№7 орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Фонетикадан өткенді қайталау»
5 «А» сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Таңбаева О.Н.
2009/2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалуы, жіктелуі, буын
түрлері, үндестік заңы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
тілін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, мәдениетті сөйлеуге, ойын
нақты жеткізе білуге, ұлт жандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Әдісі: топқа бөлу, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Графопроектор, сандар тізбегі, әріптер тізбегі, сызба.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих,әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару. (2 мин.)
І деңгей: Теориялық тапсырмалар
І топқа:
1. Фонетика деген не?
2. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. «У» дыбысының ерекшілігі туралы не білесің?
4. Буын дегеніміз не?
5. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?
ІІ топқа:
Дауысты дыбыстар деген не?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Буын үндестігі деген не?
Тасымал, тасымалдауға болмайтын сөздер
Ілгерінді ықпал деген не?
ІІІ топқа:
Буын түрлерін ата. Мысал келтір.
Үндестік заңы дегеніміз не?
Қазақ әліпбиі деген не?
Кейінді ықпал деген не?
Тіл дыбыстары туралы не білесің? (9мин)
ІІ деңгей. Жаттығу – тапсырмалар:
І топқа: Мақал – мәтелдердің ішінен ашық буынды сөздерді тап.
Болат қайнауда шынығады.
Батыр майданда шынығады.
ІІ топқа: Тұйық буынды сөздерді тап.
Отты үрлей берсең, өшірерсің
Көршіңді күндей берсең, көшірерсің.
ІІІ топқа: Бітеу буынды сөздерді тап.
Диқаншы жерін мақтайды,
Балықшы көлін мақтайды.
ІІ тапсырма: Мәтіннен асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Тасымалдауға болмайтын сөздерді тап.
І топқа:
Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз.
ІІ топқа:
Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел – жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, оларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
ІІІ топқа:
Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
ІІІ деңгей: 1.«Шашылған әріптер». Ретке келтіріп, ережесін айт.
а, ә, э, 2. қ, к, х 3. б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
о, ө, е т, с, ц
ұ, ү, у ч, ш, щ р, й, у, л, м, н, ң
ы, і, и. П, ф
2. «Цифрлар не дейді?»
42, 12, 11, 8, 7, 6, 9, 5, 4
ІҮ деңгей «Шығармашылық тапсырма»
Метаграмма құрастырыңдар
Көктем туралы мәтін құрастырыңдар
Бірдей дауыссыздан басталатын жаңылтпаш құрастырыңдар
Сабақты қорыту:
«Соңғы сөзді мен айтайын....» стратегиясы. ( схема бойынша оқушыны сөйлету)
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Ребус құрастыру және көктем туралы шағын шығарма жазып келу.