Қаптамалы қамырдан дайындалатын тағамдар тақырыбындағы шеберлік класс дәрісі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бүгінгі баяндаманың тақырыбы:«Ашытқысыз қаптамалы қамырдан тағамдар дайындау». Баяндама барысында қаптамалы қамырдан әр түрлі (төменде көрсетілгендей) пішінде тағамдар дайындауға болатындығы туралы айтылады.

Ашытқысыз қаптамалы қамыр дайындау:

Ұн-658 гр

Сары май-438 гр

Меланж-33 гр

Тұз-5 гр

Лимон қышқылы-0,8 гр

Су-237 гр

Шығымы- 1000 гр

Ашытқысыз қаптамалы қамыр үшін тұщы қамыр дайындайды. Ыдысқа су құйып, меланж, тұз, лимон қышқылы, ұнды салып, қамырды 15-20 минут араластырады.

Қамыр дайындаумен қатар майды дайындайды. Майды кесектерге бөліп, ұн қосып, біртекті массаға келгенше араластырады. Ұнды майға майдың ылғалдылығын төмендету үшін қосады. Егер ұнды қоспаса, қамырды жаю кезінде қабаттар жабысып қалады. Дайын майды тіктөртбұрышты пішінге келтіріп, 35-40 минутқа 12-14°С температураға дейін салқындағанша тоңазтқышқа қояды. Егер температура одан төмен болса, май үгітіліп, қамыр қабатын бұзады. Қамырды қалыңдығы 2 см төртбұрышты пішінде жаяды. Қамырдың ортасына салқындатылған майды салып, хат тәрізді жабады. Ұн себіп, оқтауды ортасына қойып, қалыңдығы 10 мм етіп, жаяды. Жайманы екі жағын бір біріне қарама қарсы қайырып, бір жақ жайманы екінші жайманың үстіне қойып, қалыңдығы 1 см етіп жайып, тоңазтқышта 35-40 минут 12-14°С температурада ұстайды. Жайманы оқтаумен баяу азықпай жаяды. Егер шапшаң илесе, қамырдың қаптамасы бүлініп, дұрыс көтерілмес еді. Салқындатқаннан кейін тағы да екі рет жайып, қабаттайды. Қамырды тоңазтқышқа 30 минут қояды. Салқындатылған қамырды керек қалыңдықта жайып, әрі қарай тағам дайындайды. Бұндай әдіспен дайындалған қамыр сапасы жақсы болады. Қаптамалы қамырды 256 қабатқа дейін қабаттауға болады. Егер қабат аз болса, тағамды пісіру уақытында май еріп, ағып кетеді де, тағам қатты болып піседі. Арасына салынған май көп болса, қабат қатты болып, жайған кезде жыртылып, тағам дұрыс көтерілмейді. Маргариннің орнына сары майда қолданылады. Қаптамалы қамырды тұтас күйінде немесе белгілі бір пішінде кесіп пісіруге болады. Белгілі бір пішінде қамырды кесу үшін арнайы өткір қалыптарды қолданылады.





Ашытқысыз қаптамалы қамырдан дайындалатын тағамдар:

  1. Самса(тартылған ет пен пияз, үгілген картоп пен пияз, ірімшік, жұмыртқа менсәбіз , пияз )

  2. Волован(уылдырық, краб пен жұмыртқадан салат, сары май кремімен, зәйтүнмен)

  3. Тәтті бөлке(джем,тосап,повидло,мак,кунжут,қант ұнтағы)

  4. Қаусырма(әр түрлі салмамен)



Қампамалы қамыр дайындауда қолданылатын құралдар:

[pic]



[pic]





[pic]



[pic]























Ашытқысыз қаптамалы қамырды пішіндеу және дайындау әдістері:

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]































Ашытқысыз қаптамалы қамырдан мынандай пішінде тағамдар пісіріледі:

[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]



[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]