Сабақ тақырыбы: Жаһандану үрдісі (11 сынып)
Сабақ мақсаты: Жаһандану үрдісі туралы мағлұмат беру, түсінік қалыптастыру. Жаһандану үрдісінің пайдасы мен зиянын көрсету. Толеранттылық пен Жер шарының болашағы үшін жауапкершілік тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ізденушілік
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.
ІІ Кезекшімен әңгімелесу
ІІІ Жаңа сабақ
1. Мұғалім: Біз осы әлемнің әралуандылығы мен ерекшелігін білеміз. Жер шарында 6 млрд адам тұрады, олар 3 раса, 1000 этносқа, 23 тілдік топқа бөлінеді. 200 тәуелсіз мемлекет бар. Бұл тезисті дәлелдеу үшін тағы не қоса аламыз? – Экономикалық өмірдің әр деңгейлігі, әр түрлі діни мәдениет, мәдениет, ұлттық дәстүрлердің алуан түрлері.
Ал бүгін біз қоғамның біртұтастыңын қарастырамыз. Сабағымыздың тақырыбы: Жаһандану үрдісі.
2. Мәтінмен жұмыс.
А) Сөздікпен танысу
Ә) Түсініп оқу
Б) Сұрақ-жауап
3. ХХ ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген француз ойшылы Тейяр де Шарден былай деген екен: «Басқа адамдармен бірігусіз адамның болашағы жоқ». Яғни, ойшыл жаһандану үрдісін позитивтік бағалайды екен. Ал енді сендер, жаһандану үрдісінің пайдасы мен зияны туралы не айтасыңдар?
Жазбаша жұмыс. Жақшаны ашып, аударып, сөйлемдерді оқыңдар
Грамматикалық бөлім. Жаттығуларды орындау.
«Жаһандану» сөзін септе.
«Үрдіс» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
«Жаһандануды» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
ІҮ Сабақ қорытындысы:
Жаһандану деген не?
Біздің қалада жаһанданудың белгілері бар ма? Қандай?
Жаһандану заманауи мектептердегі оқу үрдісіне әсер етеді ме? Қалай?
Ү Үй тапсырмасы: мәтінді мазмұндау
Жаһандану үрдісі
Сөздік
Жаһандану – глобализация
Үрдіс – процесс
Тұрақты – постоянный
Сияқты – кажется
Бірде-бір – ни один
Қарқын – темп
Бейімделу – адаптация
Нышан – символ
Сіңіру – поглощать, впитывать
Серпін – динамика, размах, рывок, ритм, темп
Жаһандану үрдісі
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында «жаһандану идеясы» бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Бірде-бір мемлекет жаһандану үрдісінен тыс қалмауда. Жаһандану дегеніміз қашықтықтың қысқаруы, бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.
Қазір барлық елдер мен мемлекеттер жаһандану жағжайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі – батыстану. Бірақ батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл белгілі мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіру керек.
Жаһанданудың қазіргі заманғы қоғамдарға экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда тікелей жаңа серпін беретіні баршаға аян. Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі бәршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар проблема тудырады. Ең бірінші орында ядролық соғыс қаруының жетілуі мен халықаралық шеңберінен шығып кетуі. Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыты негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстардың өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.
Жаһандану деген не?
Ол қалай жүріп келе жатқан үрдіс?
Жаһанданудың бір тетігі не?
Қазақ қоғамы жаһандануды қабылдады ма?
Жаһандану неге әкеледі?
Жаһандану үрдісінің теріс салдары бар ма?
Олар қандай мәселелер?
(Глобализация) мәселелерін (пути решения) зерттеуде (два направления) қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм (болашақ қасіретті).
Жаһандану (национальный) құндылықтарды сақтай отырып, ғаламдық қатынастарға (адаптироваться) деген үлкен мәселені (на повестку дня) қойып отыр.
Жаһандану (на экономику государств) ғана емес, адамдардың ішкі дүниесіне, ақыл-парасатына, ұлттық болмысын билеуге дейін қол жеткізді, ол тіпті үйреншікті жағдайға айналып барады.