«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық, әлеуметтік орта.
Бөлімі: Дене шынықтыру, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу, экология
негіздері.
Тақырыбы: «Әжемнің ауылына саяхат»
Мақсаты
Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстыру.
Дамытушылық: Олардың суреттерін пайдалана отырып, ұғымдарын тереңдету.
Тәрбиелілік: Балаларды үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, күтуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетің жұмыстар: Үй жануарларының суреттерін ілу. Сурет бойынша әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, ойын.
Сөздік жұмыс: Әже, ауыл.
Қостілділік компонент: әже- бабушка, ауыл-село.
Балалардың іс-әрекеті Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалар бізге бүгін көп қонақтар келген екен. Енді қонақтармен сәлемдесейік.
Үш тілде амандасу.
Сәлеметсіздерме? Здравствуйте? Good moninq?
Қолымызды ұстасып «Қуаныш шеңберін» жасайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар!
Енді осындай жадыраңқы көңіл-күймен ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастайық.
Балалар, сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса біз бүгін әжеміздің ауылына қонаққа барамыз. Әженің ауылына бармас бұрын үй жануарларымен танысып алайық. Суреттерді тақтаға бір - бірлеп іліп, жеке-жеке таныстыра отырып, түсіндіру. (мысық, ит, тауық, әтеш, сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі)
Сәлеметсіздерме? Здравствуйте? Good moninq?
Бір-бірінің қолынан ұстап,
тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ия, ұнатамыз.
Балалар суреттерді тамашалайды.
Үй жануарларын атау.
(мысық, ит, тауық, әтеш, сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі)
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі
-Енді сендер қонаққа баруға дайынсыңдар ма?
Мен әжеміздің жануарларына арнап мынадай себет дайындадым. Ал, ендеше барлығымыз жолға шығайық. Ой, балалар, біз қалай барамыз? «Күн» әлі шықпапты, қараңғы екен. Күн шыққан соң барсақ қызығырақ болады ғой. Солай ма, балалар?
Олай болса барлығымыз бірге күнді шақырайық.
Алтын арай, алтын күн,
Жарқырай түс, жарқыра-деп екі рет қайталаймыз.
Осы кезде күн шығады. Күн шықты енді жолға шығамыз. Жолда қызықты шаршамай бару үшін ән айтайық.
Ән: «Әжем менің айдай»
Жолда мысық кездеседі.
-Ой, балалар, мынау не?
-Мысықтың түсі қандай?
-Мысық не ішеді?
Мысықтың жүні қандай?
Ендеше мысыққа арнап білетін тақпағымызды айтып берейік.
Тәрбиеші: -мына мысық мені тырнап алды. Соған қарағанда қарны ашқан сияқты. Ендеше мысықты тамақтандырайық. –Аягүл, мына ыдысты мысықтың алдына қойып, сүт құя ғой.
-Балалар, қараңдаршы, мысық бізге риза болып пырылдап жатыр. Ендеше мысықпен қоштасып, ілгері қарай жылжиық.
Жолда жылқыға кездеседі. Балаларды жылқымен таныстырып, жылқыға түсініктеме береді.
-Жылқы не жейді? Дұрыс айтасыңдар. Жылқы шөп жейді.
Жылқыға арнап тақпағымызды айтайық.
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын . Ол ненің дыбысы екен көрейікші. Осы кезде залға тауық балапандарымен кіреді.
-Балалар, мынау не?
Тауықтың түсі қандай?
Балапандарының түсі қандай?
Енді тауық пен балапандарға арнап алып шыққан жемдерімізді берейік.
Тәрбиеші себетті қарап: -Ой балалар, мен жолда келе жатқанда барлық дәндерімді шашып алыппын. Ендеше бәріміз бірге тауық пен балапандарына арнап дәндердің суреттерін қағаз бетіне әдемілеп салып берейік. (дәстүрден тыс)
Тауық: -Балалар, сендердің менімен би билегілерін келе ме?
Би: «Шөжелерім»
Суреттеріміз кепкен шығар, тауық пен оның балапандарына табыс етейік.
Тауық пен балапандарымен қоштасып, шығарып саламыз.
-Балалар, әжеміздің үйіне де келдік. Үйдің есігінің алдында не жатыр? Күшік туралы әңгімелеу. Күшік нені жақсы көреді? Күшікке арнап алып шыққан сүйегімізді берейік. Күшікке арнап өлең айтып берейік.
Осы кезде үйден әже шығып:-Қош келдіңдер, қарақтарым, амансыңдар ма?
Тәрбиеші: Әже, қалыңыз калай, жақсы ма? Біздің балалар сізге көмекке келді. Әже: -Менің жасым үлкейіп, сендерден көмек сұрағалы тұрмын. Менің үй жануарларым бар. Соларды тамақтандыруға көмектессеңдер екен. Балалар алдымен мен сендерді өзімнің үй жануарларыммен таныстырайын. Мынау: (Мысық, күшік, сиыр,қой, ешкі, жылқы, тауық әтеш) Мысық не ішеді? Күшік не жейді? Сиыр немен қоректенеді? Сиыр шөппен қоректеніп бізге мол сүт береді. Шөптің түсі қандай?
Жылқы немен қоректенеді?
Әтеш пен тауық немен қоректенеді?
Қостілділік компонент: әже- бабушка, ауыл-село.
Балалар сендерге сондай ризамын . Өркендерін өссін. Сендерге сыйлық ретінде мына тәттілерді беремін. Тәрбиеші: -Балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Әжеймен қоштасып топқа қайтайық.
Сау болыңыз!До свидания! Good bje!
-Әрине, дайынбыз - деп хормен жауап береді.
-Ия .
Балалар күнді шақыру үшін тақпақты айтады.
Алтын арай, алтын күн, Жарқырай түс, жарқыра
«Әжем менің айдай» әнін бірге айтады.
-Мысық-деп жауап береді.
-Мысықтың түсі сұр.
-Мысық сүт ішеді.
-Мысықтың жүні «үлпілдек», «жұмсақ».
Мен мысықпын, мысықпын,
Басқалардан пысықпын.
Бақшада мені ойлаңдар,
«Мысық-тышқан» ойнаңдар.
Аягүл мысыққа сүт берді.
Сау бол, мысық!
-Жылқы шөп жейді.
Аттарыңмын сәйгүлік.
Көрген жоқпын жай жүріп. топ-топ
Сендерге жігер қосамын,
Сау болыңдар, достарым.
Топ-топ
-Бұл тауық балапандарымен.
-Тауықтың түсі ақ.
-Балапандардың түсі сары.
Сурет салу. (дәстүрден тыс)
-Әрине, билегіміз келеді.
Бәрі бірге би билейді.
-Сау бол!
Үйдің есігінің алдында күшік жатыр.
Күшік сүйекті ұнатады.
Мен ойынпаз күшікпін,
Көп ойынға түсіппін.
Тентектікпен қоштасам
Сендерменен достасам.
Сәлеметсіз бе!
Үй жануарларын атау.
Мысық сүт ішеді. Күшік сүйек жейді.
Сиыр шөппен қоректенеді.
Шөптің түсі жасыл.
Жылқы шөппен қоректенеді.
Тауық пен әтеш дәнмен қоректенеді.
Балалар қайталайды.
Сау болыңыз!До свидания! Good bje!
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Балалар бүгін біз қайда бардық?
Жолда қандай кедергілер ұшырасты?
Нелерді көрдік?
Әженің үйінде қандай үй жануарлары бар?
Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?
-Бүгін біз әжеміздің ауылына қонаққа бардық.
-Жолда мысық, жылқы көрдік.
Есіктің алдында күшікті көрдік.
Әжеміздің үйінде тауық, әтеш, сиыр, жылқы, күшік бар
Әрине, ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Үй жануарларын..
Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарларының атауларын, күтіп баптауды, қамқорлық жасауды.
Меңгерген іс-әрекет дағдылары мен іскерліктері: Қамқорлық, сүйіспеншілік.