Т. Әлімқұлов Қараой әңгімесі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пәні:қазақ әдебиеті


Сыныбы: 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Тәкен Әлімқұловтың "Қараой" әңгімесі

Жалпы мақсаты:

1.Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мазмұнымен танысу;

2. Тақырыбы мен идеясын ашу;  адалдық пен жолдастыққа тәрбиелеу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру; 


Сілтеме:

Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы ; Әдебиет оқулығы 9-сынып;

Хрестоматия 9-сынып;

МАН-2015ж


Оқу нәтижесі:

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.


7 модульдің қолданылуы

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»


Негізгі идеялар:

«Ел қорғаған Махамбет»

Қолданылатын материалдар:

АКТ, ,стикерлер, А-4 парағы

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. «Ортадағы қаламсап» әдісі

Блум таксономиясы, Эдвард Де Боно «Ойлаудың алты қалпағы»

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

2 мин

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу. «Қазақ еліне саяхат»

Алтын ережеге бағыну қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.


Шығармадағы атаулар бойынша 4 топқа бөлемін.


Музыка ырғағымен оқушылар қолдарына глобустың суреттерін алады, да қазақ елінің қай жеріне саяхатқа барғысы келетіндері, ол жерді көру несімен қызықты екендігін айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1-топ – Махамбет

2-топ – Ықылас

3-топ – Қараой

4-топ – жазушы


І.Білу,Түсіну 10мин

«Білу» критерийі: кім? не? қандай? қалай? кімді? нені? қанша? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек

4 топқа тапсырмалар беру

«Ортадағы қаламсап» әдісі арқалы әңгіме мазмұнын сұрау

1.Қараой,Махамбет ...

2.Кешіккен Ықылас

3.Махамбет пен қонақтар арасындағы келіспеушілік

4. Қараойдағы қаралы үй

Таңдалған қаламсап иесі әңгіме мазмұнын баяндайды

ІІ.Түсіну.7мин

«Түсіну» критерийі: неге? неліктен? не себепті? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.

Эдвард Де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы " арқылы мәтін бойынша топтық жұмыс.

Әр топқа бір түсті қалпақ беріледі.(шығарма мазмұнына, оқушылардың санына байланысты төрт қалпақ таңдап алынды)

[pic] - ішкі сезім,эмоция және интуицияны білдіру.

[pic] –негативті ойлау

[pic] - ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар.

[pic] - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.


Оқушылар өз түсінік деңгейі бойынша нақты дәлелдермен дәлелдейді.


ІІІ. Қолдану

12мин

РАФТ әдісі

Р-Махамбет

А-Ықылас тобы

Ф-диалог

Т-Ел үшін туған Махамбет

Тақырып мазмұны бойынша ролдік тапсырма орындайды.

ІҮ. Талдау.10мин

«Талдау» критерийі:

1.Салыстыр

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?


4 топқа төрт түрлі тапсырма беріледі.

1.Композициялық талдау

2.Венн диаграммасы

Өмірдегі Махамбет пен шығармадағы Махамбеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

3 Махамбетке арнау өлең шығару

4.Кейіпкерлерге мінездеме

Оқушылар топпен талқылай отырып әңгімені талдайды.













Ү.Жинақтау.5 мин

«Жинақтау» критерийі:

қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле,

1.«Қараой» әңгімесі мен Махамбет өлеңдерінің үндестігін тапқызу

Топтарға тапсырмалар беріледі



Оқушылар мәтінде берілген кейбір сөздердің ұқсастығын өлең жолдарынан табады(жаттаған өлең жолдары)


ҮІ.Бағалау

2мин

Бұл жақсы ма, жоқ па және не себепті?

Бұл қисынды ма, жоқ па және не себепті?

Егер де мен ... оқушылар әңгімеге өз бағаларын бере отырып,өз ойларын ортаға салады.

1.Егер мен Т.Әлімқұлов болсам әңгімені былай аяқтар едім...

2.Егер де мен Махамбет болсам...


Оқушылар әңгіме бойынша түйген ойларын ортаға салады,әңгімені бағалайды.

Бағалау парағы бойынша топ басшысы оқушыларды бағалайды.


V. Үй тапсырмасын беру

1 мин

1. «Ел қорыған мен едім...» ойтолғау жазу


Оқушылар күнделіктеріне жазады.

VII. Рефлексия

2мин

Стикерлерді толтыру


Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.













































«Қараой» әңгімесі Махамбет өлеңдері

1.Сирек біткен қызыл изендердің басы аралға ұқсаса Арқаның қызыл изені

Ақ селеулердің үкісі желбіреген желкенді еске түсіреді. Басы күрдек,түбі арал

Қыдырып шалар аруана

2.Әуеде ұшқан қызғыш: «Екеуміздің тағдырымыз бір Ау, қызғыш құс,қызғыш құс,

дегендей» қанатымен бәйек болады. Қанатың қатты ,мойның бос

Исатайдан айрылып

Жалғыздықпен болдым дос



3.Қара шұбар жыланның құйрығын басып,басын Хан емессің ылаңсың,

жаншымай кеткен.Енді өзінің басын мың монетке Қара шұбар жылансың

тіктіріп отыр

4.Балаларының Өтемістен туған ондай ,түгел атқа Өтемістен туған он едік

қонып жасақты қолға айнала алмағаны- орны Онымыз атқа мінгенде,

толмас өкініштей мазалады. Жер қайысқан қол едік



5.Алты малта ас болып,еңку-еңку жер шалған күндер Ереуіл атқа ер салмай,

мен түндер көз алдына елестеді Егеулі қолға найза алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай

1. Әңгімеде қандай ырым тиымдар сөз болады

Жауабы: адамның үй айналуы, күннің батар шағында айдың

тұтылуы.



2.Махамбеттің ақырғы үні мен ақырғы ойы «не» еді?

Жауабы: Ақырғы үні «Әуес!», ақырғы ойы «Қайран халқым!»

Еліне елеулі, халқына қалаулы, нағыз патриот, халқының қамын ойлаған ержүрек батыр, қайталанбас, біртуар ақын























































































): Махамбет өмірінің соңғы сәттері туралы, қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы туралы, басын қатерге тігіп, жауына қызмет етпеуі, серіктерінен айрылып, жалғыздықпен дос болуы және осылардың жанға салған сызаты шығармады терең суреттелгендігі туралы білдік. Қаламгер ұлттық психологиядағы ұғымдарды орнымен пайдаланған.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек.

Патриотизм - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезім.