Қазақ тілі 7-сынып 21.04.14.
Сабақтың тақырыбы: Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің меңгеріле байланысу жолы туралы білімдерін нақтылап, бекіту.
Дамытушылық: Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, сергек ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, қолданып, жүйелеу, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Психологиялық дайындық
«Қазақ тілі» ән Сөзі:Қойшиева Ә.
Әні:Сейдолла Бәйтерековтікі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Көркем шығармадан меңгеру байланысына 5 мысал жазу.
ІІІ. Қызығушылықты ояту
1.«Сөзжұмбақ» шешу
2 «.Зымыран сұрақ» ойыны
1. Синтаксис дегеніміз не? Қандай мағынаны білдіреді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3.Сөз тіркесінің сыңарларын ата
4.Қандай сөз сөз тіркесі бола алмайды?
5.С.т айрықша белгілерін ата
6.С.т байланысу түрлерін ата
7. С .т байланысу тәсілдерін ата
8.Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сыңар қайсысы?
ІV. Мағынаны тану тақырыбы мен мақсатын айқындау
- Балалар, сабағымызды Абайдың ғибратты сөзін еске түсіру
Отыз бірінші сөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
- Мінекей, осындай ғибратты сөзді әрдайым жадымызда берік сақтай отырып, теориялық білімдерімізді нақтылай түсейік
Интерактивті тақтамен топтық жұмыс орындау.
«Біліміңді байқап көр ».1-тапсырма.Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді қойып сөз тіркесін жаса.
1 -топ 2-топ
Матасу Меңгеру Қабысу
………жемісі ……….шығу Айдын шалқар…………..
………озаты ………..түсті Асқар……………..
………малы ………..жазды Көркейген……………….
……….ағасы ………дайындалды Кең пейілді…………..
……….кітабы ………..бару Жиналған……………. 2-тапсырма . 2-топ Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтау
№ Мысалдар -----барамыз------маржан------жазушысы-------оқиды------сақтау-----көзі------үй
1. халық
2. денсаулықты
3. біз
4. Айман
5. күннің
6. білгенге
7. біздің
1-топ.Сәйкестендіру тапсырмасы
Кемеге міну -------- қиысу
Менің арманым -------- меңгеру
Марат айтты ---------- матасу
Анаммен сөйлестім --------- қабысу
Ол келмек -------- матасу
Ақын тойы --------жанасу
ІҮ.Оқулықпен жұмыс «ТАЛДАУ- ТАБЫС КІЛТІ»
238-жаттығу. Әр сөйлемнің бір-бірінен ара-жігін ажыратыңдар, тыныс белгісін қойып көшіріңдер.
2-топқа бірдей деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-деңгей. Сөйлем мүшесіне талдау.
2-деңгей. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестеріне құрамдық талдау (СКТ әдісімен)
3-деңгей. Дыбыстық мінездеме беру.
Топ спикерлері « Қажымұқан» сөзіне (фонологиялық талдау)
1.математикалық тәсілмен талдау
2.әліпбидің орын тәртібімен талдау
V. Ойтолғау
1) Салыстыру 1-топ матасу мен меңгеру, 2-топ қабысу мен меңгеру
2) шағын тест. Жинақтау
1.Басыңқы сөзі сын есімнен болған тіркесті тап.
А)көгілдір көл В)аппақ қар С) орамалға орау Д) елге танылған Е)Оқуға зерек
2. Тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Дарқан дала В) Ғұмырнама С) Мұзға отырғызып кетті Д) Кедей-кепшік Е)Самал жел.
3.Етістікті тіркесті табыңыз.
А) Өнерлінің ырысы В) Іске шебер С) Асқарда бесеу Д) Елді қорғау Е) Ізгі сөз.
4.Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Әдеби кеш В)Қолға алды С) Қомсына бастады Д) Теңдік үшін Е) Әр уақытта
5. Матасуды табыңыз.
А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті Д) Жайын айтты Е) Өзі келді.
6. Меңгеруді табыңыз.
А) аман келді В) біздің өлке С) сынға түсті Д) кең дала Е) қонақ болу.
7. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады.
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу
ІҮ. Қорытындылау
Суретпен жұмыс( слайд )
Мына жайқалып өскен жуан діңгекті талға назар аударайық.Бұл суреттен не түйіндеуге болады?(салыстырма түрде)
Синтаксис саласы да осы ағаш сияқты терең тамырлы болса,оның ішіндегі тілдік тақырыптар да осы ағаштың бұтақтары сияқты.
Яғни осы тілдік тақырыптардың бәрін зерттейтін сала- Синтаксис.
Сөз т. біздің сөздік қорымызға пайдасы бар ма?
Оқушы жауабы тыңдалады...
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі»тақырыбында ойтолғау
ҮІІІ.Бағалау
Тест жұмысы
1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?
а) 2
ә) 4
б) 3
в) 5
2. Сөз тіркесін көрсет
а) қызыл күрең
ә) мөлдір су
б) ұшып тұрды
в) тіс жармады
3. Есімді тіркесті көрсет
а) жоғары ұшу
ә) біз оқимыз
б) таудай талап
в) өзенге шомылу
4. Етістікті тіркесті көрсет
а) балаша қуану
ә) он оқушы
б) сөзге сараң
в) әдемі қыз
5. Қиыса байланысқан сөздерді тап
а) жаңа қоныс
ә) көлікпен бару
б) сегізінші сынып
в) олар айтады
6. Матаса байланысқан сөздерді тап
а) бүгін келу
ә) балаша қуану
б) оқуға құмар
в) анамның тілегі
7. Меңгеріле байланысқан сөздерді тап
а) он оқушы
ә) бормен жазу
б) әдейі жіберу
в) биыл бітіру
8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?
а) 5
ә) 4
б) 3
в) 2
9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз
а) бекерге қиналу
ә) жиналыстан кейін келді
б) оның жоспары
в) дәл өзі
10. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркес қайсы?
Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды.
а) сабыр, қайрат оралды
ә) нағыз шиеленіс
б) шегіне жеткен
в) жауынгерлердің бойына
VІ. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?
Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле.
Ж. Баласағұни
VІІ. Үйге тапсырма беру
256 - жаттығу
Мәтіннен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, әр сыңарына талдау жүргізу.
VІІІ. Білімді бағалау