Конспект урока по казахскому языку на тему Мақал-мәтелдер (5 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қазақ тілі 5- сынып Тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«КӨПІР» тапсырмалары

өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары


1. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

Ж: Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері

2.Тұрақты тіркестер құрайтын сөздер қандай жүйемен айтылады?

Ж.Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді.

3. Төмендегі тұрақты тіркестердің синонимдерін айтыңдар: ит өлген жер, су жүрек , тас бауыр.

Ж: Алыс, қорқақ, мейірімсіз.

4. Тұрақты тіркестер сияқты әбден қалыптасқан. орныққан сөздердің тобын атаңдар.

Ж. Мақал-мәтелдер

Олай болса, балалар, бүгін біз «мақал-мәтелдермен » танысамыз.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:

«БІЛУ»

(тақырып мазмұны бойынша

кім? не? нені? қашан? қандай? қалай? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

1. Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

а. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

ә. Кең болсаң, кем болмайсың.

б. Мәтелдерде ой – пікір бейнелі, әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

в. Қызым, саған айтам , келінім , сен тыңда.

г. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы – сөйлемнің аяқталмай, толымсыз болып келуі.

ғ. Мақал – мәтелдер адамды жамандықтан сақтандырады, тәрбиелейді.

д. Қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(неге?

неліктен? себебі?

не үшін?) сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылды)

Себебін анықта:

1. Мақалда неліктен аз сөзбен көп мағына білдіріледі?

Ж: Себебі мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

2. Мәтелдерде ой-пікір қалай айтылады?

Ж: Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мысалы: Үй менікі демеңіз , үй артында кісі бар.

3. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?

Ж:Мақал-мәтелдер қайырымдылыққа ұйымшылдыққа,еңбекке, ерлікке баулиды.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,


2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.


Венн диаграммасы арқылы салыстыр


Тұрақты тіркестер \ Ұқсастығы Мақал-мәтелдер

[pic]


Тақырыптың басты идеясы неде? Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің ортақ қасиеті:олар-әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Аз сөзбен көп мағына білдіреді.Олардың ерекшеліктері:

Тұрақты тіркестердің синонимдік , антонимдік баламалары болады.

Жалғастыр:

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)




Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп,белгілі бір тұжырым жасайды.




Мәтелдердегі ой-пікір бейнесі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

[pic] [pic] [pic] [pic]


Туған жер туралы

[pic]


Еңбек туралы


Қыздың көзі қызылда


Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.

[pic] [pic]

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы:

«Қолдану»

(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын жаттығулар арқылы тапсырмалар орындалады)

Оқулықтағы. 124-жаттығуды орында

Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жаз.

Ж: Мақалдар:

Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.

Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

Мәтелдер:

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.

Кәрі түлкі қақпанға түспес.

Практикасы:

«Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

Сен қалай ойлайсың?

Өз сөздік қорыңда мақал-мәтелдерді қолданасың ба?

Ж: Мақал-мәтелдерді жиі қолданамын, себебі мақал-мәтел аз сөзбен көп мағына береді.

Ойыңды жалғастыр._________________________________________________________


2.Бала тәрбиесінде мақал-мәтелдердің алатын орны қандай?

Ж: Мақал-мәтел арқылы бала отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білімділікке және басқа жақсы қасиеттерге ұмтылады.

Ойыңды жалғастыр.________________________________________________________________

____

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.


І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«Білу»

(Тақырып мазмұны бойынша кім? не? қашан? қандай? қалай? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады. )

Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

а. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

ә. Кең болсаң, кем болмайсың.

б. Мәтелдерде ой – пікір бейнелі, әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

в. Қызым, саған айтам , келінім , сен тыңда.

г. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы – сөйлемнің аяқталмай, толымсыз болып келуі.

ғ. Мақал – мәтелдер адамды жамандықтан сақтандырады, тәрбиелейді.

д. Қандай мақал-мәтелдерді білесің?__________________________________________________________

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады.)


Отан,еңбек,білім туралы бес-бестен мақал-мәтел ойлап жаз.


Ж:Отанды сүю- отбасынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Ер дәулеті-еңбек.

Еңбексіз өмір-сөнген көмір.

Жаңбырмен жер көгегер-еңбекпен ер көгегер.

Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кеткен мал.

Білім-ырыстың тізгіні.

Білімнің басы-бейнет, соңы-зейнет.

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.

Ғылым-теңіз, білім-қайық.

Алтын алма, білім ал.


ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Себебін анықта:

1. Мақалда неліктен аз сөзбен көп мағына білдіріледі?

Ж: Себебі мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

2. Мәтелдерде ой-пікір қалай айтылады?

Ж: Себебі, мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мысалы: Үй менікі демеңіз , үй артында кісі бар.

3. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?

Ж:Мақал-мәтелдер қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа,еңбекке, ерлікке баулиды.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын

жаз деген тапсырмалар болуы керек.Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.)


2. Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз.

Екеуі де әбден қалыптасқан,орныққан сөздердің тобы.

Екеуі де аз сөзбен көп мағына білдіреді.

Ерекшелігі

Тұрақты тіркестердің синонимдік, антонимдік баламалары болады.


Мақал-мәтелдер ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.


3. Тақырыптың басты идеясы:

Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің ортақ қасиеті: олар-әбден қалыптасқан ,орныққан сөздердің тобы. Аз сөзбен көп мағына білдіреді.Олардың ерекшеліктері:

Тұрақты тіркестердің синонимдік , антонимдік баламалары болады. Мақал-мәтелдер ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

4. Дұрыс жауаптарын белгіле:

--------------- күні де ыстық, түні де ыстық.

а) үйдің; ә) туған жердің; б) халықтың ; в) туған елдің.


Біреу ------- секіреді, біреу тойып секіреді.

а) қорқып; ә) күліп; б) тоңып; в) қуанып.


Мына мақал-мәтелді аяқта. Тұз астың дәмін келтірсе,.................

Ж:Мақал сөздің сәнін келтіреді.




ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»


(Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)

1. Сөзжұмбақты шеш:

1. Мақал-мәтел адамды неден сақтандырады?

2. Мақал-мәтел қандай сөзбен көп мағына білдіреді?

3. Мақал-мәтелдер сияқты әбден қалыптасқан , орныққан сөздер тобын ата?

4. Мәтелде ой-пікір қалай беріледі?

5. Мәтелдер қандай мағынада түсініледі?


Практикасы

«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

2. Сен қалай ойлайсың?

Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы өз сөздік қорыңды толықтыра аласың ба?

Ж: Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы өз сөздік қорымды толықтыра аламын.

Ойыңды жалғастыр________________________________________________

2.Қазіргі кезде мақал-мәтелдердің бала тәрбиесінде алатын орны қандай?

Ж:Қазіргі кезде мақал-мәтелдердің бала тәрбиесінде алатын орны өте зор.

Ойыңды жалғастыр.________________________________________________________________