Факультативтік сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
Абайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.
Абай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А.Құнанбаев шығармалары мен өмір жолы.
Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу
ІІ. Мағынаны тану сатысы
“Автор орындығы” Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?
3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”
5. Абайдың қара сөздері?
6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?
7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?
9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?
Абайға шолу.
І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. (Бейнефильм)
Тренинг «Адасқан әріптер»
1)Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
2)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін мәнерлеп оқып танысу
Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
[link]
сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан.
Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
2. “Сергіту сәті” (ОқушыларАбай бір шумақ әнін тыңдап,өздері жалғастыру қажет)
ІІІ. Ой толғаныс сатысы Топтастыру «постер»
[pic] [pic] [pic]
[pic]
[pic]
[pic] [pic]
3. “Еркін жазу” стратегиясы.
Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.
4. “Рефлекция” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды. Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан ізденуден жалықпайық.
Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін жаттап келу