Сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Ғашықпын» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру:
- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету
(сыныпты сабаққа әзірлеу);
- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
- Қатемен жұмыс;
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:
- Өткен сабаққа шолу
- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. «Ғашықпын» өлеңін талдау.
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Балаларға да арнап көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған. Газет-журналдарда жұмыс істеген.Ол өте көп керемет өлеңдер жазған.Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы.Жастарды елді,табиғатты сүюге,оны аялай біліуге үйретеді.Алып ақын туған даласы мен тауларына,ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын . Оның өлеңдері: « Туған жерде» , « Отан»
Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Жүрегімде сақталасың мәңгіге
Сенсіз жаным, айталмаймын әнді де
Сезіміңді маған деген байқадым
Сезім толы мөлдіреген көзіңде
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.
-М.Мақатаев кім?
-Қашан,қай жерде дүниеге келген?
-Әкесінің аты?
-Анасының аты?
-Атақты жайлаудың аты?
-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?
-Ақын өлеңдерін ата?
-Ақын поэмаларын ата?
-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
«Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға…»
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын.Сол аман ба?
О,тәңірім.Неткен жан қайырылмайтын!
Жүрегі еттен бе,әлден қоладан ба?
Ғашықпын!
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам!-деп Мұқағали ағамыз жырлаған.
7. Жаңа сабақты қорытындылау:
Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып - Махаббат диалогы.
-Сіздер алғаш қалай,қай жерде кездестіңіздер?
-Сезімдеріңіздің Махаббат екендігіне қалай көздеріңіз жетті?
-Ең бақытты сәттеріңізді атап өтсеңіздер?
-Махаббаттың мағынасын қалай түсінесіз?
Ситуациялық сұрақтарға кезек берейік.
-Сіз қызыңызды қараңғы түнде,тұманда қалай танисыз?
-Болашақ жігітіңіздің қандай болғанын қалайсыз?
-Қызыңыздың жақсы қасиеттерін, сізді тәнті еткен қылықтарын айтыңыз?
-Ғашық қыздың бейне кейпін сал.
-Қызыңызбен қатты ұрысып қалдыңыз ертең вечерге баруларыңыз керек, сіздің іс-әрекетіңіз қалай болмақ?
-Махаббатқа адал болуды қалай түсінесіз?
-Сіз үшін достық пен ғашықтықтың айырмашылығы неде?
- Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!
8. Үй тапсырмасы:
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
М. Мақатаевтың өмірін оқу, өлеңдерін жаттап келу.
9. Сабақты бағалау кезеңі:
Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).
10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.