Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Қ.Абдыхайымованың

қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: қазақ тілі


Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі

Жалпы мақсаты:

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерінің арасындағы тыныс белгілерін ажырата біледі.

Сілтеме:

Қазақ тілі 8-сынып. Атамұра. Г.Косымова. қосымша әдебиеттер жазу.

Жұмыс нәтижесі:

Құрмалас сөйлемдерді тыныс белгісі арқылы ажыратады, сауаттылығы артады.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс

Қолданылатын материалдар:

Постер, түсті қағаз, маркерлер,компьютер

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілеріне 5 мысал жазу.

159-жаттығу.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Психологиялық ахуал ұйымдастыру.. АКТ. Көңілді әуенді қосып бір-біріне тілек айту. [pic]

Пазлдармен топтарға бөлу .


Музыка ырғағымен бір-біріне тілек айтады.

Тыныс белгісі бар қағаздар арқылы оқушыларды топтарға бөлу .

Таратылған таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.


І. Білу

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша топтарға тапсырма беру.

1-топ. Ережені өз бетінше оқып танысады

2-топ. Тақырып бойынша сұрақтар ұйымдастырады.


Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Оқушылар өз беттерінше оқып, мағынасын ашады. Оқушылар сұраққа жауап береді.

[pic]

ІІ.Түсіну

Екі топ постер жасайды

1-топ. Үтір,сызықшаның жасалуы

2-топ.Қос нүкте, нүктелі үтірдің жасалуы





[pic]


Оқушылар өздеріне мақсат қоя білуге дағдыланады. [pic]

Топ мүшелері постер қорғауғадайындалады.

Әр топтан бір оқушы постер қорғайды.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.

ІІІ. Қолдану

АКТ қолдану арқылы сәйкестендіру тестін беру


Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Оқушылар интербелсенді тақта арқылы берілген тестіні сәйкестендіреді.


«Қызыл өрік» сергіту жаттығуын жасайды.



ІҮ. Талдау


«Талдау-табыс кілті» тапсырмасы. Синтаксистік талдау.

[pic]

1-топ 156-жаттығу

2-топ 157-жаттығу


І топ: Құрмалас сөйлемнің арасына келетін үтір, сызықшаның қойылуы туралы түсінік береді, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

[pic]

ІІ топ: Құрмалас сөйлемнің арасына келетін қос нүкте, нүктелі үтірдің қай кезде қойылатыны туралы айтып, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

[pic]











Ү.Жинақтау

Слайд тақтадан ұяшық таңдау арқылы екі топ кезекпен сұрақтарға жауап береді.

1.Құрмалас сөйлемнің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

2. Үтір қай кезде қойылады?

3. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңдер?

4.Нүктелі үтір қай кезде қойылады?

5.Жақша қай кезде қойылады?

6. Синтаксис тарауы нені зерттейді?









Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын дәлелдейді.1.Құрмалас сөйлемнің арасына үтір, нүктелі үтір,сызықша,жақшақойылады. [pic]

2.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер арасына,бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде үтір қойылады.

3.Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздің алдынан,оңашаланған айқындауыштың екі жағынан, жалғаулықсыз қарсылықты,түсіндірмелі салалас құр.сөйлем арасына,төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады.

4. Санамаланып айтылған ,мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.

5.белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін,драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

ҮІ.Бағалау

Бағалау парағын толтыру.

Оқушылар бір-бірлерін «Білім пердесі» бағалау парағы арқылы бағалайды.

V. Үй тапсырмасын беру

Көркем әдебиеттен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілеріне І топ нүктелі үтір,сызықша, ІІ топ қос нүкте,жақшаға 5 мысалдан жазу.

159-жаттығу

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

VII. Рефлексия


Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы көрсету.

Сабақтағы көңіл-күйлерін екі жұлдыз бір тілек арқылы смайликтермен көрсету.Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.

[pic]