Қостанай облысы Арқалық қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта
білім беретін мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Капарова Асел Махмутовна
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Үйге берілген М.Жұмабаевтың шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі:
-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? (Иә, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді).
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударайықшы.
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,тал бесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
[pic] Қоршаған орта
Т [pic] абиғат
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен, осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
5.1. Сюжеттің басталуы-оның кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара
қарым-қатынасқа түспес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Қарадыр
сайының табиғаты.Сайдағы қасқырлар апаны. Екі аяқтылардың індегі
бөлтіріктерге қиянаты.
5.2.Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі болса, бұл шығарманың сюжеттік байланысы- Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі,мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері. Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет
жоғалып кету, қасқыр үйіріне қосылуы, Ақ қасқырмен жұп құруы.
5.3. Шиеленісуі-оқиғаның адамдар арасындағы іс-әрекеттің шиленісіп, ширығуы.Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы.
5.4. Шарықтау шегі - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп, әрбір жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Көксеректің Құмашты өлтіруі.
5.5. Шығарманың шешімі - суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», түрліше тағдырлар таласынан туған нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі, құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. Аққасқаның Көксерекпен айқасы.
Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы.
Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)
Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.
Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Қасқыр
Адам
о [pic] [pic] [pic] [pic] йлайды оқиды қомағай табиғат перзенті
[pic]
[pic] [pic] [pic]
перзент қоректенеді. Дала тағысы дала санитары
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен кКөксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6.Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Толғаныс. Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1.Қасқыр
2. Жыртқыш,қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.
Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.