Тақырыбы: Әбілхасан Рудаки.
Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейт Шығармаларының негізгі тақырыптарын мәнін анықтату.
С. түрі : жаңа білім беру сабағы
С.әдісі: дәріс сабағы , мәнерлеп оқу, талдау, мазмұндау, топтастыру
Көрнекіліктер: ақын суреті, деректер
Қосымша деректер бойынша жұмыс
Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ.
Заманында “Ақындар атасы” атанған.
Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау.
Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті.
Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады.
Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс.
Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады.
Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты.
Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты .
Мәтінмен жұмыс.
1.Ақының өлеңдерін мәнерлеп оқу
2. Ақын көтерген негізгі мәселелерді топтастыру.
3.Өмір жайлы өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау
4.Түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса 5. Шығармашылық тапсырма. «Өмір» дегенді өзің қалай түсінесің? Өз ойыңды еркін жаз
6. Өлеңдерінен ақынның келер ұрпаққа айтар өсиетін, ақылын тауып оқы
7.Дана болсаң –қатал саған тағдыр да,
Буырқанып қал, аяғыңнан шалдырма-деген өлең жолдарының мағынасын ұғындыр.
Қорытынды: Ақын өлеңдерінің тәрбиелік маңызы неде? Мысалмен дәлелде.
Үйге: Өлеңдерін жаттау. Қосымша деерктер жинау