Жіктеу есімдігінің түрленуі қазақ тілі (7-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ тақырыбы:

Жіктеу есімдігінің түрленуі

Жалпы мақсат:

Оқушының есімдіктен алған білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау, жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру; тәрбиелік - оқушылардың қызығушылығын арттыру, ақыл - ой, парасат тәрбиесін беру; дамытушылық - оқушылардың ақыл - ойын дамытатын әңгіме, мақал - мәтел, жұмбақтар, грамматикалық ойындар пайдаланып, ой - өрісін дамыту.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Білімдерін жүйелейдіоны өмірде пайдалана білуге ұмтылады. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды.

Негізгі идеялар:

Қадағалауға, бақылауға үйренеді


Сабақта қолданылатын материалдар:

А-3 парағы,флипчарт, стикерлер, оқулық.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау

Дерек көздері:

Оқулық, электронды оқулық


Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар


Үйге тапсырма

1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы?
2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады?
3. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жеті түрге: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік.
4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді? (Олар септеледі, жақпен байланысты қолданылып жіктеледі)
Жекеше, көпше.
І. Мен
ІІ. Сен Сіз
ІІІ. Ол
І. Біз (айтушы, тыңдаушы жақ)
ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ)
ІІІ. Олар (бөгде жақ)

Қызығушылық

тарын ояту

Тапсырма. Жұмбақтар. Есімдіктерді тап.
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?

Мағынаны тану

1.79-жаттығу Есімдіктерді теріп жазып, талда.


. «Ойлан, тап»
Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, талдау.

Әкем - менің тәңірім, пайғамбарым
Ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
Біліп алған, япыр - ай, қайдан бәрін?!

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін
Хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім ататын барлық істе
Біздің үйде бас қазы — әкем менің.

Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана.
Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.

Ойтолғаныс

1. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыздар. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтірейік.

1) Бақыт деген -... бала күндерің,
Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)

2)... қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)

3)... жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)

Кім жалғастыра алады?

Электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау

Бағалау

Өзін өзі бағалау.

Рефлексия

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Үйге тапсырма

«Мен әкім болсам...» эссе