Менің туған өлкем урок по казахскому языку 10 класса

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Менің туған өлкем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - қиялын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: өз халқына, еліне, Отанына деген мақтаныш сезімін ояту, оқушылардың елін, жерін сүюге, қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суретті кестелер, мақал - мәтелдер, техникалық құрал, бағалау жетоны.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық, әңгімелеу, ой - толғау.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық дайындық. Сабаққа дайындық.

Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту видео бейне көрсету арқылы басталады.

«Ой - қозғау» стратегиясы бойынша көргендері туралы сұрақтар қою, кластер толтыру.

Отан, өлке,туған жер сөздерін естігенде ойларыңа не келеді?

Кең байтақ Тәуелсіз




бай

әдемі


Сөздік жұмыс.

Отан – родина

Туған жер – родная земля

Тәуелсіз – независимая

Кең байтақ – прасторная

Әдемі – красивая

Кіріспе.

Отан - адамның туып - өскен, ата - бабаларынан бері кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен байланысты. Отансыз адам болмайды. Туған жер ата - ана, бала - шағасы, солармен бірге осы өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы. Туған жерді шексіз сүйіп, ардақтау керек. Отансыз адамдардың күні жоқ. Онсыз тіршіліктің мәні болмайды. Алыс кетсең оны сағынасың, тіпті ол алыстан қол бұлғап шақырғандай болады. Ол жерде сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың. Кейін сол үшін адал қызмет жасайсың. Оны мәңгілік сүю және қорғау әрбір азаматтың парызы.
- Оқушылар, мен не туралы айтып тұрмын?
- Әрине туған жер, Отан туралы.


Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, мағынасын түсіну, аудару. Сұрақтарға жауап беру.

-Сенің Отаның?

-Сен қай қалада тұрасың?

-Отаныңның астанасы қай қала?

-Туған жеріңнің табиғаты қандай?


Тапсырма. Мақал - мәтелмен таныстыру, мағынасын түсіндіру.


Оқушыларды ІІ топқа бөліп мақалдарын тапсыру, мақал – мәтел бойынша мағынасын жоба ретінде постер дайындау, қорғау.


І топ. Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

ІІ топ. Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

Оқулықпен жұмыс.


Дәптермен жұмыс

Отан Тату ауыл 
туған жер көп халық
 
көл ел
 
әдемі бай
 
үлкен өлке
 
-Ал,енді осы жердегі қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп оқыңдар.Кім оқиды?
 
-Бай,үлкен,әдемі,тату.
 
-Енді осы сөздерді пайдаланып,бірнеше сөйлем құрастырыңдар


Отанымыз-Қазақстан.Қазақстан жерінде туған қандай белгілі жазушыларды,ақындарды,суретшілерді,ғалымдарды,ғарышкерлерді білесіңдер ? Мұғалімнің сұрағына жауап беру, ауызша


Поэзия минуты: Отан, туған жер, өлке туралы өлеңдер, мақал – мәтелдер білетін оқушыларды сұрау.


Сабақты бекіту.

«Қазақстан» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

Венн диаграммасын толтыру.


Кері байланыс парақшасын тарату.

«Бағдаршам» арқылы сабақты қорытындылау.

Біз бүгін не туралы айттық? 
-Не білдік?
 
-Нені үйрендік?
 

Үй жұмысы: «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазып келу.


Оқушылардың білімдерін бағалау.