Сынып: 7 «В» Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру:
ә)дамытушылық: ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту;
б)тәрбиелік: орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру, бір-бірін тыңдай білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, сызба, тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу ә) оқушыларды түгендеу Топқа бөліну /әр түрлі белгілер арқылы/
«Ой қозғау» 1. Сұрақтар
1.Етістік дегеніміз не?
2.Етістіктің түрленуі туралы түсінік
3.Етістіктің райларын ата
4.Жасалу жолын түсіндір. Мысалдар келтір
Топтарға тапсырма беру:
1-тапсырма:
1-топ: Ашық рай дегеніміз не? Жасалуы.
2-топ: Бұйрық рай дегеніміз не? Жасалуы.
3-топ: Қалай рай, жасалуы
4-топ: Шартты рай, жасалуы
2-тапсырма:
1-топ: оқы, көр, таңда етістіктеріне шартты рай жұрнағын жалғып, жіктеңіз
2-топ: бар, оқы, тыңда етістіктеріне бұйрық рай жұрнағын жалғап, жіктеңіз
3-топ: Қалып етістіктерін, мақсатты өткен шақ тұлғаларындағы жұрнақтарды пайдалана отырып, ашық райлы 3 сөйлем құраңыз.
4-топ: ән айт, биле, оқы, көр етістіктеріне қалай рай жұрнақтарын жалғай отырып, тәуелдеңіз
3-тапсырма: Берілген сөйлемдерді сөз құрамына қарай талдаңыз.
1-топ:Баяғыда Жиренше шешен деген өзі кедейбір шешен болыпты. Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып, хан шақырып алып, оны өз қасына ертіп жүреді екен.
3-тапсырма: Берілген сөйлемдерді сөз құрамына қарай талдаңыз.
2-топ:Бірақ Жиренше ханды жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрақтамапты. Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен.Күркесіне келгенде ол бой жазып қалады екен.
3-тапсырма: Берілген сөйлемдерді сөз құрамына қарай талдаңыз.
3-топ: Киізі қырық жамау болған қырық жамау күркесіне келіп: «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», -деп керілгенде, Жиреншенің екі аяғы тізесіне дейін есіктен шығып жатады екен.
3-тапсырма: Берілген сөйлемдерді сөз құрамына қарай талдаңыз.
4-топ:Мұнда келгелі Еламанның аяғы жерге тимеді. Бүгін де түске дейін уақыттың қалай өткенін байқаған жоқ. Енді еш нәрсеге зауқы болмай, енжар сүлесоқтық еңсесін басып тұр.
Жаттығу жұмыстары:
1-топ: 198-жаттығу
2-топ: 199-жаттығу
3-топ: 200 –жаттығу 1-абзац
4-топ: 200 –жаттығу 2-абзац
Шығармашылық жұмыс:
Ана-сарқылмас бұлақ
Бекіту: Тест жұмысы
Бағалау: Оқушылардың өздерін бағалауы