3-ші Республикалық оқытушылардың «Ұлағатты ұстаз» атты сайысқа
қатысуға өтініш .
Қостанай облысы, «Рудный қаласы әкімдігінің № 4 мектеп –лицейі» ҚММ
Лауазымы
Қазақ тілі мұғалімі
Қатысушының пошталық адресі
(индексімен)
Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қазанның 50-жылдық көшесі, 76
Индексі 111500
Үй телефоны (кодымен)
8 71431 57868
Ұялы телефон
87783093770
E-mail
[email protected]
4-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Астана – әсем қала.
Мақсаты:
1. Білімділік: Астана туралы мәлімет беру. Астананың бұрыңғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып ,оқушылардың білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, кластер, Астана туралы слайдтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу
Ә) оқушыларды түгелдеу.
Б) Сабақтың мақсатын түсіндіру
ІІ. 1. Тіл дамыту сұрақтары.
А) Бүгін нешесі?
Ә) Аптаның қай күні?
Б) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
В) Зат есімнің неше жалғау бар?
Г) Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Дыбыстық жаттығу.
ә,і,ө,ү,ұ,ы,қ,ғ,ң,һ.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Балалар, бүгін біз саяхатқа шығамыз.
-Мынау қандай қала?
Слайд (Астананың суреті)
-Бұл Астана қаласы. Дұрыс.
Біздің байрағымыз Тәуелсіздік, мақсатымыз бейбітшілік. Біздің Отанымыз –Қазақстан.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана-әсем қала. Бүгін біз саяхатқа шығып Астана қаласына барамыз. Астана- Қазақстан Республикасының саяси, мәдени орталығы. Әр елдің астанасы бар. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында төрт астана болды.
Слайд.
Бірінші астанасы – Орынбор қаласы.
Екінші астанасы – Қызылорда қаласы.
Үшінші астанасы – Алматы қаласы.
Төртінші астанасы – Астана қаласы.
1998 жылы Ақмола – Астана
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана жылдан жылға гүлденіп келеді. Астананың символы Бәйтерек. Астанада спорт кешендері, саябақтар, қонақ үйлер, кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары бар.
Слайд. Астананың суреттері ( Бәйтерек, Думан).
2. Сөздік жұмысы.
Астана
Қонақ үй
Әсем
Кешен
Әдемі
Бас қала
Саябақ
Мұражай
А) мұғалім оқиды.
Ә) хормен оқу.
Б) буынға бөлу
В) сөз тіркестерін құру. «Синквейн» кестесі.
Слайд. Сын есім +зат есім
Г) Сөйлем құру. «Пирамида».
Слайд.
3. Мәтінмен жұмыс.
Астана – әсем қала.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астанада спорт кешендері, мұражайлар, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары бар. Астананың басты символы- Бәйтерек. Астана үлкен, әсем қала.
А) тыңдалым
Ә) оқу, аудару
Б) сұрақтарға жауап беру
В) Мәтінде септік жалғауларды тап.
4.Сергіту кезең.
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып.
Солға қарай бұрылып.
Бір отырып, бір тұрып.
Бой сергітіп алайық.
5. Дәптерде жұмыс. Тәуелдік жалғауларды қайталау.
І қатар ІІ қатар
І ж. Менің Астанам елім
ІІ ж. Сенің Астанаң елің
Сіздің Астанаңыз еліңіз
ІІІ ж. Оның Астанасы елі
6. Шығармашылық жұмыс.Кластер құру.
IV. Бекіту.
Оқушыларды екі топқа бөліп, жарыс түрінде бекіту.
І топ Астана ІІ топ Алматы
Тақтада топ аттары, тапсырмалары көрсетілген.
І тур Пазыл жинау (Сурет жинау)
1 тапсырма Бәйтеректің суреті.
2 тапсырма «Думан» ойын-сауық орталығының суреті.
Слайд Бәйтерек, Думан
ІІ тур. Полиглот (аудару)
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Немісше
Мысалы:
І топ ІІ топ
Астана 1. Алматы
Astana town 2. Almata town
ІІІ тур. Ассоциация «Астана»
а
Қорытындылау. Біздің сабағымыз өз мәресіне жетті. Ортаға жеңімпаз топ шақырылады.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!