Сабақтың тақырыбы: Медеу мұз айдыны. Омоним, Синоним, Антоним сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушының білімдерін тексеру, сөйлету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту
2) Оқушының ой- өрісін,ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
3)Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, оқу, аудару, түсіндіру
Көрнекілік: слайд арқылы суреттер, сөзжұмбақ, карточкалар
Сабақтың барысы:
IҰйымдастыру кезеңі.
IIҮй тапсырмасын тексеру.
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Омоним дегеніміз не?
2- тапсырма (жазбаша орындау)
Енді балалар біздер «Кім тапқыр» ойынын ойнаймыз. Ол үшін сөзжұмбақ шешеміз.
Айтылуы мен жазылуы бірдей мағынасы басқа сөздер.
Бірінші қыстың айы?
Аптаның бірінші күні.
«Мейрам» сөзінің синонимі.
Қыста ауа-райы қандай?
Қандай сөз шықты?
III Жаңа сабақ
Ендеше бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы «Медеу» мұз айдыны деп аталады.
(Слайд. Медеу мұз айдынының көрсету.)
Кіріспе сөз
Медеу мұз айдыны Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Жасанды мұз айдыны дүниежүзіндегі ең ірі спорт кешені. Ол 1972 ж. тұрғызылды. Медеу - Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Онда қысқы Азия ойындары, басқа да қысқы спорттық ойындар өткізіледі.
(Слайд). (Мәтінмен жұмыс).
Медеу мұз айдыны. (Мәтінді оқып, аудару)
IV Сөздікпен жұмыс. Слайд. (Сөз тіркестерін құрастыру).
Дүние жүзі – мир, вселенная
Зулайды – мчатся
Кешен – комплекс
Шаңырақ көтерді – открылся
Сүйікті орын – любимое место
Жасанды – искусственный.
V Тапсырма парақшалары
Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр.I топ
Мәтінге диалог құрастыр.II топ
Мәтіннің ішінен сөздерге антоним және синоним болатын сөздерді тауып жаз және фонетикалық талдау жаса.
I - топ II - топ
Антоним 2) синоним
Кіші – көрікті -
Биік – дүниежүзілік –
Сыртында – әйгілі –
(Слайд).
5.Адасқан сөздерден сөйлем құра.
1) Мұз айдыны, «Медеу» орындарының, ең қаланың бірі, көрікті.
(Медеу мұз айдыны қаланың ең көрікті орындарының бірі).
арналған 12 мыңнан астам, трибуналары, көрерменге.
(12 мыңнан астам трибуналары көрерменге арналған).
Шаңырақ, 1972 жылы спорт, кешені, «Медеу» көтерді.
(«Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді).
«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны арқылы мақалдардың ішінен антонимдерді табу. (Слайд)
1. Аз сөз алтын, көп сөз күміс.
2. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла.
4. Көз қорқақ – қол батыр.
5. Жаман достан, жақсы дұшпан артық.
VI Бекіту.
Тақырыпқа байланысты тест.
VII Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда екі топта белсене қатыстыңдар.
Бағалау.
VIII Үйге тапсырма беру. «Медеу» мұз айдыны туралы эссе жазу.