Пособие по сестринскому делу Жүрек - қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік

медицина колледжі









Жүрек - қан тамырлар жүйесінің

қызметі бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс.





[pic]









2016 жыл



УДК 616 В

ББК 54.1

Семей қаласы 2016 ж«Медбикелік ісі» бөліміне арналған жұмыс дәптері. Көмекші құрал Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің арнайы клиникалық пәндер цикл мәжілісінде қарастырылып, талқыланды. Хаттама №1 11.09.2016 ж.

Бұл көмекші құрал медицина колледждерінде арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Көмекші құралдың негізгі мақсаты – оқушылардың мейірбике ісі пәнінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және тәжірибе жүзінде дағдыларын игеріп жүзеге асыру және көрсете алу. Жұмыс дәптері оқытушының өз еркімен дайындалуына және сабақ кезінде қолдануға арналған..


Құрастырған: 0-58 Омарбаева Ж.Т
































Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу

жағдайында баға беру.

Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына төс және жүрек тұсының ауыруы,демікпе,жүректің қатты және шалыс соғуы, тері және кілегей қабықтардың көгеруі, шемен-ісіктері, диспепсиялық шағымдары,жөтел,қан түкіру жатады.

Ауырғандық: Жүрек тамыр ауруларында ауырғандық адам организмінің әр жерінде кездеседі. Оның жиі локализациясына төстің арты,жүректің тұсы, оң жақ қабырға асты, бас,іш қуысы және аяқ жатады.

Төс арты және жүрек тұсының ауыруы жүректің ишемия ауруында,жүрек неврозында(кардионеврозда),жүрек бұлшық еті мен перикард ауруларында кездеседі. Көрсетілген локализациядағы ауырғандық кейде рефлекторлы болуы да мүмкін.

Оң жақ қабырға астының ауырғаны. Жүрек әлсіздігінен болатын бауырдың өсуіне байланысты. Бауырдың өсуі ішінде нерв тамырлары бар глиссон капсуласының керілуіне әкеп соқтырады ол ауру болып білінеді.

Демікпе: жүрек шамасыздығының белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып,демікпе тудырады.

Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде байқалады.

Ентігу - тыныс алу жиілігі ырғағының және терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.

Гипертония (артериялық гипертензия) – қан қысымының жоғарлауы .

Гипотония (гипотензия) - қан қысымының төмендеуі.

Ісік-жүрек шамасыздағының,оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең бастысы-қан іркілісінен туатын капллярдың вена жақ тізесінде науқастардын терісі қажалып, жараға айналуы мұмкін.Ондай жағдайды гидростатикалық қысымының көтерілуі. Соның салдарынан қанның сары суының айналадағы тканьдерге транссудациясы (көшуі) басталады,оны асцит теп атймыз

Асцит - іш қуысында сұйықтық жиналуы.

Жүрек ырғағының бузылуын аритмия деп атайды.Аритмия кезінде жүректегі автоматизм,қозу немесе откізу механизмінің бірі бузылады.Ол көбіне қобалжығанда,ас қабылдағанда,дене температурасының жоғарлауында, анемия, миокарта, ақау ауруларда дамиды.









Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылған жағдайларында

науқастардың жалпы күтімі.


Жүрек-қан тамыры жүйесі бұзылған науқас күтімінің негізгі міндеті - жүрек жұмысын жеңілдету. Бұл кезде дене тыныштығының маңызы зор. Жүрек қызыметінің жеткіліксіздігі жеңіл дәрежеде жүрек қызыметін қалпына кетіру үшін төсек тартып жату режимін қатаң сақтау жетіп жатыр. Сондықтан мейірбике науқастың төсектен тұрып кетпеуін қадағалауы тиіс. Барлық физиологиялық жайлар палатада істеліп,дәрет ыдысы мен «уткалар» төсекке беріледі. Науқасты жуындырады,шашын тарайды,жеке басының гигиенасы бойынша барлық шаралар орындалады.

Жүрек аурумен наукастанған ауруларды күту көп жағдайларды білуді қажет етеді. Мысалы : миокард инфарктісін шалдыққан, артериялық қысым көтеріліп,кризге ұшыраған немесе жүрек клапанының тесігі тарылудан стеноз жүрек ауруларына тап болған наукастарды күту оларды емдеу өте біліктілікті, ұстамдылықты, шыдамдылықты талап етеді. Жүрек ауруына ұшыраға наукастар көбінесе ауруханада емделеді, онын үстіне миокард инфарктісін ұшыраған наукастар дәрігердін нұскау бойынша төсекте жатады. Мұндай науқасты күту мен қызмет көрсетуге;оны жаткан орында дәретке отырғызу, таңертен беті-қолын жуу қажет болса,қолмен тамақтандыру жатады. Төсекте ұзақ жаткан болдырмас үшін ауру жамбасының астына резеңке дөңгелегін қояды, төсегінің жұмсақ болуын,қыртыстанбауын,оған тамақтын қатқан түйірлері түспеуін қадағалау қажет. Теріні өте мұқият ұстау керек, себебі науқас ісінуі салдарынан жұқаланып, құрғай бастайды, жарылған жерлер оңай пайда болып,одан ісік сарысуы ағып, терінің кеселге ұшырауына қолайлы жағдай жасайды. Егер науқас өздігінен жуына алмаса, күнделікті таңертен және кешке оның терісін суға немесе қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге (камфора спирті, арақ, иіс су, т.б.) малынған мақтамен немесе сүлгімен сүрту қажет. Науқасты ваннаға тек дәргердін рұқсатымен түсіреді. Мейірбике науқастың ішін босатуын қадағалап әрі дәрігердің белгілеуі бойынша (іш босататын) ішектерді тазартатын клизма салуы тиіс.

Палатада және оған жақын сенекте өте тыныштық болуы керек. Науқасты тынышсызданудан, ренішті хабар, шаршататын әңгімелерден сақтау қажет. Палатаны жиі желдетіп жүру керек. Жүрегі ауыратын науқастар оттегіне зәру болғандықтан организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етудің маңызы зор. Оттегін енгізу тәсілін дәрігер белгілейді.

Комплекті терапияда емдік тағам үлкен роль атқарады. Тағамдық рацион былайша құрылады, диурезді (несеп бөлу) сұйықты, ас тұзын және кейбір белоктар мен майларды шектей отырып (№10 мен №10а диетасы) диета белгілеу арқылы көбейту. Сондай-ақ жеңіл тамақ күндері де (алма, ірімшік, сүт, т.б.) қолданылады. Калориясы аз, белок құрамы бойынша құнарсыз диетаны тек аз уақытқа белгілейді. Тамақты шағын үлеспен күніне 5-6 рет беру керек. Соңғы тамақ ұйықтаудан 3 сағат бұрын ішілуі тиіс. Тағамдық рационға майсыз ет пен жеткілікті мөлшерде көміртегін (қант, тосап, кисель), жеміс-жидек, В және С топтарындағы витамендерді қосады. Науқастарға аптасына 1-2 рет жеңілдеткіш тағамдарды ұсынуға да болады.






Мейірбикенің кардиология бөлімшесіндегі ұйымдастыру жұмысы.


Кардиология бөлімшесі науқасқа жедел беруге керекті құралдармен, аппараттармен жабдықталу керек

Мысалы; онда кардиомонитор, электро-кардиограф, электрлі дефибрилятор,қолдан дем алдыру аппараты электрлі дефибрилятор, қолдан дем алдыру аппараты И В Л, электрлі сорғыш, қан қысымын өлшейтін аппарат болуы тиіс

Дәрі-дәрімектер де жеткілікті болуы тиіс. Мысалы: строфантин, коргликон, қан тамырларынын тесігін кенейтетін дәрілер, зәр айдайтын дәрілер, жүректін соғу ырғағы бұзылғанда колданылатын дәрілер, кан тамырлар тесігін тарылтатын канның ұюуына карсы қолданылатын дәрілер, жүрек шаншыған кезде қолданылатын дәрілер болуы тиіс.




































Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қорсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу қасиеттері : ырғақ, жиілігі, толу, кернеулік, көлемі.

Әзірле: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа манипуляция түралы түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз.

  4. [pic] Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу ырғагың анықтаңыз.

  8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  9. Тамыр соғу толуын бағалаңыз.

  10. Тамыр соғу кернеулікті анықтаңыз.

  11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

  12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  13. Қолынызды жуып, кептіріңіз.







Ескерту:


  • қалыпты тамыр соғу ырғағын екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, тамыр соғу ырғағын толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ырғағты. Тамыр соғу ырғағы бұзылғанда, тамыр соғу толқынында алмасу тамыр соғуы ырғағы дурыс емесе байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия

  • артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

  • тамыр соғудың кернеуліғің анықтау. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеулігін бағалайды.

тамыр соғу –орта кернеулі

тамыр соғуы күшті (қатты)

тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).

























ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ


[pic] Мақсаты: қан қысымының корсеткіштерің анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: науқастың жағдайын бағалау.

Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады

Әзірле: тонометрді, қаламсапты, қызу парағын.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа манипуляцияның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

  2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

  3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады: манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

  4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

  5. [pic] Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

  6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

  7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

  8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

  9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

  10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).

  11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

  12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

  13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.



Ескерту:


Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

  • қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

  • артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.

  • артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.

Макатэктомия болған жағынан,егер қол сал тартқан не инсульттан кейін әлсіз болса, сол сияқты осы жақтан көк тамырлық инфузия орындалған болса артериальды қан қысымын осы жақтан өлшенбеуі керек






























Су балансын анықтау және есептеу


Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Әзірле: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

  2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

  3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

  4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.

  6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

  7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.

  8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

Бөлінген сүйықтық

Барлығы:



  1. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

Енгізілген сүйықтық

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері





Барлығы:



  1. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

  2. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

  3. Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.


Мейірбикенің міндеттері:


  • Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

  • Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

  • Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

  • Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

  • Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.

  • Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

  • Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.

  • Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

шығарылған зәр мөлшері · 100

ш [pic] ығарылуы % =

енгізілген сұйықтық мөлшері


  • Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

  • Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

  • Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

  • Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

  • Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.


Нәтижесінің бағасы:


80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.








Су балансын есептеу беті

Күні__________________________

Аурухананың аты____________________________________________

Бөлімше________________________________________________________

Палата__________________________________________________________

Тегі аты жөні__________________________________________________ Жасы______________ салмағы_______________________

диагнозы ______________________________________________________


Уақыты

Ішілген сұйықтық

Сұйықтықтың мөлшері

Уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері

(мл)































Тәулік ішінде

Жалпы ішілген сұйықтық мөлшері


Бөлінген сұйықтың мөлшері





Ескерту:

бірінші тағам бөлігі =150мл

көк-өністер , жеміс-жидектер және сүт өнімдері сұйықтың мөлшеріне тең.

бір стақан судың мөлшері 250 мл –ге тең





















Науқастың дене салмағын өлшеу


Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсеткіштері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

Қарсы көрсеткіштері : ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

Әзірле: мед.таразыды, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді,ауру тарихты.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және манппуляцияның барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпына келтірініз..

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
















Журек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда жедел

медициналық жәрдем көрсету.


Ентігу.

Мақсаттары: Қысқа мерзімді – науқастың тыныс алу жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді - шығарар кезде тынышсыздығы жойылады.

Әзірле: Тонометр, секундомер, оттегі жастығы немесе қалталы ингалятор, дәкелер, дәрілік препараттар, шприщтар, мақта шариктері, дез ерітінділер.




Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолды әзірлеңіз, дәрігерді шақыртыңыз;

  2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босатыңыз;

  3. Науқастың басын жоғары қалыпта қойыңыз;

  4. Бөлмені күніне 3 рет желдетуді қамтамасыз етіңіз;

  5. Әр 2 сағат сайын науқастың тыныс алу жағдайын (жиілігі, ырғағы, тереңділігі) , жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалаңыз, АҚҚ өлшеңіз;

  6. Дәрігердің белгілеуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз етіңіз;

  7. [pic] Дәрілік препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдауды бақылаңыз;

  8. Науқасқа тыныс алуды жеңілдету тәсілдерін үйретеңіз ( төсектегі қалпын, оттегі жастығын қолдануды);

  9. Науқасқа тірек, жеңілдік беретін тәртібін, оның физикалық белсенділігі туралы туған-туысқандарымен кеңес жүргізіңіз.

  10. Қолданылған заттарды дезинфекциялаңыз;

  11. Қолды әзірлеңіз.

















Естен тану


Мақсаттары: науқастың есін 5 минут ішінде қалпына келтіру.

Әзірле: Дәкелер, салқын су, мүсәтір спирт, тонометр, жылытқыш, дез ерітінділер, дәрі-дәрмектер.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. [pic] Қолды әзірлеңіз;

  2. Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;

  3. Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;

  4. Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;

  5. Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;

  6. Науқастың бетін шапалақтаңыз;

  7. Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;

  8. Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз, тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);

  9. Осы шараларды 5 минут ішінде нәтижесі болса: дәрігерді шақырыңыз және оның нұсқауларын орындаңыз;

  10. Қолданылған заттарды залалсыздандырыңыз;

  11. Қолды әзірлеңіз;



Артериялық қысымның күрт төмендеуі.


МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (бөлек уақытымен).

Әзірле: тонометр, жылытқыш, оттегі жастығы, дез ерітінділер


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. жастықсыз, аяқ жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты ұстау;

  3. [pic] науқасты жылыту (жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе беру);

  4. таза ауа жіберу немесе ылғалды оттегі ингаляциясын жасау;

  5. манжетті алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ-мен пульсті бақылау.






Артериялық қысымның күрт жоғарылауы.


МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (бөлек уақытымен).

Әзірле: тонометр, қыша қағазы, дәкелер, суық су, жылытқыш, дез ерітінділер


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. бас жоғары көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету;

  3. физикалықжәне психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;

  4. таза ауа жіберу;

  5. желкеге және балтырға қыша қою;

  6. маңдайға суық компресс қою;

  7. қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;

  8. дәрігердің нұсқауларын орындау;

  9. науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).



Жүрек шаншуы.


МАҚСАТЫ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.

Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, қыша қағазы, дез ерітінділер


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;

  3. физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;

  4. валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40

  5. тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нитроглицерин тамшы

  6. түрінде болса, онда қантқа 1-2 тамшы;

  7. жүрек тұсына қыша қою;

  8. таза ауа жіберуді қамтамасыз ету;

  9. дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;

  10. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.










Асцит

МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- емделуші жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Емделуші- тамақтану маңыздылығы және сұйықтықты тәртіп сипаты туралы білімдерін көрметеді.

Әзірле: тонометр, дәрілік заттар, медициналық таразы, зәр қабылдағыш, дез ерітінділер


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. тұз бен сұйықтықты шектеумен калий және уызға бай диета сақтау қажеттілігін науқастарға түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн;

  2. дәрігер нұсқауларына сәйкес науқас дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;

  3. науқастың күнделікті су тепе-теңдігін анықтауды қамтамасыз ету;

  4. үш күнде бір рет науқасты өлшеушіні өлшеуді қамтамасыз ету:

  5. науқасқа төсек жайлылығын қамтамасыз ету;

А) төсекте бас жағын көтеріңкі ету;

Ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;

  1. физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауларбойынша қою. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету;

  2. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылауды қамтамасыз ету;

  3. дәрігердің нұсқауы бойынша науқасты және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау;

[pic]









Шеткері ісінулер (ағзада сұйықтықтың кідіруі)


МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- аптаның соңында аяқтарда ісінулерді азайту. Ұзақ мерзімді-шығару кезінде тамақтану және сұйықтық тәртібінің ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді.

Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, дәкелер, орамал, салмақ өлшегіш, дез ерітінділер


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. тұзды (5 г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және уызға бай диетаны сақтау қажеттілігін науқасқа түсіндіру;

  2. 10 емдік үстел бойынша диета сактауды науқасқа қамтамасыз ету (науқаспен, туған-туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету күні;

  3. науқас ішетін күнделікті су тепе-тендігін анықтау;

  4. үш күнде 1 рет науқасты өлшеу;

  5. дәрігердің нұсқауы бойынша науқас дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;

  6. тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету;

  7. науқастың физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету, іш қату кезінде ісінулері бар науқасқа гипертониялық немесе майлы клизма қою;

  8. зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.



Терминологиялық сөздік


Летальды – өлім-жітім.

Стресс – шамадан тыс тітіркендіргіш әсер еткен кезде дамитын ағзаның жалпы күйзелу жағдайы.

Тромб – қанның ағымына кедергі жасайтын, тамырдағы қан түйіршігі.

Оксигенация – қанның оттегімен қанығуы.

Ентігу – тыныс алу жиілігі ырғағының және тереңдігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.

Асцит – іш қуысына сұйықтық жиналу.

Кардиология – жүрек-тамыр жүйесін зерттейтін ішкі мүшелер ауруларының тарауы.

Тұншығу – кенеттен дамитын ұстам тәрізді ауа жетіспеу жағдайы.

Демікпе – бронхтар қуысының жіті тарылуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитын тұншығу ұстамасы. Жүрек демікпесіне шуылды, ылғалды тыныс алу, көбік сипатты, қанды қақырықтың бөлінуіне тән. Бронхты демікпесіне қиындаған тыныс алу және ұзарған дем шығауға тән.

Стенокардия – жүрек аймағындағы қыспалы ауырсынулар.

Криз – АҚ күрт жоғарылауы.

Коллапс – АҚ түсуі жіп тәрізді пульс.

Шаншу – жіті, ұстама тәрізді шаншу.

Миокард инфарктісі – жүрек бұлшық етінің өлі еттенуі.




Тақырыбы: Жүрек- қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс.

Есептер жинағы

1 Есеп

30 жастағы жас әйел қапырық жерде болуына байланысты аяқ астынан әлсіздік,бас айналуы,көзінің алдында қара дақтар, тершендік, қол,аяғының тоназуы пайда болды,есінен танған.

Тапсырма:

        1. Науқастың проблемасын анықтау.Мейірбикелік диагноз.

        2. Мейірбикелік іс-әрекетті негіздеп, науқасты бақылау және күтім жоспарын құрастыру.

Науқастың негізгі проблемасы:

Мейірбикелік диагноз:

Мейірбикелік іс - әрекетті негіздеу:

2 Есеп

Жан ұялық амбулаторияның дәрігеріне 55 жастағы науқас А ,келесі шағымдармен келді: 2сағат бүрын ауа жетіспеушілігі, ТАЖ жиілеп, еңтігу пайдаболды.

Тапсырма:

  1. Науқастың проблемасын анықтау. Мейірбикелік диагноз.

  2. Мейірбикелік іс-әрекетті негіздеп, науқасты бақылау және күтім жоспарын құрастыру.

Науқастың негізгі проблемасы:

Мейірбикелік диагноз:

Мейірбикелік іс - әрекетті негіздеу

3 Есеп

Сізді көршіңіз шақырды. Орта жастағы әйел бас ауруына, айналуына, көз алдындағы "шымылдыққа" шағым білдірді. АҚ өлшеген кезде 240/130 мм с.б.

Тапсырма:

  1. Науқастың проблемасын анықтау. Мейірбикелік диагноз.

  2. Мейірбикелік іс-әрекетті негіздеп, науқасты бақылау және күтім жоспарын құрастыру.

Науқастың негізгі проблемасы:

Мейірбикелік диагноз:

Мейірбикелік іс - әрекетті негіздеу







Сөзжұмбақ



Сұрақтары:


  1. Шамадан тыс тітіркендіргіш әсер еткен кезде дамитын ағзаның жалпы күйзелу жағдайы?

  2. Қанның оттегімен қанығуы?

  3. Іш қуысында сұйықтың жиналуы?

  4. Бронхтар қуысының жіті таралуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитынпроцесс?

  5. Тыныс алу жүрек ырғағының және тереңдігінің бұзылысы мен жүректің ауа жетіспеу жағдайы?

  6. Кенеттен дамитын ұстама тәрізді ауа жетіспеу жағдайы?





1

 

 

 

Е

 

 



2

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 



3

 

 

 

 

Т








4

 

 

 

І

 

 

 



5

 

 

 

 

 

Г

 




6

 

 

 

 

 

 

У







Сұрақтары:


  1. Жүректің жиырылуы?

  2. Жүрек шамасыздығының, оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі?

  3. Іш қуысында сұйықтық жиналуы?

  4. Жүректің босансуы?

  5. Қан қысымының төмендеуі?


1

 

 

 

 

 

 

А












2

 

С

 

 









3

 

 

Ц

 

 










4

 

И

 

 

 

 

 

 



5

 

 

 

 

Т

 

 

 

 









Сұрақтары:


1. Жүрек ауруында қолданатын дәрі?

2. Кардиология бөлімшесінде істейтін мейірбикенің міндетінің бірі?

3. Жүрек ырғағының бұзылуы?

4. Жүректі тексеретін дәрігер?

5. Жүрек ұстамасы кезінде қолданылатын мазь?

6. Жүрек аускультациясында қолданылатын құрал?

7. Шыбық артериясынан нені өлшейміз?

8. Жүрек ұстамасы кезінде тіл астына қолданатын дәрі?

9. Жүректі тексеру әдісі?

10. Жүрек ауруы?

11. Дәріні тыныс жолдары арқылы енгізу?





1

 

 

 

 

 

 

К

 

 






2

 

 

 

 

 

 

А

 

 











3

 

Р

 

 

 

 

 



4

 

 

 

 

 

 

Д

 

 

 

 

 








5

 

И

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

О

 

 










7

 

 

Л

 

 








8

 

 

 

 

О

 

 










9

 

 

Г











10

 

 

 

И

 









11

 

 

 

 

Я

 

 

 
















Сұрақтары:


  1. Ең үлкен артерия тамыры?

  2. Қанды жүректен алып, мүшелерге тасымалдайтын тамыр?

  3. Тыныс алу жиілігі ырғағының және тереңдігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы?

  4. Жүректің жиырылу жиілігінің артуы?

  5. Мүшелерден қанды алып жүрекке әкеліп құятын қан?

  6. Жүректің ортаңғы қабаты?

  7. Науқастар өзінің жағдайын бақылауда кінәмшіл және өте сезімтал болуына байланысты, мейірбике осындай науқастармен жұмыс істегенде қандай болу керек?

  8. Жүрек ырғағының бұзылуын не деп атайды?





1

Қ

 

 

 

 

 









2

А

 

 

 

 

 

 







3

 

Н

 

 

 

 










4

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 


5

 

 

 

А














6

М

 

 

 

 

 

 







7

 

Ы

 

 

 

 

 








8

 

Р

 

 

 

 

 






















Тест тапсырмалары:


«Бесінші артық»

Сіздің назарыңызға әрбіреуіне бес сұрақтан бар, бірнеше нұсқасы бар тапсырмалар ұсынылады.Нақты белгі немесе қасиет бойынша ойда бес мысалды төртеуге біріктіріңіз, қалған біреуі осы логикалық қатарда «артық» деп саналады.


Жүрек аурулары:

1.Жүрек шаншуында қолданылмайтын дәрі- дәрмектер?

А) валидол

Б) нитроглицерин

В) корвалол

Г) натрий гидрокарбонаты

Д) валокордин


2.Ісіктерді анықтаудағы маңызды шараларға жатпайды?

А) диурез

Б) тәулік бойы бөлінген зәр мөлшері

В) ұстаманы басу

Г) сұйықтық мөлшерін салыстыру

Д) су балансының тепе- теңдігі


3. Жүрек шаншуы мақсатына жатпайды?

А) ісіктерді азайту

Б) ұстаманы басу

В) қыша қою

Г) сырт көрінісін бақылау

Д) психикалық тыныштық


4. Артериялық қысым күрт төмендеуі кезіндегіге қандай шаралар жатпайды?

А) салқын су шашу

Б) науқасты жылыту

В) ыстық шай немесе кофе беру

Г) оттегі ингаляциясын жасау

Д) бақылау жасау


5. Естен тануда қандай шаралар қолданылмайды?

А) ыстық шай беру

Б) тар киімді шешу

В) аяқ жағы көтеріңкі қалуын

Г) мүсәтір спиртін иіскету

Д) бетін шапалақтау


6. Жүрек ауруларының клиникалық белгілеріне жатпайды?

А) ентігу

Б) жүрек шаншу

В) ылғалды жөтел

Г) шеткері ісіктер

Д) артериялық қысым жоғарлауы


7. ТАЖ, АҚҚ, пульс бағылауда жатпайды?

А) диурез

Б) АҚ күрт төмендеуі

В) АҚ жоғарлауы

Г) жүрек шаншуы

Д) естен тану


8. Шеткері ісінулер кезінде диета сақтауда шектеу жоқ?

А) тұзды

Б) сұйықтықты

В) кальций

Г) уызға бай тағам

Д) дәрі- дәрімек


9. Артериялық қысым күрт төмендеуі кезінде қолданылмайды?

А) мүсәтір спиртіне малынған тампон

Б) жылы орау

В) аяққа жылытқыш қою

Г) ыстық шай немесе кофе беру

Д) таза ауа және оттегі ингаляциясы


10. Артериялық қысым күрт жоғарлауы кезінде жатпайды?

А)желкеге қыша қою

Б) балтырға қыша қағазын қою

В) суық компрес қою

Г) аяққа жылытқыш қою

Д) ыстық шай және кофе беру