Сабақтың ортасы | ЖЖ Интервью әдісі (дизайн мышления әдісі бойынша) А және Б оқушылар Тақырып бойынша бір-біріне 2 минут ішінде сұрақ қояды (сіз қай әншіні жақсы көресіз? [link] музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
3-топқа Салт айтысы Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады. Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады. "Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.
1-мәтін бойынша үлгі Қазақ музыкасын бастаған кімдер деп ойлайсың? 1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
3........
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
4.......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
2-мәтін бойынша үлгі 1.Сіз Абай Құнанбаевтың музыкаға қатысы бар екенін білесіз бе?? 1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
3........
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
2.......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
4.......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
3-мәтін бойынша үлгі 1.Айтыс қандай өнер деп ойлайсыздар? 1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
3........
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
2.......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
4.......
1-жұптың жауабы:
2-жұптың жауабы:
|
|