Ахмет Йассауи урок казахского языка

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімдік жоспар

Сыныбы: 8 Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи. Хикметтері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға А.Йассауидің өмір жолы мен хикметтерінің ерекшелігі туралы ұғындыру.

Сабақтың міндеті: Ойшылдың хикметтерін жаттату, өз беттерінше іздендіру. Күтілетін нәтиже:Оқушылар топтасып жұмыс жасап, сыни тұрғыдан ойлана біледі, тақырыпты жүйелі мазмұндай алады.

Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылар А.Йассауи туралы өзіндік пікірін айта біледі, бір-бірінің пікірін құрметтей алады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс «Төрт түс, төрт жауап», «Синквейн», «Жауапқа сұрақ» әдістерін қолдану.

Уақыты

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин

2 мин

Кіріспе

Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі 

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топқа бөлу. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөліп, әр топта спикер сайлатып, бағалау парақшаларын таратып беру. Спикерге әр жауап берген оқушыға қызыл жұлдыз-5, көк төртбұрыш-4, жасыл үшбұрыш -3 екенін айтып, оқушылардың жауаптарына сәйкес топ ішінде өз-өздерін бағалату. 


Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушылар топтарға бөлінеді.



7 мин








20 мин










7 мин



2 мин






3 мин










Негізгі бөлім



















Үй жұмысын тескеру.

-А.Иугнеки туралы не білесіңдер?

-А.Иугнекидің шығармаларының тәрбиелік мәні қандай?

«Ыстық орындық» әдісін қолдану.




«Төрт түс, төрт жауап» әдісімен постерге топтық жұмыс жасат(Йассауидің өмірі, шығармашылығы бойынша)



Йассауи сөзіне «Синквейн» әдісімен талдау жасау


«Жауапқа сұрақ» тәсілімен сұрақ тудыру.


Миға шабуыл стратегиясы бойынша оқушылар алған деректерін жинактайды.


Жұппен жұмыс: 

-Хикметтерді жұптарға бөліп(әр жұпқа екі жолдан), үзіліспен оқыту, талдау
- Жаңа сөздерді дәптерге жазу
 
(сопылық, Хақ Мұстафа аманаты,нәпсі,Мақшар күні, тәуба, төрт аяқты ағаш ат, Ысырап көпірі, жазмыш, Фәни шаһары, тар қапастың тоты құсы қақты ұшқалы)

Ахмет Йассауи кім? Өмірі туралы не білдіңдер? 
(БББ кестесі)
 

Тест тапсырмалары 
1. АхметЙассауи кім?
 
А) жазушы, ақын
 
Ә) әнші, композитор
 
Б) ақын, ойшыл, ұстаз, діни ағартушы, сопылардың бірі
 
2. Ахмет Йассауидың қанша шәкірті болған?
 
А) 60000
 
Ә)20000
 
Б) 90000
 
3. Йассауидың ұстазы Арыстанбаб кесенесі қай жерде?
 
А) Түркістанда
 
Ә) Сайрамда
 
Б) Талас-Шу бойында


«Ыстық орындық» әдісімен сұрақтардың жауабына жауап беру.






Берілген тапсырманы топтасып талқылап, постерге жұмыс жасайды, қорғап жауап береді.



Оқушылар Йассауи сөзін 5 сөз табына орай талдайды.

Берілген жауапқа өздері сұрақтар қояды.



Жұптық жұмыс. Мәнерлеп оқу. Талдау.



Дәптерге сөздерді жазады




БББ кестесін толтыру. 

2 мин











1 мин

Қорытынды

Бағалау түрлері 
- оқушының өзін-өзі бағалауы;
 
- топтық өзін-өзі бағалауы;
 
- мұғалімнің бағалауы;
 
- жалпы бағалау;
 
- критерийлер арқылы бағалау
 


Топ лидеріне критериалды бағалау парағын ұсынамын.

Стикерлерге кері байланыс жаздырып аламын.



Үй жұмысы: шығарма жазуға дайындық

Бағалау







Әр топ лидері топты бағалайды.

Оқушылар сабақтан не түйгенін, пікірін ағаш суретіне жазып жабыстырады.