Пән: Өзін – өзі тану
Күні: 19.01.2016
Сынып: 7
Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: жақсы көру, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.
Мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.
Міндеттері:
-азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;
-оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым- қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі:
«5 Т» ережесінің сақталуын еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
-Тыныштық сәті сіздерге ұнады ма?
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс)
«Азаматтық формуласы» мазмұның айту
Пікіралмасу сұрақтары:
Мәтіндегі азаматтықтың формуласына қосып, аларың бар ма?
ІІІ. Дәйексөз:
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!»
Дәйексөзді талдау:
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?
Дәйексөзді ұлдар жеке хормен оқиды, қыздар жеке хормен оқып, сосын дәптерлеріне жазып алады.
ІV Мұғалімнің сыйы: «Байұлы»
Әңгімелеу:
Бұл аңыздан не түсіндік?
Қоғамға аянбай қызмет ету дегеніміз не?
ІV Шығаршашылық жұмыс
«Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбына эссе жазу.
Өлең шығару
Сурет салу
V Топпен ән айту «Өз елім»
VІ Үйге тапсырма:
«Бір шымшым топырақ» мәтінді оқып, мазмұның айту
«Атамекен», «Туған жер» туралы мақал- мәтел жазып келу.
VІІ. Соңғы тыныштық сәті: Баяу әуен қосылады:
-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.