – антоним 





V.Қорытынды 

1)”Сөз құраймыз” ойыны

1-топқа

Сөздік қор”деген тіркестегі дыбыстарды пайдаланып сөз құрандар

2-топқа

«» деген тіркестегі дыбыстарды пайдаланып сөз құрандар

3- топқа «» деген тіркестегі дыбыстарды пайдаланып сөз құрандар


VI.Үйге  тапсырма.141 – жаттығу  барі бірге тапсырманы оқындар


VII.Бағалау. Оқушылар бағалау парағына топтың құрамын бағалайық

Сабаққа белсенді қатысуы

Тапсырмаларды дұрыс орындауы

Ұсыныс



VІ Рефлексия