Урок по казахскому языку на тему диктант Әдеп

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі 7 сынып


Сабақтыңтақырыбы: Диктант «Әдеп»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың фонетика, лексика, тақырыптардан алған білімдерін және тыныс белгілерін дұрыс қоя білулерін бақылау, тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, өз беттерінше жұмыс істей білуге, сауатты жаза білуге баулу.

Тәрбиелік: Отанын, тілін сүюге, тарихын білуге және таза, қатесіз жаза білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: диктант

Сабақтың көрнекілігі: жазылуы қиын сөздер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру барысы.

- Оқушыларды түгендеу;

- Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- диктантты оқу, мазмұнын ашу.

- жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазу.

ІІ. Диктант.

Әдеп.

Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады. Жағымды дәстүр, үлкендердің үлгі – өнегесі әдетке, дағдыға айналады. Мысалы: сауап, кесір, обал, ысырап – күнделікті тәрбиеде қолданатын ереже.

Сауап – басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау.

Кесір – қалыптан тыс анайы, теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі.

Обал – жақсы нәрсенің қадір – қасіретін білу, аяққа баспа, тастама деген ұғымды білдіреді.

Ысырап – әр заттың құнын, бағасын білмей, босқа шашуды білдіретін ұғым.

Әдеп сақтау – этикет, яғни мінез – құлық пен қарым – қатынастың қалыптасқан халықтың ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүррі де бұзылады. Ал оны сақтау, құрметтеу, қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады.

(88 сөз)

ІV. Үй тапсырмасын беру.

Өткен сабақты қайталау.

V. Дәптерлерін жинап алу. Бағалау.