Статья по казахскому языку по подготовке к ЕНТ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың жолдары мен тәсілдері.

Павлодар қаласының

6 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Гүлнар Қалымжанқызы Сағитова

Еліміз өз тәуелсіздігіне көл жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта білім беру, функционалдық сауаттылықты дамыту- ұстаздардың алдында қойылған негізі міндеттердің бірі. Қазіргі қоғамда көп әр түрлі өзгерістер жаңа технологиялар мен адам қызметінің түрлері пайда болып жатыр. Кембридж бағдарламасында да елдің сауаттылығына қажетті талаптарға қарай жеке индивидуумдардың сауаттылығына деген талаптар өсуде.Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындап шығару мұғалімнің ізденушілігіне байланысты.Дайындық барысында электронды оқулықтарды,анықтамалықтарды, «Шың» баспасынан шыққан тестерді пайдаланамыз. Оқытуда интерактивті технологияларды қолдану, күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру кезінде ғана оқушылар тесті жақсы тапсырып,ал сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады .Біріншіден , өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау; екіншіден, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмаларды құрастыру;үшіншіден, тақырыптар бойынша бақылау тестілерін алу; мониторинг және қатемен жұмыс жүргізу. Қатемен жұмыс кезінде түрлі жұмыс жасауға болады: грамматикалық ережелерді аудару,жаттау,ережелерін еске түсіріп жазу,деңгейлік тапсырмаларды орындау. Әр тараудан кейін тест жұмысын алып, қандай сұрақтардан қате жібергенін анықтап, сол тақырыпты оқушыға қайтадан түсіндіру керек . Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Кембридж бағдарламасы бойынша 3 деңгейлік курстан өтіп, жаңа әдіс – тәсілдерді,стратегияларды сабағымда пайдаланып отырамын.Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен ,жұппен отырғызып дайындауда тиімді. Дегенмен, жекелеген оқушылармен арнайы жұмыс жасау,нәтижеге жылдам жетуге болады. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түcіндіріп, оқушыға мысал келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп, өзіне қайталата отырып қорыту керек. Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманы дұрыс орындайды. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.