Күні:
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: «Қанағат, рақым ойлап қой!»
Сақшының міндеттері
Пән мұғалімдері: АӘД пәнінің мұғалімі Шарипов А.С.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметова Б.А.
Сабақтың білімділік мақсаты: қанағат және қанағатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып ұғындыру, сақшының Отан алдындағы міндетті борышын орындаудағы тәртіп іс-қимылын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс-әрекетіне сыни көзбен қарап, сақшы лауазымына кірісу сәтінен бастап жүйелі іс-әрекет жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштікке, патриоттыққа, туған еліміздің қырағы сақшысы болуға, өз қанағат сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: бинарлық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, топтық, жеке жұмыстар, практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметова Б.А.
Шаттық шеңбері /оқушылар шеңберге шығып күн шашақтарын жалғай отырып өлеңді айтады/
Ш.Құдайбердіұлының «Талап пен ақыл» өлеңі
1.Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтіп мінді.
2.Талап шапса, ақылға мініп алып
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып,
Анық ақыл адымын ашырмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.
3.Талап деген ындынмен ентелемек,
Ойға алып қызыққанын қылсам демек.
Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба,
Ойланып оны ақылға салса керек.
4.Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Тоны жүрек болады, мидан басы.
Орынсызға ұмтылтпай, тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
5.Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық –
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық..
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізігін соған ұстаттық..
6.Ынсап деген аспайды, кем қалмайды,
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рақым жақсы көредіаяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
7.Ар, демек – адамшылық намыс деген,
Арың кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып, алыс деген.
8.Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе,
Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе,
Алмай өз алдыңғының аяғынан,
Соқтықпай өзің ізден еңбегіне.
9.Ұят сол – аулақта ұял көргендей-ақ
Ұрлаған малың шығып бергендей-ақ,
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
«Ұят күшті өлімнен» - дегендей-ақ.
10.Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық..
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
13.Сақтық деген – әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма, - ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
11.Ойменен, талаппенен болды сегіз,
Айтылмай ойда қалды неменеміз.
Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
12.Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
ІІ Жаңа сабақ
. АӘД пәнінің мұғалімі Шарипов А.С.
-Ия оқушылар, сақтық дегеніміз.........
Тақтада сурет көрсетіледі.
Сұрақ: [pic]
Қандай сурет көріп тұрсыңыздар? /Сақшы/
Сақшы – қол сұғылмайтын адам.
Ендеше, оқушылар дәптерді ашып бүгінгі күннің жатын жазып, сабақтың тақырыбын жазып аламыз «Сақшының міндеттері»
Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.
- Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:
оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;
-оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;
-қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.
Сақшының міндеттері:
-өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;
-қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге;
-көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;
-тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті.
- Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады.
постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;
-қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;
-постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге;
-объект қоршауынан ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыру;
-қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй – жайына дереу хабар беруге;
-өзіне немесе өзі күзететін объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.
Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.
Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.
Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй – жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызады.
Қару постыға шығар алдында оқталады.
Қаруды оқтау және оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені бойынша, қарауыл үй - жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен жүргізіледі. Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқта!» деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың қалай оқталғанын тексереді. Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сонан соң жеке алып «Белдікке!» күйінде ұстап бір адым кейін шегінеді.
Осындай тәртіпте басқа қарауылды жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.
Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!» – деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.
Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар – қарауыл үй - жайларына барады.
Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.
Сақшыларды ауыстыру ауаның температурасы –20 градустан төмен, +30 градустан жоғары болған кезде 1сағат сайын ауыстырылады. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.
Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде, қарауылды жұмысқа таратушы «Ауысым тоқта!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайын бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы сарбаз Омаров, пост пен оның маңайына бақылау жаса!»
Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен қарауыл өздерінің жұмысқа таратушыларына қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Омаров нөмірі мынадай посты тапсырды». «Аға сержант мырза! Қатардағы сарбаз Сауыров нөмірі мынадай посты қабылдап алды».
Постыда өрт болған жағдайда – сақшы бұл туралы қарауыл үй-жайына шұғыл хабар береді, күзету объектісін бақылау жасауды тоқтатпастан, өрт сөндіру шараларын қолданады. Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы, сондай-ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы қарауыл үй-жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Схема көрсетіледі. Слайд.Сақшының міндеттері
Сақшының міндеттерін жеке-жеке түсіндіру
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметова Б.А.
ІІІ. Пікірлесу
Қанағат дегеніміз не?
Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?
ІҮ. Мәтінмен жұмыс
С.Ақатайдың әңгімесі ұсынылады.
Оқушыларға сұрақтар қою
Үш ананы бір ошақтың басына біріктірген қандай қасиет деп ойлайсыз?
Адамдар қандай жағдайда жайдары, жарқын өмір сүреді?
Ү. Жаңа ақпарат
Адамның барға риза болып, місе тұтуынан, нысаптан шықпай, нәпсіге ермеуінен қанағатшылдық қасиеті көрінеді. Бойына қанағатшыл қасиет дарыған адам өмірде кішіпейіл, қарапайым болады әрі қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етеді. Қанағатшылдық ашкөзділікке жол бермей, біреудің байлығына, дүниесіне сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан халық: «Адамды қанағат аздырмайды», - дейді.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан бас тарту.
ҮІ. Дәйексөз «Байлықтың бір көзі еңбек пен қанағат.»
ҮІІ. Практикалық жұмыс. АӘД мұғалімі Шарипов А.С.
Суретте көрсетілгендер бойынша оқушылар сақшының тұруын, қаруды ұстау ережесін көрсетеді
ҮІІІ.Тапсырмалар «Сәйкестендіру»
Жауабы: 1-В, 2-Д , 3-А, 4-Г , 5-Ә, 6- Б
ІХ. Болады – Болмайды
ұйықтауға, отыруға, байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;
бір нәрсеге сүйеніп тұруға, жақын жерде тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыру;
оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, техникалық күзет құралдары іске қосылғанда қарауыл үй – жайына дереу хабар беруге,қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге ;
Х. Бекіту сұрақтары
/слайд. сұрақтар ашылғанда ЭКСПО 2017/ суреті шығады
1. Сақшының міндеттері
2. Сақшы қай кезде қаруды ескертусіз қолдана алады?
3. Постыға немесе күзетілген объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті қандай болады?
4. Постыны өз еркімен тастап кету – қандай қылмыс болып саналады. /әскери қылмыс/
5. Сақшыларды ауыстыру әрбір неше сағаттан кейін ауыстырады? / әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі./
6. Қанағат қарын тойғызар............/ Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар/
7. Ынсап сайын .... /береке/
8. Тәртіп –тән үшін, ....... /ынтымақ –жан үшін керек
9.Тәртіпке бас иген... /құл болмайды/
10.Байлықтың бір көзі ........./еңбек пен қанағат/
Оқушыларға «ЭКСПО 2017» туралы айтылып өтіледі
ХІ. Үйге тапсырма
«Ынсап сайын береке» деген тақырыбына эссе.(жазып келу) өзін-өзі тану пәнінен
АӘД пәнінен ----------------------------------------------------------------------------
ХІІ. Бағалау
ХІІІ. Жүректен жүрекке
Оқушылар лентаны бір-біріне жалғап тілек айтып,
Жігер деген – МЕН
Күш деген – МЕН
Кешірім деген – МЕН
Ақылдылық деген – МЕН
Жарқындық деген – МЕН
Тәртіпті деген – МЕН
Намысшыл деген – МЕН
Бар ғажайып деген – МЕН
Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда
ХІҮ. Оқушылар саппен тұрып хормен « Сарбаздар әнін» айтып, сабақ аяқталады.