Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - мейірімділік, кайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- камқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, жүрекшелер, үнтаспа, сандық, стикер
Сабақ барысы:
«Сыйлық» тренингі
Мақсаты: Балалардың бір-біріне эмоционалды сезімдерін білдіруі.
Жүру барысы: Балалар шеңбердің бойына тұрып, бір-біріне эмоциямен және ым-ишара арқылы сыйлықтар береді.
Топқа бөлу: «Мейірім», «қамқоршы», «жанашыр»
Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме? Балалардың пікірін тыңдау.
Тақтаға қарайық. Тақтада берілген суреттерге қарап, тақырыпты табу.
Олай болса балалар бүгінгі біздің ойын сабағымыздың тақырыбы «Жүрек жылуы»деп аталады.
Ережелер:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдіру;
- Ашық, көңілді болу;
- белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу.
«Менің қасиетім» жаттығу
Мен сіздерге өзіңізді мақтауды ұсынымын. Қазіргі кезде біреудің мақтағаны өте қажет, бірақ ол өте жиі болады. Қазір сіздерде өзіңізді мақтау мүмкіндігі бар. Сонымен мына сөйлемді аяқтаңыз: «Мен өзімді осы ........... қасиетім үшін мақтаймын» деп сөйлемді аяқтайды.
Талдау: өз-өзіңізді мақтау қиын болды ма?
Осы сәтте қандай сезімде болдыңыз?
Дәйексөз
“Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан”.
Тапсырма
Оқушылар өздерінің мақтан тұтатын адамдары туралы әңгімелеу.
Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін де жақсы көретін адамдардың
оларды бар екенін ұғындырады.
Біздің ең жақын адамымыз ол біздің ата-аналарымыз. Олар қиналған сәттерімізде жанымыздан табылып, бізге аналық мейірімі мен әкелік қамқорлығын танытады. Әке – асқар тау, ана – аққан бұлақ деп бекер айтылмаған. Ендеше, әкелерімізге арнап Қ.Нұртастың «Әкелер» әнін орындайық.
«Біз мейірімді алыппыз» ойыны
Бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан хан тасушыны кездестірсек өтіп кете береміз.
Мен аулаға ролик тебуге шықтым, ал досымның ролигі жоқ. Мен жалғыз өзім ролик теуіп жүре беремін.
Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті.
Ойын қортындалып, оқушыларға «Біз мейірімді алыппыз» дипломы беріледі.
«Жан жүрек сыры» жаттығуы
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.
Талдау: балалардың пікірлерімен бөлісу.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
-Менің қайрымды жүрегіме рақмет!
-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!
-Менің жылы жүрегіме рақмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!
-Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!