Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік ұлттық киімдер туралы түсінік бере тырып, музыкамен байланыстыру.
Дамытушылық оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұлттық киімдерді құрметтеуге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге,елін, өнерін, отанын сүйетін патриоттық тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық киімдердің суреттері, домбыра, интерактивті тақта .
Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй.
Сабақтың барысы.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Таңшолпан бағдарламасына қош келіпсіздер!
Оператор: Исаев Владислав.
Тілшілер: Нечай Екатирина, Байрактар Анна.
Қонақтармен танысу.
-Жүргізуші. –Сәлеметсіз бе!
-Сіздің аты жөніңіз кім?
-Менің аты-жөнім Гарбар Никита.
-Сізбен сұхбаттасуға бола ма?
-Иә,болады.
-Сіздің мамандығыңыз қандай?
-Мен Арқа ажары газетінің тілшісімін. Биыл Арқа ажары газетіне 95 жыл. Мен газетке ұлттық киімдер туралы құнды материал жинап жүрмін.
-Рахмет.
-Жүргізуші:- Сәлеметсіз бе!
-Сіздің аты жөніңіз кім?
-Менің аты-жөнім Тимофеев Дмитрий.
-Мен жас әншімін.
-Сізге қандай әндер ұнайды?
-Маған қазақ әндері өте ұнайды.
-Рахмет.
Екі жүргізуші қонақтардың бәрін таныстырып шығады.
Тікелей эфир.
Тікелей эфир арқылы Лондон мектебінің оқушылары Қазақстанның әлемге әйгілі екенін айтып, Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасының Қазақстан спортшылары үшін табысты, жеңісті өткенін айтып алғыстарын білдіреді. Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституцияның дүние жүзіндег і беделін атап өтеді.
Әйгілі “Қара жорға” биінің Гиннес кітабына енгенін қуанышпен хабарлайды. Бұл биге флешмоб ұйымдастырған.
Қазақ халқының мәдениеті, қолөнері әсіресе ұлттық киімдері,сазды, әуенді музыкасы қызықтыратынын айтады.
Рахмет; Лондон
Қызығушылықты ояту интерактивті тақтадан ұлттық киімдер көрсетіледі. Сыртқы киімдер, ішкі киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер .
Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдердің түрлері болады.Ұлттық киімдерді тігу үлкен өнер. Сән салондарында жаңа үлгімен тігілген ұлттық киімдерді тамашалауға болады.
Исаев В. Шапан киіп жігіттер
Үлкен тойға барады
Шапан киіп жігіттер
Қара жорға билейді
Бас киімдер.
Такия,бөрік,сәукеле,жаулық,кимешек
Қазақ халқы бас киімге аса көңіл бөлген Қыз балаларға жеті жасынан бастап тақия кигізген. Бойжеткен қыздар бөрік киген .Қалыңдық келін болып барған жерінде бір жыл сәукелесін киіп жүрген.Нәрестелі болған келіншік жаулық таққан. Немерелі болған әжелер кимешек киіп жүрген.
Бес жолды өлең құрастыру.
Сәукеле
қымбат биік
тігеді киеді бағалайды
Сәукелені қалыңдық тойға киеді.
Бас киім
Шапан
Ұзын Сәнді
Сыйға тартады жамылады сақтайды
Шапанды ер адамдар киеді
Тон
Оқушылардың мұражайда түсірген видеофильімін тамашалау.Фильмді тамашалау барысында оқушылар Білемін Білдім Білгім келеді кестесін толтырып отырады.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар.
Бұл адам кім ?
Оның үстінде не бар?
Қасындағы адамдарға не айтты?
Бұл фильм Ұлы хан Абылай хан туралы.Абылай ханның Ақордасында Ресейден келген елшілерді қошеметтеп қарсы алу сәті.Қонаққа көретілген құрмет оны шапан жауып қарсы алғаны.Абылай ханның сөзі тарих бізді дос қылды, жерімізбен көршіміз, қонақты құрметтеп шығарып салыңдар.
Абылай ханның бас киімі мұрақ..Мұрақ қымбат матадан тігіліп, алтын, күміспен әшекейленген. Мұрақтың екі жағы биік болған. Мұрақтың бір жағы байлықты, бір жағы билікті білдіреді екен. Абылай ханның 300 жылдық мерей тойы республика көлемінде аталып өтіледі. Абылай хан алғаш қазақ мемлекетін құрастырушы болса, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Шапан қазақ халқының қадірлеп киетін сыртқы киімінің бірі. Дәрежелі, беделді адамның қолынан сый алу үлкен құрмет. Шапанды сыйлы қонақтарға, шет елден келген елшілерге сыйға тартады.
Ұлы Абылай бабамыз
Елін, жерін қорғады
Ұлы Абылай данамыз
Үш жүздің басын құрады
Бірлік болсын елімізде
Байлық болсын жерімізде
Бақыт қонсын төрімізге
Береке ортақ бәрімізге
Интерактивті тақтадан Нұрсұлтан Назарбаевтың шет елден келген қонақтардың иығына шапан жауып тұрған сәттерінің фото суретін көрсету.
Аникин Аркади Абылай хан бабамыз
Жерімізді қорғады
Абылай хан бабамыз
Бостандықты қолдады.
Ұлттық киімдердің ерекшелігі неде?
Әрине ұлттық ою -өрнектерде. Қазақтардың ұлттық ою-өрнектерінің ішінде қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, бота мойын,түйе табан ұлттық киімдерде ғажап өрнектелген.
Сергіту сәті Қара жорға биін интерактивті тақтадан тамашалап, билеу.
Би арқылы ою элементтерін көрсету.
Ұлттық киімдерді қайда киеміз?
Тойға,мейрамға,мерекелерде киеміз. 2012 жылы біздің елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтеді ,күнтізбеден жаңа мейрам орын алады.29 қыркүйек Мәдениет қайраткерлерінің күні болып тойланады.
Жүргізуші Ендеше мейрамды әнмен бастайық.Бүгін біздің бағдарламамыздың қонағы Ақмола жұлдыздары сайысының Лауреат дипломаты Зинько Данил.
Жүргізуші
-Данил мырза қазақ әндерін қашаннан бері орындап жүрсіз?
-Мен алғаш рет Мұқағали Мақатаев әндерін орындадым. Аудандық сайысқа барып, жүлделі орынға ие болдым. Маған қазақ әндері өте ұнайды.Қазақ әндерінің мазмұны терең,Зинько Данилдың орындауында Қадыр Мырзалиевтің
«Қазақ осы» әні
Жүргізуші Қазір хормен ән айту кәсіби өнер ретінде қазақ халқының музыкалық мәдениетінде ерекше орын алады.
Оқушылар хормен «Туған жер» әнін орындайды.
Тікелей эфир.
Лондон мектебінің оқушылары алғыстарын білдіріп,тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. Қазақтың киелі қара домбырасының Лондонда Гиннес кітабына енгізілгенін хабарлады.