Тексерілді :
Мектеп: №142 орта мектеп Мерзiмі:__16.03.2016 ж.
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: еңбекқорлық, табандылық, шыдамдылық, адалдық
Мұғалiм Сутенова Индира Сыныбы: 4 Оқушылар саны:11
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек , еңбекқорлық жайлы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Балаларға еңбекқорлық мен еріншек туралы түсінік беру,еңбекке қызығушылықтарын арттыра отырып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
Интерактивті тақта, тілек ағашы, сахналалық көрініске арналған құрал- жабдықтар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру
2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазу.
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз
«Еңбек- қуаныш, жалқаулық - айрылмас азап»
Абай
Алдымен ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту.
5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
«Шегіртке мен құмырсқа» мультфилмін көрсету.
А.И Крыловтың желісі бойынша
- Құмырсқаның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Шегірткенің жасаған әрекеті дұрыс па?
- Шегіртке еріншектігінің кесірінен қандай күйге түсті?
- Еңбекқорлық адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?
Шегіртке мен құмырсқаға ассосация әдісі арқылы сипаттама беру.
Еңбекқор
Адал Құмырсқа шыдамды
Табанды ақылды қанағатшыл
Еріншек
Жалқау шегіртке икемсіз
Талапсыз ақылсыз ойсыз
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: Сахналау
Оқушыларды екі топқа бөліп, 1- топқа:
«Еңбексүйгіш пен еріншек», 2- топқа: «Алтын балта» ертегісін сахналауды ұсыну.
«Тілек ағашы» ойыны.
Балалар, сендер көп еңбектендіңдер, енді әрқайсысымыз еңбекқорлыққа тән қасиеттерді стикерлерге жазып ағашқа ілейік.
Сөйтіп, бұл тақырыпты қорытындылайық.
7.Топпен ән айту.
Е.Өтетілеуов, И.Нүсіпбаев
Достар әні
8.Үй тапсырмасы:
Келесі «Төзім мен табандылық» тақырыбындағы дәптермен жұмыс 1- тапсырма аңызды оқып, жас Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбектеп жазу.
9. Соңғы тыныштық сәтi : Жағымды күйге келу
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!