Урок Жолда жүру ережесі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән аты:

қазақ тілі

Сынып :

7-б

Өткізілген күні:

23.09.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Сыйлық берілетін қуаныштар.

Сабақтың мақсаты:

  • Сыйлық, сый тарту сөздерінің мәнін ұғындыру.

  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.

  • топпен бірлесе жұмыс жасау, пікірлерімен санасуды дағдыландыру. Оқушыларды сыйластыққа баулу.

Оқытудың нәтижесі:

Оқушылар сабақтан соң:

  • Сыйлық сөзін терең ұғынады.

  • Сыни ойлау дағдысы жетіледі.

  • Өз ойын еркін жеткізеді, дәлелдейді.

Дереккөздер:

плакаттар,стикерлер,маркерлер, түрлі -түсті қағаздар..

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру ( сұрақ- жауап, әңгімелесу, талдау,).


Сабықтың түрі

Жеке, топтық жұмыс.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Орындалатын тасырмалар.

Қолданылатын модульдер






1.Ұйымдастыру кезеңі.

3мин

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін


(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2. Өткен сабақты қайталау.

Топпен жұмыс


3 мин



7мин

Жедел сұрақтар қойылады.


Берілген тапсырманы орындайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету .Талантты және дарынды балаларды оқыту

3. Жаңа тақырыппен жұмыс

2 мин

Адамдар мерекелерде, мерейтойларда неге ие болуды жақсы көреді?


Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.




4.Жаңа тақырыпты меңгеру.

8 мин





Топпен жұмыс.

1.«Ситуациялық сұрақтармен жұмыс» . (қорғау)


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Тренинг Жүректен-жүрекке

3 мин

Жылы лебіз білдіру.

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


2мин




6 мин

2.Сахналық көрініс «Сыйлық».


3.Апасы кімнің сыйлығына риза болды? (топтық жұмыс)





Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Бекіту

5

Әр топ бір- сыйлық жасайды.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Қорытынды. Рефлексия


4

(Өз- өздерін бағалау).

Оқушылардың ойлары.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.







Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)

Мұғалімнің сөзі:

Ал, балалар, көңіл-күйлерін калай?(Оқушылардың жауатары)

Сабаққа аман-сау келгендеріңізге мен өте қуаныштымын



1.Топқа бөлу. түрлі гулдер арқылы. (1мин).

2.Топ ережесімен танысу.

  1. Бірін-бірі тыңдау

  2. Ойын ашық айту

  3. Сабаққа түгел қатысу

  4. Ұйымшыл болу

  5. Уақытқа бағыну


3.Өткен тақырыпты қайталау. (модуль «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық», Талантты және дарынды балаларды оқыту).

-Сабағымызды жедел- жауап тан бастаймыз.

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді.

2. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары. Мысал қелтіру.

3 Лепті сөйлемнің жасалу жолдары. Мысал келтіру.


Топпен жұмыс. Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ карточкада жазылған тапсырманы орындайды. Оқиды, талқылайды және жауап береді.(5 -6 мин)

1топ: Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру. (әр түрлі жасалу жолдары арқылы).

Мен әкем сияқты шебер бола аламын. Сенімді жолдастарымды шақырамын. Мектептің алдыңдағы терең өзектен өтеміз. Құс көп екен. Балалар орманға саяхатқа барады.

2 топ: Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыру.

Өзің әңгіме не өлең жазасың ба? Орманшымен әңгімелесе ме? Табиғат туралы кітап оқисың ба? Даланы, орманды аппақ қар басты ма?


3топ: Сөйлемдердің ішінен лепті сөйлемді теріп жазып, жасалу жолдарын түсіндіру.

Мынау-сіздің оқушыңыз ғой? Өлеңі не деген жақсы! Түу, мына нағыз әнші ғой! Қоңыр күз басталды. Бүгінгі тапсырманы орындағандарына рахмет! Ойпырым- ай, қалай жарасып тұр!


  1. Жаңа тақырыппен жұмыс. ( «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»)

Мұғалімнің сөзі:

Кез келген адамның өмірінде бақытты кездері аз болмайды.Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, дәрежеге жету, марапат алу, тағы басқа. Мұндай кездерде адамдар өздерінің қуаныштарын жақын туыстарымен жолдастарымен, көршілермен бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар әрине бос келмейді. Менің сұрағым олар өздерімен не әкеледі?



- Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Сыйлық берілетін қуаныштар».

1-ші топ. Сыйлықты қай кезде беруге болады?

2-ші топ. Сыйлықтарды қалай беру керек?

3-ші топ. Сыйлықты қалай қабылдар едіңдер?


(Оқушылардың жауаптары). ( 6 мин).


4. Сергіту сәті.

Жүректен жүрекке жылы лебіз білдіру.


Қазір біз сіздермен бір көрініс тамашалаймыз:

Сәуле мен Сәлім сегізінші наурызға апасына не сыйлайтынын кенесті.

Сәлім:

-Сәуле, сен апама не сыйлайсың?

-Әкем дүкеннен иіс май әкеп беремін деді, соны сыйлаймын. Апам иіс майды жақсы көреді.

Сәуле:

-Ол сенің сыйлығың болмайды ғой. Әкемнің сыйлығы болады.Сен ақша таппайсың.

-Сен не сыйлайсың?

Сәлім:

Мен не де болса еңбек етіп, колымнан келгенің сыйлаймын.

Екі бала да сегізінші наурызға апасына сыйлық дайындады. Сәлім қағазға сурет салды. Оған «Апа, сізді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!» деген сөзді журналдан қиып алып, әдемілеп жапсырды.

Сәуле әкесіне иіс май алғызды. «Менің сыйлығым жақсы. апам риза болады. Сәлімдікі не нәрсе сондай сыйлық бола ма? Оны апам алмайды» деп ойлады.

мереке күні Сәуле мен Сәлім апасын құттықтап , сыйлықтарын беріп жатыр.

Анасы Сәлімнің суретін қолына алып,қарап:

Сәлімжанның сыйлығы неткен жақсы! Өзің қандай суретшісің!-деп бетінен сүйді. Сәуле төмен қарап, ұялып қалды.

Топпен жұмыс: Кімнің сыйлығына анасы риза болды? Неге?


  1. Бекіту. (модуль «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық»)


Топтық жұмыс

Әр топ бір –біріне сыйлық жасайды.


6.Қорытынды.

Өз –өздерін берілген парақшаға бағалайды.


Рефлексия. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.