Сабақ жоспары Жаным толған жақсылық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Күні:

Сынып: 3«Ә»

Тақырып:  Жаным толған жақсылық

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық.

Сабақтың мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін

ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру;
- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға тәрбиелеу;
- іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.

Көрнекіліктер:  кітап, дәптер, э- оқулық бейнеметериял


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Сәлеметсіңдер ме оқушылар, мен сіздерді жақсы көремін! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.

Сабағымызды бастамас бұрын музыканың көмегімен ,көзімізді жұмып міна сөздерді іштей қайталаймыз.

-Мен адамдарға қызмет еткім келеді. 
-Мен әрдайым басқалардың жағдайын ойлаймын. 
-Мен басқалардың сұрауын күтпей жақсылық жасауға тырысамын.

Балалар, егер біздің ішкі тыныштығымыз дұрыс болса біз тек қана жақсылық жасаймыз.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жаным толған жақсылық» деп аталады.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасына «Жан Ана» әңгімесін үйден оқу және әңгіменің негізгі ойын сұрау.

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық,жанашырлық,мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек.Сонда ол жаман әдеттен жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.Қолыңнан келгенінше жақсылық жасауға тырыс.

Дәйексөз.

Оқушыллар қармен дәйексөзді үш рет дауыстап оқып оны дәптерге жатқа жазады.

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!

Ыбырай Алтынсарин
- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
- Жақсылықтың өтеуін сұрау қажет пе?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?


Мұғалім:

  • Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға,тәбиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады.

Әңгімелеу.

Бейне материял пайдалану. « Жақсылық жан жадыратады»

Шығармашылық жұмыс.

  1. Суреттерге қарап, осындай жағдайда қандай жақсылық жасауға болатынын айтыңдар.


[pic] [pic] [pic]


1 2 3


  1. Жақсылықтың бастауы тармақтарына берілген сұрақтардың жауабын жазыңдар.

  1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүрсіңдер?

  2. Өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерді жазыңдар?

  3. Қандай жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек







 








Топпен ән айту. ( Э. Оқулықты пайдалану)




























Үй тапсырмасы. Жақсылық туралы мақал мәтел жаттап келу

Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақта не туралы айттық, өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге сақтап с көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!