Статья на тему: «Көркем сөз өнері – мақал-мәтелдер»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Көркем сөз өнері – мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.

Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын , сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар , оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.

Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.

Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.

Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде , көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен, өлеңмен жасалады.

Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі , тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.

Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.

Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.

Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді. Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы ;Қоянды қамыс өлтіреді , ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары.

Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп қолданылады.Ақын – жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.

Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.

«Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың», деп еңбектенудің, алаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жасөспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызықтыра түседі. Балалардың көңілін серпітіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.

Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.

Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған .Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.

«Оқу – білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды, мығым болатынын сан рет ескертеді.

Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.

«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра ,қалайда соның уәдесіне жет , шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың.

Өкініш естен кетпейді ,бір тойғаның түске жетпейді.Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.

Адам болар баланың кісіменен ісі бар,

Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы, ынтасы жас кезінен танылады.Көпшілікке , оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл- парасатқа бой ұрып, игі жұмысқа тез үйренеді.

«Мақал дегеніміз – тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем…Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.

Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.

Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенмен мағынасына ,құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді.Мысалы:Толмасқа құйма,тоймасқа берме.

Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады,эпитет,теңеу қызметтерін атқарады.Мысалы:Ат қойып,айдар тағып ,көргеннен көзі ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.

Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ.Ертегі, аңыз әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда дау сөз әрлеу, ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің аталған жанрларына материал-кірпіш болып қаланумен бірге,олардан өзі де нәр алады, ойлы, өнегелі сөйлемдер есесінен байып, дамиды.Қорқыт дегенде өстіп Қорқыт деп пе едім дейтін мәтел «Бөдене мен түлкі» әңгімесімен, Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен байланысты шыққан.

Мақал-мәтел халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен,бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл ойының жиынтығы, анықтамасы: табиғатта,өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен,құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.

Әр халықтың мақал мен мәтелі-сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы,ережесі.Ол кез-келген уақиғаның, мәселенің тұсында еске түседі.