КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Оқытушы, магистр Мусанова А.Д.
Қазақ тілін орыс сыныптарындағы оқушыларға меңгерту басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға белгілі.Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың мақсаттары-оқушыларды дұрыс сөйлеу,сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып,мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту.Мұғалімінің негізгі міндеті - қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты,тиімді өткізу.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру,мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Сондықтан қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын.Осының бәрі оқушының жеке тұлга ретінде қалыптасуына әсер етеді,оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын,белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын,тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп,тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де,оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу,оқу, жазу,түсіну[1,6].
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу,тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс.Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып,жетіліп отырады,бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды өмір талап етеді. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын.Соның бірі Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы [2,6].Осы технологияның негізгі қағидалары- тілге бағыттау,тілдің қызметі,ұжымдық өзара қимыл және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.Технологияның мазнұны – оқу үдерісін күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсастыру,ал әдістемелік маңыздылығы екі фактормен түсіндіріледі.Бірінші фактор - тасымалдау жағдайы.Ол оқыту жағдайының және оқытудың нәтижесін күнделікті өмірдегі жағдайларға ұқсастығын қамтамасыз ету.Екінші фактор – оқуға ынталандыру жағдайы.Ол тіл үйренуге деген ынта және оқушының заман талабына сай өзгетілді үйренуі.Оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасы мұғалімнің қарым-қатынасты ұйымдастыруына байланысты. Тілдік қарым-қатынас ол оқушының іскерлігі,еркі және мұғалімнің оқушыны сөзге тартудағы белсенділігі.Оқушымен мұғалім арасындағы тілдік қатынас болу үшін мақсат,тақырып және сөйлеген жағдайда күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы керек. Осы факторлар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін,дағдысын тексеру үшін әр түрлі белсенді тапсырмаларды енгізген жөн.Тапсырмаларды берген соң оқушылардың білімін,іскерлігін,дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастыру. Пәннің мазмұны,дидактикалық элементтерінің жүйесі құрамында сөйлеу,оны тыңдау,сөйлем құрастыру,аудару,оқу,жазу болу керек [3,6]. Сабақта техникалық оқыту құралдары,дидактикалық материалдар,слайдтар,флипчарттар, суреттер және сабақтың әр түрлері,оқыту тәсілдері,сонымен қатар,оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеріп отыру.Тілдің қызметі,сөйлесу қағидасы - оқушыларды жаңа сөздерді,сөз тіркестерін,грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету.Технологияның элементтерін қолдана отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп,қолдана білу,ауызекі сөйлеу,мәнерлеп оқу,логикалық ойлау қабілеттерін,сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін.
Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді.Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болады,сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетіндігін дәлелдейді.Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат–нәтижелі пайдалану.Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасау,жеке оқушымен жұмыс істеу.Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып,сабақта оқушылардың білімділігін,іскерлігін,адамгершілік, эстетикалық,
патриоттық сезімін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру,жинақтау,талдау, нақтылау,жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен,жеке,жүппен істеу арқылы жетістіктерге жетеміз.Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп,тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек дейміз.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым – қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі. Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді..
Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінгін қамтамасыз етеді.Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытуды технологиясын қолданамын. Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады:
сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу
мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу
оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету
синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу [4,6].
Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізген дұрыс. Сонда ғана нәтиже жақсы болады. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтық т.б.) іріктеп алу қажет. Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет. Менің ойымша, пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеуден, оны тыңдаудан, сөйлем құраудан, аударудан , оқудан, жазудан құралу керек. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика). Осы материал үш бағытқа бөлінеді:
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.
Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әр сыныбымда қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, сипаттап, сол әріп бар сөздерді қайталап, әр сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталамын.
Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту,сөйлем құрастыру.Осы үш материал 1-11 сынып оқушыларының арасында, жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады. Мен осы технологияны 6,7 сыныптарда қолданамын. Әр жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгеру кезінде балалар топқа бөлініп, әрбіріне бес міндет беріледі: Мәнерлеп оқу. Түсіну. Сұрақтар қою немесе диалог құрастыру. Сызба арқылы өз ойларын айтып беру. Грамматика [5,6].
Ойымызды қорыта келсек, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.Осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»
2. Б.А Әрінова. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, № 1.
3. З.Ш. Ерназарова Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4.
4. Г.С.Қасбаева Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5.
5. Н.Т.Қазбекова Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану. «12 жылдық білім» 2006, №1.