Қазақ тілінен сабақ жоспары Сен қанша тіл білесің?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 9 «Б» Мерзімі: 14 желтоқсан

Сабақ тақырыбы: Сен қанша тіл білесің?

Сабақ мақсаты: Мәтіндер арқылы тіл үйрену, көп тіл білу жайлы ақпарат беруге төселдіру. Лексикалық тақырып аясында сөз тіркесін(еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесін) меңгерту, бекіту


Сабақ міндеттері: 1.Грамматика бойынша сөз тіркесін,еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесін түсінуге көмектесу

2.Түрлі грамматикалық тапсырмалар орындауға жағдай жасау

Күтілетін нәтиже: 1. Тілдік үлгілер арқылы өзі білетін тілдер жайлы айтады, ол жөнінде ақпарат бере алады.

2. Сөздікпен жұмыс жасап, еске сақтап, сөздік қорын молайтады

3.Сөз тіркестерінің сыңарларын дұрыс тауып, оларды қатыстырып, сөйлем құрастырады

4. Тұрақты тіркестердің мағыналарын тауып сөйлем құрастыра алады

5. Мақалдың қазақша аудармасын тауып жаза алады

Көрнекі, техникалық құралдар: Интер.тақта, бағалау парақшалары, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, А4, А3 парағы мен маркерлер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері.

Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2мин

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

1 мин

Топқа бөлу кезеңі

Мұғалім оқушыларды топпен жұмыс жасауға дайындайды

Оқушылар топпен жұмыс жасауға дайындалады

2 мин

Бағалау парағы

Мұғалім оқушыларға бағалау парағын таратады


Оқушылар бағалау парағын толтырады

5 мин

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды,түзетеді, бағалайды

Оқулықтағы 11-тапсырманы қалай орындағанын айтады


5 мин

I.Қызығушылықты ояту

Оқушыларға интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған

слайдтар көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды.(қосымша мәліметтерін айтып шығады)

Слайдты сипаттайды. (қосымша мәліметтерін айтады)

15 мин

II. Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады


2. Мәтіналды жұмыс.

Топтық жұмыс

1 топ.

1-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру

2 топ. 2-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағыналарын тауып, 2-3 сөйлемқұрастыру

3 топ. 3-тапсырма. Мақалдың қазақша аудармасын тауып жазу


3. Жазылым.

9-тапсырма.

А) Жазылым. Мәліметтерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыру


.


Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, мұғаліммен бірге оқиды

Айтылым. Жаңа сөздермен орфоэпиялық ауызша жаттығу жүргізеді.





Жазылым. Сөз тіркестерінің сы ңарларын дұрыс тауып, оларды қатыстырып, сөйлем құрастырады; тұрақты тіркестердің мағыналарын тауып сөйлем құрастырады, мақалдың қазақша аудармасын тауып жазады










Айтылым. Жазылым. Оқушылар топпен мәліметтерді пайдаланып, шағын мәтін құрастырады

5 мин

III. Бекіту

Оқулықтағы

5-тапсырманы орындату

Берілген сөйлемдерді сөз тіркестеріне талдайды

2 мин


IV.Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша ба- ғаланады.

1 мин

V.Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау, сөздік жаттау (85-бет)

Балалар күнделікке үй тапсырмасын жазып алады

2 мин

VI. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді