Алаштың арысы, жастардың көсемі. Шығыстың шамшырағы - Ғани Мұратбаев ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








Мазмұны



І Кіріспе---------------------------------------------------------------------1-2


Жаһанға танылған жас Ғани


ІІ негізгі бөлім-------------------------------------------------------------3-8


ІІ.1 . Ғани тағылымы –ұрпаққа ұлағат--------------------------------3-4


ІІ.2. Тарих мойындаған дара тұлға-------------------------------------5


ІІ.3. Мемлекет және қоғам қайраткері – Ғани Мұратбаев--------6-8


ІІІ.Қорытынды--------------------------------------------------------------9


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------10










Жоспар


І Кіріспе


Жаһанға танылған жас Ғани


ІІ. Негізгі бөлім


ІІ.1 . Ғани тағылымы –ұрпаққа ұлағат


ІІ.2. Тарих мойындаған дара тұлға


ІІ.3. Мемлекет және қоғам қайраткері – Ғани Мұратбаев


ІІІ.Қорытынды


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер












Аннотация


Аталған шығармашылық жұмысында оқушы Ғани Мұратбаев Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Ғани Мұратбаевтың өмір жолын, шығармашылық туындыларын, бүгінгі күнде де маңызды мәселе болып отырған жастар саясатының мәселелрімен байланыстыра қарастырады.

Зерттеушінің жұмысының маңызды бағыттарының бірі:

  1. Ғани Мұратбаевтың Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітіргендігі,

  2. Ғани Мұратбаевтың Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы болғандығы,

  3. 1922 – 24 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайландығы,

  4. Ғани Мұратбаевтың Мәскеудегі «Ваганьков» қорымында 20 бөлігінде жерленген.













Кіріспе



Мен Ғанимын –

Мертіккен арыстанмын,

Қас жауымен халқымның алысқанмын.

Жеткізем деп бақытқа ұрпағымды,

Заманыммен жармасып, жарысқанмын.

Ғ.Мұратбаев

Мақсатым: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елімізді адамдар санасында сілкініс туып өмірге, тарихқа туған жерге деген көзқарас түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудің бір жолы туған өлкесі мен оның мақтан тұтар азаматтарын қадір тұтуға тәрбиелеу, тарихи оқиғалар жаңғырығына қызығушылығын ояту.

Сыр елі – атағы әлемге таралған талай тарландар мен таланаттарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр – Алаштың анасы» деуі де сондықтан болса керек. Сыр топырағында дүние есігін ашқан аса талантты тұлғалардың бірі Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев.

Мақсатым Ғани Мұратбаев өмірін, шығармашылық ерекшелігін зерттей отырып кейінгі жас ұрпаққа үлгі етіп, азамат есімін ардақтау.

Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасына жақын Қазалы уезінде, қазіргі өз атымен аталатын ауыл аймағында дүниеге келген. Төрт жасында әкесі Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмірден озды. Әке-шешеден етек-жеңін жимай айрылса да, қайсар бала қатыгездікке мойымай, жетімдіктің жетегінде кеткен жоқ. Қазалы қаласындағы орыс-түзем (бұратана) мектебіне оқуға барды. Бұл мектепте үш жыл, содан соң бастауыш училищеде үш жыл оқып, 1917 жылы орыс революциясының өршіп тұрған кезінде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бір жылдай революциялық комитет құрамында қызмет істеді.

1920 жылы Верныйда педагогикалық курстың тыңдаушыларына сабақ берді. Ол тек оқытушылық қызметпен ғана шектелмей, жергілікті жастар арасында түрлі саяси жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысты. Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс ұйымдастыратын Бюросының төрағасы болып сайланды. Түркістан комсомолының өкілі ретінде Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының бірінші съезіне қатысты.

1921 жылы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркістан Республикасы Комсомолының үні - «Жас Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарыққа шықты. Бұл Алаш жұртының рухани өмірінде, баспасөз тарихында мәңгілік есте қалар оқиғаға айналды.


Осы жылы Ғани Мұратбаев РКЖО-ның ІV съезіне делегат болып қатысты. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының алғашқы күндерінде өткізілген

Түркістан комсомолының ІІІ съезінде Ғани Мұратбаев Орталық Комитетке мүше және ұйымдастыру пленумында Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің жауапты (бірінші) хатшылығына сайланды.

1922 жылы Коммунистік партия қатарына кандидаттық мерзімсіз қабылданды. Мамыр айынан бастап РКЖО (Ресей Коммунистік Жастар Одағы) Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы құрылып, Ғани Мұратбаев бюро мүшесі және хатшысы болып сайланды. Осы жылы Орта Азияда еңбекші жастар арасындағы қозғалысты дамытудағы зор еңбегі үшін Хорезм Республикасының «Қызыл Еңбек» орденімен марапатталды. Қыркүйекте Түркістан Республикасы Комсомолының ІV съезін өткізуге атсалысты. Қазан айында өткізілген РКЖО-ның V съезінде Балтық Теңізі Флотын комсомолдық қамқорлыққа алған Орталық Комитеттің президиумы мен комитет мүшелерінің қатарында Ғани Мұратбаев та «Құрметті теңізші» атанды.

Ғани 1924 жылы РКЖО - ның VІ съезіне делегат болып қатысты. Шілдеде жер жүзілік Коммунистік Жастар Интернационалы (КИМ-нің) ІV конгресінде Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланды. Қыркүйек айынан өмірінің соңына дейін Коммунистік Жастар Интернационалының Шығыс Жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Жұмысты беріліп істейтін, тапсырылған жұмыстан бас тартпайтын, әр істі аяғына жеткізбей тынбайтын Ғанидың өз денсаулығына қарауға да мұршасы келмеді. Ауырдым деуге арланған намысшыл жігіт науқасқа шалдыққанын да білдірмей жүрді. Алайда, асқынып кеткен өкпе дерті жас Ғаниды ақыры алып тынды. 1925 жылдың 15 сәуірінде Ғани мәңгілікке көз жұмды.

Ғанидың өмір жолдарына көз жүгіртсең, білімге құштарлық, әділдік, табандылық, ұйымдастырушылық, уәдеге беріктік, саяси тұрақтылық, шешендік, адамдармен ортақ тіл табысу, жалған уәде бермеу, әлсіздерге қамқорлық, бастаған істі аяғына жеткізу, болашақты болжау сияқты тағылым аларлық қасиеттер бойында тұнып тұрғандығына көз жеткізесің. Бір басында осындай мінез бен қасиет тоғысқан асыл азаматтың өнегесін ұрпаққа үлгі ету міндет десек те, парыз десек те болады. [1]

Биыл даңқты жерлесіміз, аса талантты ұйымдастырушы Ғани Мұратбайұлы Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толды.











ІІ.1. Ғани тағылымы –ұрпаққа ұлағат


Өткен ғасыр басындағы дүрбелең кезең – Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының тағдыры қыл ұшында тұрды. Кеңестік одақтың шылауына байланған ұлттың болашағы туралы болжам жасаудың өзі қиын еді. Өйткені одан кейін Ұлы Отан соғысына дейінгі бірінен соң бірі келген ұжымдастыру, байларды қудалау, аштық, репрессия сықылды жиырма жылға созылған зұлматты жылдар мен зобалаң уақыт тұтастай ұлтты титықтатып бітірді. Сол ауыр шақтың басы Ұлы Қазан төңкерісінен басталған еді.

«Күн көсем» орнатқан заманда қазақтың басына үйірілген бұлтты сейілтуге бар күш-жігерін жұмсаған, ұлтын сүйген арда туған азаматтар болды. Солардың бірі – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдасты-рушылардың біріне айналған Ғани Мұратбаев еді.

Тағдыр-талайына бар-жоғы 23 жас жазылған Ғанидың жастық жігеріне ол кезде тең келер ешкім бола қойған жоқ еді. Қазалыдағы қазіргі №16 мектепті бітіргеннен соң бар уақытын білім алуға жұмсады. 17 жасында Коммунистік жастар ұйымына мүшелікке қабылданғаннан кейінгі өмірі комсомолға қызмет етуге арнады. Жан-жақты, сол қоғамның тынысын дөп басып сезген жас Ғани өзге қазақ балаларын оқуға тартуда, жетім балаларды интернатқа орналастырып, қанатының астына алуда аянбай еңбек етті. Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған заманда қазақ балаларының сауаттануына ден қойғаны өз алдына енді қазақ халқының орнаған жаңа қоғамға сай көзін ашу үшін 1921 жылы 19 жасында «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, алғашқы нөмірін жарыққа шығарды.

Ғани Мұратбаев қазақ халқының маңдайына біткен дара туған тұлға болып қалды. Ол Кеңес дәуірінде туып, сол заман орнатқан комсомолға қызмет ете жүріп, өз халқының бақыты, болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады. Керек десеңіз, сол кезеңде НКВД ізінен түсіп, сыртынан «халық жауы» деген құжаттар жинағаны кейіннен белгілі болды. Бірақ кеңестік кезең құрсауына іле алмады. Кеңес дәуірі аяғына тұра бастағанда-ақ бойын дендеген аурудан ажал құшты.

Ол дүниеден озса да, артында тағылымды жолы, ізгілікті ізі, өзін қадірлейтін халқы қалды. Ол оқыған мектеп бір жарым ғасырлық тарихты арқалап, бүгінде тәуелсіз мемлекеттің білім ордасына айналған. Қызылорда облысындағы ең көне мектептердің бірі саналатын оның іргетасы 1860 жылы қаланған. Орыс көпшілік мектебі есебінде ашылған қара шаңырақ 1872 жылы қалалық училище, ал 1878 жылы екі сыныпты кәсіптік училище болып қайта құрылған. Ал 1912 жылы №16 мектеп болып құрылып, жаңа ғимаратқа көшірілген. Бұл мектепте 1910-1917 жылдары Ғани Мұратбаев білім алған. Мектепте қазір ол отырған парта мен сынып бөлмесі сақтаулы тұр. Бүгінде бұл мектеп ғимараты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарында.

1924-1925 ж.ж Ресей Лениншіл Комунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Комунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Комунистік Жастар Интернационалының 3-4 конгрестерінің, Коминтерннің 4- конгресінің делегаты болып сайланды. Ғани Қазалыға келіп, 1924ж. Тамыз айында Бақытжан Құрманбаеваға үйленді. Асқынған өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымында 20 бөлігінде жерленген. Ғанидың қазасы тек онымен бірге жүрген, бірге істеген достары мен жолдас- жақындары ғана емес, бүкіл Қазақстан мен Орта Азия жастары үшін де орны толмас өкініш болды. 1978жылы бейіт басына Қазақстан Жастар Одағы ескерткіш орнатты. Алайда, кезінде осынша құрметке лайық азаматтың бейіті бүгінгі таңда қараусыз-күтімсіз қалғаны өкінішті. Бұрынғы Одақ тарап, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заманда, енді жат жерде жатқан бауырымызға өзіміз қамқор болмасақ, ешкім қайғыра қоймас. Сондықтан, Ғанидың мүрдесін қазақтың өзге де зиялылары сияқты туған жерге әкеліп қайта жерлейтін мерзімі жетті. Хорезм Республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған -. Ғани Мұратбаевтың Қазалы қаласында тарихи мемориалдық мұражайы ашылды. «Біздің Ғани» атты көркем фильм,





Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!