[pic]
Маңғыстау облысМұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Досанова Айтгүл Төлегенқызы
І санатты
6 «а» Пәні
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы:
Манас жыры
Жалпы мақсаты
Әлем әдебиеті туралы түсінігі қалыптасады. Жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын біледі. Манас бейнесін талдайды. Оқушының ой-өрісі, ойлау белсенділігі, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениеті дамиды, сөздік қоры молаяды, ізденеді. Елін, жерін сүйеді.
Сілтеме
Білім стандарты, мұғалімдерге арналған бағдарлама,
6-сыныпқа арналған оқулық
Оқыту нәтижелері
Тіл шеберлігін сипаттай алады.Бірлесе жұмыс жасауға тырысады. Уақытты үнемді пайдалануды үйренеді. Білімдерін ортаға салып, ой-пікірлерін қорытындылайды. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді. Манас жыры туралы мәлімет алады.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Түрі
Оқушы іс-әрекеті
Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу
Тақырып бойынша жаңа мәліметтер алады. Слайдтар арқылы батыр бейнесін анықтайды. Манас жырының ерекшеліктерін біледі? Сөздік жұмысын жүргізеді.
"Манас" жыры қай халықтың шығармасы?
Манас жырын зерттеген кім?
Манасшылар деген кімдер?
Жыр неше бөлімнен тұрады?
Түсіну
Оқушылар жырды мәнерлеп оқиды. Түсінгендерін бір-біріне айтады. Манастың ерліктерін біледі. Жырды бөлімдерге бөледі. Жыр кейіпкерлерін оқиғаға қатысын біледі? Оқиғаны талқылайды, мойындайды, қайта қарайды, түсіндіреді, әңгімелейді,
1. Манастың достары кім?
2.Манас қалай өсті?
3.Манас қырғыздарды кімдерден қорғады
4.80 бала қалмақтарды Манас қалай жеңеді?
5. Әкесі Манасқа неге ренжиді?
6. Жақыпқа Ақбалта қария не айтты?
Қолдану
Батырлық деген не? деген тақырып бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады. Батырлар іс-әрекетін жинақтап, дәлелдейді, салыстырады, шешеді. Себебін түсіндіреді. Сыни тұрғыдан өз пікірін ауызша да, жазбаша да қорғайды, тұжырымдайды.
1-тапсырма: Постермен жұмыс
Батырлық деген не?
2-тапсырма: «Үш жақты күнделік» әдісі
Талдау | Оқушы Манас жырын талдайды, іс-әрекеттерді саралайды, батырға үміт артады, дауласады, салыстырады, тәжірибеден өткізеді, қарама-қарсы қояды, зерделейді | 3-тапсырма :Топтық тапсырма: 1.Батырлар жырының ерекшеліктері 2. Жырдың тақырыбы мен идеясы 3. Әңгіме кейіпкерлері (топтастыру) Жырдың тәрбиелік мәні 4. Манас портреті (үзінді келтіру) |
Жинақтау | Оқушы тұжырымдайды, оқиды, әзірлейді, дамытады, қайта анықтайды, ұсынады | «Венн диаграммасы» әдісі Алпамыс ортақ Манас қасиеті
|
Бағалау | Оқушы жорамалдайды, бағалайды, таңдайды, баға қояды, анықтайды, санайды, айыптайды | Жетондар, бағалау бетшелері, марапаттаулар, мадақтаулар |