Мәтінмен жұмыс Қазақстан - Еуразия құрылығындағы көп ұлтты, егеменді мемлекет.Археологтардың айтуы бойынша. Казақстан жерін алғашқы адамдар бұдан үш жүз мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда жүз отыз ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара, солтүстігінде Ресеймен алты мың шақырымнан артық. Оңтүстігінде - Түрікменстан, Өзбекстан және Кырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі соншалық - оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстікте жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады. Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы бұл аймақтың байлығы. Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады. Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар. Қазір Қазақстан - ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды
1.Мәтінді түсініп оқыңдар, мазмұнын анықтаңдар. 2.Мәтін бойынша сұрақ- жауап құрастырыңдар. 3.Тіл туралы мақал- мәтелдер айтыңдар. 4.Мәтіннен етістіктерді тауып қай шақта тұрғанын анықтаңдар. 5.Мәтіннен болымсыз етістіктерді табыңдар. Кім? Не? Қайда? Қашан? 1.Әбілхан Қастеев кім? 2.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? 3.Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім? 4.Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымын атаңыз. 5. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған? 6. Шабғар деп Қазақстанда қай қаланы атаған? 7. «Екінші Мекке» деп атанған қаланы атаңыз. 8. „Сарыарқа" деп аталатын аймақты атаңыз. 9. Қазақтың тұңғыш кинорежиссерін кім. 10. Қазақмузыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз. 11. Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалым кім? 12. «Геральдика» сөзінің мағынасын табыңыз. 13. Ұлы жүздің «Төбе биін» анықтаңыз. 14. Астана қаласынан 140 шақырым жердегі қорық қалай аталады? 15. «Қазақ» газетінің бас редакторын атаңыз. 16. Домбыра аспаптың қандай түріне жатады? 17. Буын үндестігіне бағынбайтын ұлттық ойын атауы. 18. «АЗиЯ» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткерін белгілеңіз. 19. Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысында кім болған? 20.Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырған кім? 21. Е.Г.Брусиловскийдің жазған операсын қандай? 22. Шоқан Уәлихановтың шын атын қандай? 23. Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алған кім ? 24.Қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері кімдер? 25.Мұқан Төлебаев кім ? 26. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр кім? 27. Б.Момышұлы кім ? 28.Мемлекеттік тудың авторы кім? 29. Ұлттық валютамыз қай жылы айналымға енгізілген? 30. Тудағы қыран ненің белгісі екенін белгілеңіз.
Қорытындылау «Ыстық орындық» әдісі
|