Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру;
ә) дамытушылық - әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту;
б) тәрбиелік – оқушыларды тілін сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
102-жаттығу.Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз.
Мысалы : Сен кімнің баласысың?
103-жаттығу.Нешінші,қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып,мағыналық,тұлғалық жағынан салыстырыңдар.
Жіктеу: І нешіншімін,қайсысымын
ІІ нешіншісің,қайсысысың
Нешіншісіз,қайсысысыз
ІІІ нешінші,қайсысы
Тәуелдеу: І нешіншім,қайсысым
ІІ нешіншің,қайсысың
Нешіншіңіз,қайсысыңыз
ІІІ нешіншісі,қайсысы.
Жаңа сабақ.
Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі (оқулықта берілген).
Өздік есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.
Өздік есімдігінің жіктелуі (оқулықта берілген)
Өзім есімдігін септеп, Өзің есімдігін жіктеп,
біреуіне сөйлем құра біреуіне сөйлем құра.
А. өзім
І. өзімнің І.өзіңмін,өзіңбіз
Б. өзіме ІІ.өзіңсің,өздеріңсіңдер
Т. өзімді өзіңсіз,өздеріңсіңдер
Ж. өзімде ІІІ.өзің
Ш. өзімнен
К. өзіммен
Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.
Өзім – тәңірі табынамын ... (өзіме)
Сөзім – құран, бағынамын ...! (сөзіме)
Бұзушы да,түзуші де ..., (өзіммін)
Енді,ескілік,келдің өлер ...! (кезіңе)
Мағжан Жұмабаев.
Керекті сөздер: сөзіме,өзіме,өзіммін,кезіңе.
Тапсырма: өздік есімдігін тауып,олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.
Өзім – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы
Өзіме – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -е барыс септігі
Өзіммін – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж.
І жағы.
Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.
1.Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
2.Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
Тәуелсіз Қазақстан
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық.Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен,бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені.қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан республикасы.1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді.Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.Елдің өз құқы өз қолында,ешкімге тәуелді емес.
Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
«Қазақстан тарихынан».
Тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.
Жаңа материалды бекіту.
Логикалық диктант
1.Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)
2.Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? «түбірі өз, -і –тәу.жал. ІІІ жағы, -сіз –жік.жал. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер, -көп.жал.)
3. Өзіңмен қай септікте тұр? (көмектес септікте)
4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)
5. Өздік есімдігі бар мақал жаз.
Сөзжұмбақ.
1. Ханның аты 2. Айтыскер ақын қыз
3.Септік аты
4.Ақын, батыр
5.Астық өсіруші
6.Ұлттық тағам
7.Септік аты
Қорытынды. Кластер стратегиясы.
Үйге тапсырма.
1.Эссе стратегиясы «Менің арманымдағы Қазақстан» (есімдіктері,әсіресе өздік есімдіктері бар).
2.Тест құрастыру.
Бағалау.