«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп : «Алтынтөбе» жалпы орта мектебі
Тақырыбы:Сен де бір кірпіш дүниеге...
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Мұғалім: Жетпісова Қалима Сынып 8 Оқушылыр саны
Сабақтың мақсаты: –Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәбиелеу..
Міндеттері:– Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру
–Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;
–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті :
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Ресурстар:(құралдар,
мәліметтер)
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптермен жұмыс
Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз
«Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды»
ТомасМанн
4.Әңгімелеу(сұхбат):О.Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқу.
5.Шығармашылық жұмыс:
«Өмір мектебі» тақырыбына эссе жазындар
6.Топпен ән айту.
Ә.Тәжібаев
Өмірді аяала
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды,жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал демес едім.
Қимылдай бер,тартабер ескегіңді,
Шығада алдан жап-жарық келкшегің
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес,бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы.
Қашан,қайда барсаң да,өз еркіңде.
7.Үй тапсырмасы.
Үй жұмысы ретінде Н.Әжіғалиевтің «Есіңде мәңгі қалғым келеді» өлеңін оқып келу