Киіз үй. Етістіктің етіс категориясы 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: а/ Мәтін бойынша берілген сөздермен жұмыс.(аудармасы кітапта) Кереге , киелі мүлік, қанатты үй, керегесі кең, уық, шаңырақ, жұп – жұмыр, баспана, бас сұғу. 1.Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыру. Ағаш кереге, бесік киелі мүлік, киіз үй қанатты үй, киіз үйдің кереге...


Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Н. Муканова.


Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Етістіктің етіс категориясы.

Сыныбы: 9 –сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушылармен сабақтың тақырыбы жайында ой пікірлерімен бөлісу және етістіктің етіс категориясын қайталау, тапсырмаларды орындау.

Міндеттері:

- оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, ауызша , жазбаша сауаттылықтарын тексеру;

- мәтінмен жұмыс істеуге машықтандыру;

- мәтіндегі сөйлемдерге грамматикалық талдаулар жасау;

- мәтін бойынша ойын бірізді жүйелі түрде айтуға үйрету;

Сабақтың әдіс – тәсілдері : сұрақ – жауап, түсіндіру, ізденіс, тексеру

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Интеграциялық мүмкіндігі : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 . Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Етістіктің шақ түрлерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а/ Мәтін бойынша берілген сөздермен жұмыс.(аудармасы кітапта)

Кереге , киелі мүлік, қанатты үй, керегесі кең, уық, шаңырақ, жұп – жұмыр, баспана, бас сұғу.

  1. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыру. Ағаш кереге, бесік киелі мүлік, киіз үй қанатты үй, киіз үйдің керегесі кең, киіз үй уығы, біртұтас шаңырақ, жұп – жұмыр қол, халық баспанасы, үйге бас сұғу.

  2. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

ә/ Мәтінмен жұмыс .«Киіз үй»

1.. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтін бойынша өз ойын айту.

б/ Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындау.

1. жаз, бер, айт – сөздерін етіс жұрнақтарымен жазыңдар.

2. барғызды, көргізді - сөздеріне морфологиялық талдау.

3. «Киіз үй» мәтінінің арасынан сөйлемдерге синтаксистік талдау.

в/ Оқулықтағы 4,5 –тапсырмаларды орындау. 82бет.

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Киіз үй кімнің баспанасы?

2. Киіз үйдің бөлшектері қандай?

3. Киіз үй қандай шаңырақ?



4. Қазақ халқы киіз үйді қалай ұстаған?

Ү. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді мазмұндау.

2. Етіс категориясын жаттау.

ҮІ.Бағалау.