«Егіннің бастары» Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрл- берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды. Аралап әр егінді қарап жүрді, Кез еді пісіп болған егін түрлі. Бастарын дәнге толған ,төмен салып, Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды. Жалғыз- ақ бір бидай тұр көкке қарап, Бейне бір жалғыз өзін көпке балап, Баланың сол бидайға көзі түсіп, Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап: «Құбылып бидайлар тұр басын салып, Жіберген мырза Құдай нұрға қанып. «Әй,әке.мұнын мәнін түсіндірші, Бір іске тұрмын өзім қайран қалып. Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке, Қарайды шекірейіп өзі көпке. Өзіне өзгелерге теңгермейтін, Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?» «Айтайын мұның мәнін саған, Шырағым,түрін көріп таңданба оған. Өзгесі төмен қарап,бүгілгенде, Ойлама кем екен деп бәрі сонан» Және де әкесі айтты баласына: «Сұқтанба құр сорайған қарасына. Құдайым өзгесіне дән бергенде, Бұл бидай дәнсіз қапты арасында, Бидайлар басы толып иіліп тұр, Дән берген қожасына сиынып тұр. Басында бұл бидайдың дәні болмай, Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр. «Елде көп бұл бидайдай адам, -дейді, Тәкаппар оны халық жаман,-дейді -Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам»,-дейді Мысалды хикая картасына салу
Қалыптастырушы бағалау Екі жұлдыз, бір тілек
Алдын ала іздендіру дағдысын қалыптастыру. Өздері үйден біліп келеді Қазақстандағы туризм . Бейне материал Мәтінді оқу «Прожектор» әдісі арқылы түсініксіз сөздердің мағынасын ашады «6 Неліктен?» әдісі арқылы Мәтінде көтерілген мәселені талқылау барысында оқушылар жұптасып бір-біріне алты сұрақтан қояды. 1.Неліктен қазіргі уақытта экотуризм мен экотурды төрт түрге бөледі ? 2. Неліктен экотуризм территориясына қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады? 3.Неліктен экотуризм жеткілікті түрде дамымаған? 4.Неліктен экотуризм деп аталады? 5. Неліктен экотуризмге көңіл бөлінбеген? 6. Неліктен экотуризмге қажетті табиғи қорлар үлесі аз? Қалыптастырушы бағалау Топтық зерттеу(Бірлескен жұмыс/жоба) сабақта оқушылардың бірлесе отырып, белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Ойларын сызба түрінде жеткізу үшін графикалық органайзерлер тәсілін қолдану ВЕНН диаграммасы бойынша Туризм мен экотуризмнің айырмашылығы мен ұқсастықтарын айтады Ф.Өзара бағалау
|