Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Сүт тағамдары» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту. Жаңа тақырып туралы білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау
-Бір аптада неше күн бар?
- Оларды ата.
- Адам не істейді?
-Бүгін қай күн?
-Аптаның қай күні?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс айларын ата. Т.б.
II. Өткен сабақты қайталау:
А) жазба жұмысының орындалуын тексеру, қадағалау;жалғаулықтардың жалғануына мысалдар келтіру.
Ә) мәтіннің мазмұнын сұрау 143-бет 4- тапсырма
IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
1. Мұғалім сөзі
2. Сабақтың құпиялылығы
(Сүт тағам дар ы) 3. Сөздікпен танысу:
Қымыз- кумыс
Шұбат- шубат
Құрт- курт
Әзірленеді- готовят
А) сөздікке жазып алу; Ә) дұрыс айту; Б) сөз тіркестерін құрап айту.
4. Мәтінді оқу, аудару.
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары - айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт т.б. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүттен көп тағам әзірленеді. Сүт – пайдалы тағам.
5. Оқылым – жұмбақты оқу, шешу.
Жұмбақ
Сылдыр сұйық, су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады?
6. Жазылым – Сөз тіркестерін жазу.
Мыс: нан мен шай, айран мен қымыз, бал мен қант, сағыз бен кәмпит, тұз бен ұн, сәбіз бен қияр.
I V. Сергіту сәті. Әрі оқу, әрі ойын
Мальчик- бала
Город- қала
Пища- ас
Голова- бас
Камень – тас
Слезы- жас
Она- ол
Рука – қол
Дедушка- ата
Блогославение- бата т.б.
V. Жаңа сабақты бекіту: диалогті досыңмен оқу:
- Сәлем , Дима!
- Сәлем , Миша!
- Дима, сен нан дүкеніне барасың ба?
-Иә, барамын.
-Дима, сен нан туралы мақал білесің бе?
- Иә, білемін.
- Қандай мақал?
- «Ас атасы- нан» деген мақал.
- Жарайсың, Дима, сау бол.
- Сау бол, Миша.
VІ. Сабақты қорыту: Кім не сатып алды? Сұрағына жауап беру.
VI. Үй тапсырмасын беру: 144- бет 1- тапсырма мәтінді әңгімелеу
VII. Бағалау