Урок Ескерткіштер елдіктің белгісі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.04 күні «Ата жұртқа саяхат» атты библиографиялық шолу өткізілгені туралы мәлімет:



ЮНЕСКО-ның ескерткіштерді қорғау жөніндегі Халықаралық Кеңесінің Ассамблеясы 1983 жылы 18-ші сәуірді «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» деп белгілеген. Осыған орай мектеп кітапханасында «Ата жұртқа саяхат» атты библиографиялық шолу өткізілді. Бұл шолуға «Ескерткіштер - елдіктің белгісі» атты 2011 жылы «АСА» баспасынан шыққан фотоальбом кітабы алынды. Фотоальбомға Алматы облысының аумағында әр кезеңдерде бой көтерген монументтік мүсін өнерінің алуан түрлі туындылары енгізілді. Бұл топтамаға қола дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи уақиғалар мен танымал адамдарға арнап салынған ескерткіштер іріктеліп, олар туралы қысқаша ақпарат баяндалды.

Халқымыздың тарихынан, өр рухынан сыр шертетін, еліміз бен жеріміз үшін жанын пида еткен есіл ерлер мен батырларға, хандар мен билерге, ұлтымыздың біртуар перзенттеріне арналған ескерткіштердің Жетісу бойында жыл санап көбейе түсуі көңіл қуантады. Біле білген адамға ескерткіштер - тарихымыздың өшпес беттері. Қай уақыттта, қай кезеңде болсын болашаққа деген сенімінен айнымаған, ертеңінен жақсылық күтіп, өзін-өзі өсірген қазақ халқы «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұлағатты сөзді бекер айтпаса керек. Сондықтан елім деп өткен ер бабаларымыздың басына кесене тұрғызу, оларға ескерткіш орнату - біріншіден, ата-бабаларымыздың аруағына деген сый- құрмет болса, екіншіден ұрпағымыздың елін, жерін, Отанын сүйіп, патриот болып өсуіне ықпал ететін, рухани күш беретін тәрбие көздерінің бірі. Жетісу ескерткіштерін жарқырата паш ететін бұл басылым осы жолдағы тағы бір қадам.

Сонымен қатар бұл альбомда, Алакөл ауданында қойылған ескрткіштер жайлы қысқаша мағлұмат берілген.

1.Қабанбай батыр ескерткіші, Үшарал қаласы. (1692-1770) - қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресін бастап шыққан даңқты қолбасшылардың бірі. Жоңғарларға қарсы барлық ірі шайқастарға қатысты, ерен ерлігіне орай «Ханбатыр» , «Дарабоз» деген атқа ие болды.

[pic]

2.Қабанбай батыр тарихи-этнографиялық мұражайы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы.

[pic]

3.Қазақтың біріккен жасағы жоңғарларды ойсырата жеңген Аңырақай шайқасының құрметіне қойылған ескерткіш тас. Алакөл ауданы, Жоңғар Алатауының етегі. Алакөл ауданы Ааааааа [pic]

4.Д.Қонаев ескрткіші. Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, үш мәрте социалистік Еңбек Ері. Д.Қонаев басқарған кезеңде республикада ірі өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды. Қазақстан ғылымы мен мәдениеті өркендеді. Алакөл ауданы,

Үшарал қаласы [pic]

5.Черкасск қорғанысының құрбандарына арналған обелиск. Алакөл ауданы. [pic]

6.Ж.Балапанов ескерткіші. (1920 жылы туған ) - экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1956 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1945-65 ж. партия, кеңес органдарында басшы қызметте болды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты - аграрлық –өнеркәсіп кешенін ұйымдастыру. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.

[pic] [pic]

7.Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес- жауынгерлерге орнатылған ескерткіш.Алакөл ауданы,Бұлақты ауылында орнатылған ескерткіш.

8. Ұлы Отан соғысы батырларына арналған обелиск. Бұл Екпінді ауылында орнатылған

8.Ұлы Отан соғысы батырларына арналған обелиск. Бұл Ақжар ауылында орнатылған. [pic] 9.Интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткіш, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы. [pic]

10.Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында Ә.Әлімжанов атында саябақ бар, және де ескерткіші қойылған.









[pic] [pic]